Ақмола облысы
Бұланды ауданы
«Елтай орта мектебі» КММ
1-желтоқсан Бүкілдүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылған кеш
Тақырыбы:
«ЖИТС- ғасыр індеті»
Биология пәні мұғалімі Худабай Ахбота
Мектеп мед.бикесі Шакирова А.Б
2017ж.
Дильназ: Армысыздар, Ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі «ЖИТС- ғасыр індеті» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Айшырақ: 1-ші- Желтоқсан дүние жүзі бойынша ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Бүгінгі таңда ЖИТС ауруы дүниежүзілік ауқымды, күрделі проблемаға айналып отыр.
Дильназ:Адамзатты алаңдатқан кесапат Қазақстанда да жылдан-жылға өршіп, үлкен қауіп туғызуда… ЖИТС кесапаты туралы ақпаратты мына видеороликтен көре аласыздар.Экранға назар аударайық.
Айшырақ: ЖИТС ауруының «XXI – ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес. Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша, жаңа ауру адамның иммундық жүйесіне зақым тигізіп,қорғаныс қабілетінің әлсіреуіне соқтырады. Жалпы СПИД сөзі қазақша айтқанда ЖИТС -жұқпалы иммундық тапшылық белгісі. Ал АИТВ сөзі адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы деген сөзді білдіреді.
ЖИТС ауруының прафилактикасы туралы айтып беру үшін мектеп мед бикесін шақырамыз.
Монолог: Нұртуған, Жәнібек
Ән:11-сынып
Айшырақ: Бүгінде дүниежүзінде ЖИТС жұқтырғандардың саны 75 млн-нан астам. Қазір жер шарындағы барлық мемлекетте осы қатерлі ауру тіркеліп отыр. ЖИТС жұқтырғандардың саны күннен- күнге арта түсуде және жақын арада бұл індеттің тамырына балта шабылмайтыны анық.
ЖИТСтің биологиялық мәні туралы түсіндіріп беру үшін биология пәнінің мұғалімін ортаға шақырайық.
Дильназ: Денсаулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің амандығы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты.
Айшырақ: Денсаулық- ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады.
(көрініс)
Дильназ: Есірткі қабылдайтын адамдар санының көбеюі, жұқпалы қорғаныш тапшылық белгісінің таралуына бірден-бір себепкер. Ендеше есіртікі туралы мына бейнероликтен көре аласыздар.
Есірткі туралы видеоролик
Айшырақ: Темекі — әр түрлі ауруларды туғызатын, адамның еңбекке қабілетін кемітетін, адамзат тұқымын аздыратын, адамды ішетін кеміріп жейтін жегі құрт. Темекінің адам ДЕНСАУЛЫҒЫ үшін зардабы көп.
Айшырақ дұрыс айтасың, темекі жөнінде мен де білетінімді айта кетейін...
Дильназ: Алкоголь – адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Ол адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
Ия Алкоголь....(ГАУХАР)
Айшырақ: Мемлекетіміздің күш қуатының артып, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы үшін, оған дені сау, білімді,мәдениетті ұрпақ керек.
Ал сол ұрпақтарымыз бүгінгі кездегі денсаулығы,салауатты шараларды үздіксіз ұстануды қажет етеді.
Дильназ: Салауатты өмір салтын ұстау-өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екенін мойындап,өздігімізден білім алу арқылы, санамызды соған бағыттап отыруымыз қажет.
Ән:11-сынып
Айшырақ: Денсаулықты сақта,түзу өсесің,
Күнәдан пәк,жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой,дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етердің?
Жаман әдет көп шектірер көп қасірет
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің -деп, осымен
«ЖИТС ғасыр індеті» атты кешімізді аяқтаймыз.
Бірге: келесі кездескенше сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |