Аминқышқылдар Белоктар/Нәруыздар/
1.Білімдік мақсаты: Аминқышқылдары, белоктар, оның құрамы, құрылысы, қасиеттері,атқаратын қызметтері туралы түсінік беру, ұғындыру,білім-білік дағдыларын қалыптастыру, заттарды анықтауға және қасиеттерін сипаттай білуге үйрету.
2.Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың дүние-танымдық деңгейін кеңейту,ой-қорытуға тәрбиелеу,пәнген,табиғатқа қызығушылығын ояту.
3.Дамытушылық:Оқушылардың танымдық ой-өрісін, іс-әрекетін,ізденісін,
ойлау,салыстыру белсенділігін, қабілетін дамыту, тереңдету пән аралық
байланысты дамыту.
Сабақ типі:Жаңа сабақты меңгеру.
Әдістері:баяндау,әңгімелеу сұрақ-жауап,дәріс проблемалық оқыту,тірек-
сызба,салыстыру,оқулықпен жұмыс,тесттік әдіс,қосымша тапсырмалар
орындау.Көрнекіліктер мен оқыту құралдарын пайдалану.
Көрнекілігі:суреттер,сызба-кестелер,демонстрациялау,қосымша газет-журнал
материалдар,цитаталар.
Сабақтың девизі: « Өмір дегенімз-нәруызды,белокты денелердің өмір сүру формасы» Ф.Энгельс.
«Тіршіліктің тірегі-ақуыздар»
Жоспар:1.Ұйымдасттыру/1-2мин/
2.Өткенге шолу,жаңа білімді қабылдауға даярлау.
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
4.Жаңа білімді тиянақтау.
5.Қорытынды./Бағалау/.
6.Үйге тапсырма.
І.Ой шақыру.Біз қандай химияны оқып жатырмыз? /Орг.химия/. Бұл ғылым жайлы 1835жылы Влер.И.Берцелиуске жазған хатында не дейді? Еске түсіріп көрйік!Орг.химия. Осы кезде кімдіде болса, есінен тандыра алатын,ал ішінен кіруге дауаламайтын,ал қайта шығуы оданда қиын,таңғажайыпқа толы ұшы-қиыры жоқ ну орманға ұқсайды.Химия-тұнып тұрған-тіршілік,ну орман. Енді бір сәт осы тіршілікке соның ішінде өз ағзамызға,негізгі көздері,қоректік заттар қор,кенеулі заттарға тереңірек үңіліп көрейік! Олар-қандай заттар?/орг. зат-р/.
Органикалық заттар нуклеин
қышқылдары
Көмірсулар нәруыздар майлар
Біз қандай түріне тоқталып өттік? /көмірсулар/аздап еске түсірейік/
ІІ.Үй тапсырмасына, өткенге шолу. /тірек сызбамен жұмыс/
№1.Көмірсулар түрлері.
№2.Глюкоза.
№3.Син квиен әдісімен қорыту.
№4.Негізгі азық-түліктің көмірсулық құрамы.
ІІІ.Жаңа материал.Көмірсулар сияқты негізгі азық-түліктің,тіршіліктің негізгі қоры,кенеулі органикалық заттардың бірі-нәруыздар,оларды құрайшы аминқышқылдары.
Бұл заттар туралы ұлы ойшылдардың бірі Ф.Энгельс «Тіршілік дегеніміз белокты денелердің өмір сүру әдісі» деп айтқан. Олай болс,тіршіліктің тірегі-негізгі органикалық заттар-Олар:
«Аминқышқылдары.Белоктар» /сабақтың тақырыбы/
Нені білу керек?
Аминқышқылдары,белок,құрамы,құрылысын,ерекшелігі,қасиеті,қызметі.
Нені игеру керек?
Заттарды анықтай білуді,қас-н сипат-н реакця теңдеулерін жаза білуді,тіршілік тірегі екендігін.
Демонстрациялау./тауық жұмыртқасын көрсету/
Пән аралық байланыс./биологиядан тауық жұмыртқасының құрылысын түсіндіру.Жалпы органикалық қосылыстар әрбір тірі ағза клеткасының орта есесппен 20-30пайыз құраса,нәруыз клетка массасының 10-18пайызға дейінгі бөлігін құрайды.
Органикалық қосылыстың ішіндегі ең күрделісі-осы белоктар.Осы белоктардың қандай ерекшелігі бар:/басқа қосылыстардан/
/Осы кезде оқушыларға семантикалық карта ұсынылады.-нұсқасы таратылып беріледі.
Сематтикалық карта. Ерекшеліктері.
Белок аминқышқылдары
|
Ерекшеліктері
|
|
1.
|
|
2.
|
|
3.
|
|
4.
|
Демек ол қандай ерекшеліктер /тақтада сызылған сызбаны түсіндіру/
46000 спирт альбумин 36000
60000 сірке қышқылы Mr гемоглобин 152000
78 бензол миозин 500000
Не байқадық?/Алдыңғы зат-н салыстырғанда белок молекуласының массасы үлкен алып екендігін айтады.
Тірек сөздер:макромолекула деген сөзді оқушылар картаға түсіріп қояды.
Мұғалім сөзі:белок молекуласын құруға мыңдаған атомдардан тұратын қысқа тізбек-мономер қатысады.Егер мономерді А-А-А-А-А әріптерімен белгілесек,белок малекуласы үлкен малекулалық қосылыс-полимер деп аталады.
Белок-полимер
мономер-?
/белгілі бір кіші молекулалық зат болуы керек/.
Енді соны анықтайық
Мұғалімнің сөзі:Енді ақуыздың құрамын зерттеумен айналысты.
/100жылдай/.Оның құрамын анықтау үшін ақуызды күшті қышқылмен араластыра отыра қыздырса,оның кішкене бөлшектерге ыдырайтынын анықтады. Мұқият зерттегенде оның құрамында белгілі бір топтар болатындығы анықталды. Яғни осы кішкене заттар – «Аминқышқылдары»
NH2, COOH
Аминқышқылдары R функ. топ R-CH-COOH
200-н астам, 20-сы нәруыз NH2
/Табиғи белоктың құрамына кіретін 20-аминқышқылының кестесі/ /оқулықтан көрсету/
Мұғалімнің сөзі:Балалар,ғалымдар осы 20 аминқышқылын ашуға 130 жылдай уақыт жұмсаған екен.
V.Қосымша тапсырманы пайдалану. /оқушылар аминқышқылының ашылуы жайлы қысқа деректер береді/.
VІ.Осы аминқышқылдары қандай заттар екен? Физикалық қасиетін айту. /дәмді тәтті суда Е кристал заттар/. /дәптерге жазу/.
VІІ.Өте жақсы: Балалар, қалай ойлайсыңдар? Табиғи ақуыздың құрамына неліктен тек 20 аминқыш-ы кіреді? /проблемалық сетуация/ /осы кезде формулалары жазылған кестені түсіндіреді тағы бір ерекшелік, 20аминқышқылдары- -аминқышқылдары.
VІІІ.Енді қандай мәселе қалды:Құрамын анықтап алдық:енді құрамы яғни осы аминқышқылдары бір-бірімен қалай бай-ды,белок молекуласын қалай түзеді?
/Неміс ғалымы Э.Фишер ашқан жаңалықты түсіндіру/,
/дәптерге жазу, тақтамен жұмыс/.
Мынадай тәртіппен байланысады, мысал келтіру:
O H O H
CH3-CH-C + H-N-CH2-COOH CH3-CH-C-H-COOH
NH2 OH NH2
Глицин аланин
яғни өзара COOH, NH2 топтары әрекеттеседі, H2O мол-ы бөлінеді,бос валенттілік есебінен қышқыл қалдықтары қосылады, O H
C N арасында пептидті байланыс түзіледі.
ІX.2аминқышқылы-дипептид, 3-трипептид, бірнешеуі қосылса полипептид. Аминқышқылы қандай қасиет көрсетеді. /екідайлы/
X.Белок өте күрделі қосылыстар сондықтан олардың өзіндік құылым деңейі бар. /суретпен түсіндіру және оқулықпен жұмыс/.
XІ.Белокты басқа заттан қалай ажыратуға болады. /оқулықтан табу/.
XІІ.Нәруыз қандай қызметтер атқарады. /оқушылардың жеке жұмыстарын пайдалану, биологиямен байланыс/.
Белок алуан түрлі қызмет атқарады, сендер білесіңдерме? Естеріңде сақта! /қосымша дерек оқушыларға таратылады/
XІІІ.Бекіту. Тестік сұрақтар беру.
1.Аминқышқылдарының құрамына кіретін функционалдық топтар:
А.-NO2 ,–COOH;
Ә.-CH ,–COOH;
Б.-NH2, –COOH;
В.-NH2 , -COOH;
Г.-CHO,-NO2,
2.Абайсызда теріге азот қышқылын тамызып алсақ, сол жер сарғайып қалатыны неліктен?
А.Азот қышқылы күшті тотықтырғыш болғандықтан;
Ә. Азот қышқылы теріні күйдіретіндіктен;
Б. Белоктың құрамындағы тирозин және фенилаланин қышқылдарының бензол сақинасы бойынша нитрлеу реакциясы жүретіндіктен.
В. Сол қышқылдардың қалдықтары бойынша нитрлеу реакциясы жүргендіктен.
Г. Азот қышқылының әсерінен терінің көп мөлшерде дегидратациялануынан.
3.Белоктың денатурациясы дегеніміз не?
А.Физикалық және химиялық әсерлердің салдарынан белок молекуласының табиғи қасиетін жоғалту.
Ә.Белоктың іріп қайта ерімейтін тұнбаға түсуі?
Б. Белоктың еріткіш әсерінен ісінуі, кептіргенде қалпына келеді.
В. Белок ұйып қалады да,қайта бастапқы қалпына келе алмайды.
Г.Белоктың шіруі.
4.Белоктың біріншілік құрылысын тұрақтандыратын байланыс:
А.Сутектік.
Ә. Иондық.
Б.Пепидтік.
В.Дисулфидтік.
Г.Донырлы акцепторлы.
5. Белоктың кеңістікте оралып немесе бүктеліп орналасуын тұрақтандыратын қандай байланыс?
А. Пептидтік.
Ә.Сутектік.
Б. Иондық.
В. Дисульфидтік.
Г.Донорлы-акцепторлы.
6.Аминқышқылдары неліктен өзара әрекеттесіп пептидтер түзе алады?
А.Қышқылдар болғандықтан.
Ә. Негіздер болғандықтан.
Б. Органикалық амфотерлі қосылыстар болғандықтан.
В. Биполярлы ион күйінде жүретіндіктен .
Г.Суда жақсы еритіндіктен.
7.Қандай белок ең құнарлы болады?
А. Жануар тектес.
Ә. Өсімдік тектес.
Б.Микроорганизмдердің.
В. Жасанды белоктар.
Г. Табиғи белоктар.
XІУ.Үйге тапсырма. Белоктың қызметіне байланысты модельдеу.
Сабақты аяқтау, бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |