Ақмола облысы Егіндікөл ауданы



бет2/8
Дата18.02.2018
өлшемі1,46 Mb.
#37965
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2 Туыс Бақбақ (Taraxacum).

Қосжарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын күрделігүлділердің жер жүзінде И. Смолла (1919) деректері бойынша 25 мыңға жуық түрі бар [4,449 бет], оның 700 – дей түрі Қазақстанда өседі [3,135 бет]. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер өздерінің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Осы тұқымдасқа жататын көп туысы полиморфизммен ерекшеленеді, яғни олардың құрылысы сан алуан. Жер бетінде Туыс Бақбақ (Taraxacum) 700 жуық түрі бар, ал Қазақстанда бақбақтың 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін  эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: кәдімгі бақбақ (Taraxacum officinale) [1, 30 бет], оны көбінесе емдік қасиетін пайдаланады, өйткені тамыры инулин затына бай, ал көксағыз бақбағының (T. koksagnuz). тамырында 20 % каучук бар екені мәлім және бұл түрі Шығыс Тянь – Шань аймағында көп кездеседі, шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір- мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады. Кәдімгі бақбақ гүлінің гүл формуласы Т 0 К (5)А (5)Ж  (2) [2,92 бет] – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні»,«денсаулық эликсирі» деп атаған.  Көп жылдық көктем гүлі. Оны ел ішінде сарғалдақ, тозғанақ деп те атайды. Республикамыздың барлық өңіріне дерлік таралған. Ол бұлақ бойларында, көл жағасында, ылғалды жерлерде қар кетіп, жер дегдісімен бүршік ашып гүлдей бастайтын дәрілік өсімдік. Гүл сабағын, жапырақтарын сындырсаң сүт тамшылары шып-шып шығады, жапырақтары түп жағында топтасып орналасады. Жапырақ жиегінде қауырсын айрықтары болады. Гүлі сары күнбағыстың кішкентай түріне ұқсайды. Сабағында жұмсақ ақ түкшелері болады. Шатырша гүлділер тұқымдасына жатады [ 5 ].


Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Грецияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған. Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді екен. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар « писанли » ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латынша « taraxic » ― көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. « tarassein » ― тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, ашқылтым дәмі қайнатқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын, асқорытуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын, іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады. Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады. Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.

1.3 Бақбақ гүлінің тарихы

Есте жоқ ерте замандарда төрткүл дүниенің бір бұрышында кішкентай ғана бір ауыл болыпты. Өзен жағасында орналасқан осы ауылдың шетінде жалғыз ғана үйшік болған деседі. Үйшіктің иесі – сүп-сүйкімді қыз еді. Қыздың негізгі кәсібі – ешкі бағып, соның сүтін сату. Бұрымды қыз күн сайын таңертең тұра салып, жасыл түсті көйлегі мен сары түсті орамалын байлап, тілек білдірген тұрғындардың ыдыстарына сүт құюдан шаршаған емес. Тап бір мейірімді перизат секілді. Көңілді, жүзі жарқын, ешкімнен де жылы сөзін аяған емес. Тек қана жақсы жаңалықтар айтып, ауырғанға ізгі тілектер арнап, ұрысқандарды татуластырып жүреді екен. Бұқара халық та оны қатты жақсы көріп, жақсы жар кездесуін Тәңірден тілейтін. Тіпті ең қараңғы, ең көңілсіз күндерде оны сәуле шашар күн, шуақ себер көктем сияқты асыға күтетіндердің санында шек болмаған. Тұрғындар қызға «Бақташы-сүт сатушы» деген ат тағады. Бұл сөздің жылы әрі шын жүректен айтылатындығы соншалықты, әлемдегі ең сұлу сөз осы болып көрінетін.

Айлар мен жылдар өтіп, қыз да бойжетеді. Ауылдың күллі жігіті қызға сезім білдіріп жүрсе де, жаратылысы тым өзгеше сүт сатушы өзгеге емес, Бозторғайға ғашық болып қалады. Бозторғайдың әуезді әні қыздың жан-дүниесін дүр сілкіндіріп, тебірентетін. Оған әлемнің бәрі Бозторғай болып ән салып тұрғандай көрінетін. Күні соны аңдумен, түні түсінде көрумен өтеді... Оның бұл тылсым махаббаты ауыздан-ауызға тарап, әдемі аңызға айнала түседі.

Алайда, мұндай тәтті күндер өз мәресіне тым ерте жетті. Оның себепкері – қыздың өзі еді. Ол Бозторғай әндерінің мағынасын білгісі келеді де, Бозторғайды ұстап алып, жібермей қояды. Әндерінің сырын айтуды сұрап, жалынады. Бостандық сүйгіш құс қыздың бұл әрекетіне қатты ренжіп, ұшып кетеді. Қыз осы әрекетінің кесірінен Бозторғайдың өзіне деген махаббатынан біржола айырылып қалғанын түсінеді.

Жүзін мұң шалған бойжеткен басындағы орамалын жұлып алып, сілкіп қалғанда, одан алтын түсті тиындар түседі. Сол сәтте қатты дауыл басталып, алтын тиындарды жан-жаққа ұшырып әкетеді. Ал сол тиындар түскен жерлерге қыз секілді жасыл көйлек киіп, сары орамал байлаған әдемі гүлдер шыға бастапты. Бұл – біз білетін бақ-бақ гүлі еді. Ал баяғы Бозторғай сол гүлдердің айналасында өзінің сөзі жоқ әдемі әндерін шырқауды жалғастыра береді.
1.4 Бақбақ туралы қызықты деректер

• Кейбір елдерде бақбақтан тосап, шарап, шипалы сусын жасап шығарады. Енді бір елдер осы гүлді отбасы мүшелерін сәтсіздіктерден сақтап, денсаулық әкелетін қасиетті өсімдік ретінде құрметтейді. Сонымен қатар, бақбақты ақшаның нышаны санайтындар да жоқ емес.

• Көптеген халықтар бақбақты «күннің егізі» деп атайды. Кейде оны «күн мен айдың балалары» деп атап та жатады. Күннің егізі аталу себебі: гүл күн шығыстан көтерілгенде, бетін сол бағытқа алады, тас төбеге келгенде, басын тік көтереді, ал батысқа батқанда, сол жаққа мойнын бұрады, күн ұясына батқанда, ол да жабылып қалады. Келбеті де, түсі де тап бір күн сияқты...

• Аймен қандай байланысы бар дейсіз бе? Ежелгі аңыздар бұл туралы былай деп сыр шертеді: Бақбақтар о баста аспан гүлдері болған, ай оларға әрбір түн сайын жер бетіне жарық түсіріп тұратын шамның қызметін атқаруды тапсырады. Бірақ, гүлдер бұл бұйрықты орындаудан бас тартады. Ашуланған ай жел жіберіп, гүлдерді жерге үрлеп түсірген. Мұны сырттан бақылап отырған Күн-Әке оларға жұбату айтып: "Сендер жер бетінде де мен секілді жарқырап тұратын боласыңдар",- деп уәде беріп, сол уәдесінде тұрады.

• Бақбақтардың жаз келісімен үлпілдекке айналып кететіндігінің сыры да осында жатыр. Олар үлпілдеп ұшып, өздерінің ыстық ұялары - аспанға қайтады екен.

• Бақбақтың біз білетін сары түстісінен басқа да түрлері бар. Мәселен, Кавказ тауларында қарақошқыл түстісі болса, Тянь-Шянь тауларынан ақшыл көк, қызғылт түстілері кездеседі.



1.5 Өлкеміздің шипалы өсімдігі.

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден – ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын – ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бір сыпырасы белгілі болған.

Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460 – 377 б.д.д.) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып , біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен , тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

ХVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады. Олда өсімдіктің емдік қасиеті оның құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш салды. Осындай дәрілік өсімдіктің бірі – бақбақ. Бақбақтың шөбін, тамырын дәрі үшін жинайды. Бақбақ асқа тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысына көмектеседі. Созылмалы іш қатуға, көтеуге суын қайнатып, дәкемен тығындауға қолданылады. Бала емізіп жүрген ананың сүтін көбейтуге, теріге шыққан бөрткендерге, безеуге басқа шөптермен қосып дәрі жасалады. Ол қолқа демікпесінің қақырығын шығаруды тездететін дәрі ретінде қолданылады. Бақбақ кермек дәмді, суық райлы, уытсыз болады. Ол дененің ыстығын басып, ісікті қайтарады. Өтті айдауға көмектеседі.



1. Омырау безі қабынған кезде 31 г (кептірілген) 250 г суға бір қайнатып, бұқтырып ішеді. Шөбін жылыдай омырауға жаншып тартады.

2. Көздің мүйіз қабатының қабынуына шөбінен 10 г, ақ гүлден (астра) 10 г қосып, кайнатып, салқындаған кезде көзді жуады.

3. Бадамша бездің қабынуына бақбақтан 15 г, ошаған тұқымынан 3 г, борпылдақ саңырау құлақтан 3 г, қызылмия тамырынан 3 г бәрін қосып, суға қайнатып, бұқтырып ішеді.

4. Өкпенің іріңді ісігіне бақбақ 31 г, сарана 15 г, қас бояу тамыры 15 г, нәшпут бір дана қосып, суға қайнатып ішеді.

5. Өт қалтасының қабынуына бақбақ тамырынан 62 г, ақ жусаннан 31 г, мысық жалбыздан 15 г, лундан 15 г, бәрін қосып, қайнатып ішеді.

6. Бауырдан сарғаюға, өт қалтасына тас байлануға, еске сақтау қабілетінің нығаюына әсер етеді. Оның тамырын күзде, көктемде енді-енді қылтиып көріне бастаған кезде жинап, жуып кептіреді.

1.6 Химиялық құрамы.

Өсімдіктің тамыры мен жапырағының құрамында ашы гликозид – кристалды таракцин қышқылы болады. Бақбақтың негізгі емдік қасиеті де осыған байланысты. Сонымен қатар тамырының құрамында жасуныққа, флавнойдтар, смола, 24 % дейін полисахарид инулин, аскорбин қышқылы, эфир майлары, илік заттар, аздаған май, нәруызды заттар бар. Жапырағы мен гүлшоғырында каротиноид С және В2 дәрумендерімен қатар никотин қышқылы сенанин бар [6,49 бет] . Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөністердегіден көбіне асып түседі. Ал бұның өзі адам ағзасына келтіретін пайдасы өте жоғары, өйткені жүрек жұмысы және гемоглобиннің мөлшерін артуына оң әсер етеді. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Инулин полифруктозан, ол суық суда тіпті ерімейді, ал ыстық суда жақсы еритін қасиетке ие. Күрделігүлділердің құрамында көп кездесетіндіктен, соның ішінде бақбақта, өте тәтті дәмге ие және қант диабетіне қарсы қолдануға болады екен, өйткені инулинді ферменттер тоқтыра алмайды. Мүмкін бақбақтын осы қасиетіне байланысты адамдар одан «бал» жасауға әдістенді ме екен?!



1.7 Бақбақтың халық шаруашылығындағы маңызы.

Бақбақтың емдік қасиеті ерте кезден – ақ белгілі болған. Оның шырынын Ибн – Сина да емдікке пайдаланған. Ежелде римде беттегі секпілді дақтарды кетіруге бақбақты қолданған. Орта ғасырларда да бақбақтың қасиетін ұмыта қоймаған. Бақбақтың тамырын ерте көктемде ( сәуір – мамырдың басында ) және күзде жапырағы қурай бастағанда күрекпен 15 – 20 см тереңдіктен қазып алады. Бір жерден бақбақтың тамырын қазу үшін арасына 2 – 3 жыл үзіліс жасап қазу керек. Тамырын қазып алғаннан кейін жер үсті мүшелерін, жанама тамырларын кесіп тастағаннан кейін жер үсті мүшелерін, жанама тамырларын кесіп тастағаннан кейін, салқын суға жуады. Содан кейін ғана ашық жерде кесілген жерінен сүтті шырын ағуын тоқтатқанға дейін кептіріп, жақсы жел қағып тұратын шатырдың астына мата немесе қағаздың үстіне жұқа қабаттап жайып кептіріп, әлсін - әлсін араластырып тұрады. Кепкен шикізат қағаз дорбаға немесе шыны ыдыста 5 жылға дейін сақтау керек. Тамырын жазда жинамау керек, сапасы төмен шикізат болады. Бақбақтың тамырынан жасалған тұнба тәбет ашады, астың қорытылуын жақсартады, емшек сүтін молайтады, тері аурулары кезінде зат алмасуын жақсартады, қақырық түсіреді. Өсімдіктің дененің қызуын басатын, тері шығаратын, өт жүргізетін, ішек құртын түсіретін қасиеттері бар. Халық медицинасында өсімдіктің жаңа алынған тамыры мен ұнтақталған жапырағын қатты ісіктерді басуға қолданылады. Сонымен бірге оларды трофикалық жараға да жапсырады. Бақбақ тамырынан алынған шырынды өт тасы мен бүйрек тасы аурулары кезінде нефритке, неврозға, циститке ұшырағанда аш қарынға 4 ас қасықтан ішеді. Бақбақ тамырынан алынған шырынды сонымен қатар бауыр циррозына, тері сыртына шыққан бөртпелерге қарсы қолдану өте тиімді, сондай – ақ одан дәрі, шай жасап, балалардың экссудативті диатезін емдеуге де болады. Бақбақ препараттарының адамды тыныштандыратын, аздап ұйықтататын қасиеті бар. Неміс халық медицинасында бақбақтың тамыры мен шөбін тәбет ашатын, ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартатын шипалық зат ретінде пайдаланады.

Бақбақтың сүтті шырынымен күстенген жерлерді және сүйелдерді де сүртуге болады. Еуропаның кейбір елдерінде жас жапырағынан қан аздыққа, авитаминозға, тері ауруларына, бауыр ауруларына қарсы салат жасайды. Бағалы құрамына байланысты тек медицинада ғана емес, тағам өнеркәсібінде де танымал. Бақбақтың тамырын пеште қою қоңыр түске дейін қыздырып кофеге суррогат ретінде қолданады. Гүл бүршіктерін маринадтауға, әртүрлі салаттарға дәмдеуіш ретінде қосуға да болады. Кейбір елдерде, Францияда мәдени түрде өсіріледі.

2. Ұзақ сақтау үшін бақбақ гүлінен «бал» жасау әдісіміз:


    1. Мамыр айында 800 дана бақбақ гүлін жинау, жуу; [қосымша 1,2]

    2. 1,5 литр су құйып, сақылдатып 15 – 20 минут қайнату; [қосымша 3]

    3. Қайнатқаннан кейін сүзу; [қосымша 4]

    4. Сүзілген қайнатпаға 1 кг қант қосып, ақырынға қойып 2 сағат қайнату; [қосымша 5]

    5. Суыту, салқындағанда сұйықтығына қарай, егер сұйық болса қайтадан қайнату;

    6. Дәміне қарай лимон қышқылын қосу;

    7. Содан кейін банканы стерильдеп дайын болған балды құю; [қосымша 6]

    8. Жертөледе сақтауға тура келеді. [ Қосымша 1-6 ұсынылып отыр]


Қорытынды

Мен, Арив Аяулы осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Бақбақ» гүлінің қыр-сырын толық меңгере білдім. Аталмыш өсімдікті тек бір қырынан ғана емес, оның емдік, тағамдық қасиеттерімен де таныстым. Құрылысын зерттеу арқылы оның сан алуан өсімдіктер арасындағы орнын, қандай жүйелік топтарға кіретінін, соның ішінде класс, тұқымдас, туыс, түрге жататындығын білдім. Алғашқы қадамдарды көркем әдебиеттерді зерделеуден бастадым. Көптеген оқулық, әдебиеттерді қарастыра отырып өзіме беймәлім ақпараттар да жинақтай алдым. Заман ағымына сай ғаламтор беттерін де парақтап өттім. Бұл жерде тек сөз ғана емес, оның, яғни бақбақ өсімдігінің маңыздылығы, көптеген қарапайым адамдарға таныс емес сырларын да аша білдім. Менің жүргізген күрделі жұмысымның барысында бұрын соңды байқамаған көптеген ерекше қасиеттерін байқадым десем артық айтқан болмаспын. Сөзімді қорытындылай келе, «Бақбақ» гүлінен бал алу сондай күрделі де қиын емес екендігіне көзім жетті.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7 – сыныбына арналған оқулық / Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева. – Алматы: Атамұра, 2003. – 240 бет, суретті.

  2. Арыстангалиев С. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша – орысша – латынша атаулар сөздігі. – Алматы: «Сөздік - Словарь», 2002. – 288 бет.

  3. Р. Әлімқұлова, Б. Дүйсебайқызы, Е. Тұрбекқызы. Өсімдіктану. Жалпы білім беретін орта мектептің 6 -7 сыныптарына арналған оқулық – Алматы: Рауан, 1995. – 208 бет.

  4. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники (систематика растений): Учебник для сельхозвузов. – 2- е изд., перераб. И доп. – М.: Высш. Школа, 1982. – 544 с., ил.

  5. Ақмола облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2009.-560 бет+32 бет түрлі түсті суретті жапсырма.

  6. Биология және салауаттылық негізі №2 , 2012.

  7. Бақбақ. Уикипедия. Қазақша энциклопедия бетінен...

Сын-пікір

Ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда жүзеге асырудың басты мақсаты – оқушының жан – жақты дамуы, олардың ғылыми көзқарас қалыптастыруы. Ғылым негізін игерту үрдісінде зерттеуші 7 сынып оқушысы Ариф Аяулы бақбақтың шығу тегін, мекендейтін аймағын, өсу жағдайларын және оны пайдалану жағдайларын толығымен қарастырып шығып, бір жүйеге келтірді деп санаймын. Бақбақтан «бал» алу әдісін айқын ашып, бақбақты жан – жақтан қарастырған. Мақсатына жету барысында ол ғылыми деректерге сүйену арқылы үшін бірнеше міндеттер қойыпты. Ғалымдардың еңбектерін зерттеп отыра бақбақтың химиялық құрамына, емдік қасиеттеріне нақты зерттеулеріндегі деректерді тауып, зерттеу жұмысында көрсетті. Бақбақ балының белсенділігін оның химиялық құрамында екендігінде анықтайды. Алынған мәліметтердің түсініктемесіне келсек, алғаш рет оңай көрінгенімен, оншалықты қарапайым емес. Әдетте оқушы алынған мәліметтерді сараптау кезінде өзінің белгілі бір әдісін табады. Бақбақ «балын» жасаған кезде күрделі жұмыс атқарды деп санаймын. Осы жұмысты көмекші құрал ретінде пайдалануға болады деп санаймын. Аймақтағы өсімдіктердің пайдалы қасиеттерін қолдана білу кімге болса да үлкен жетістік. Ғылыми әдебиеттермен, ғылыми деректермен жұмыс істеуді әрі қарай дамытады деген ойдамын.


Олай болса табиғатты жасандырып, оның әмірі мен күшін неғұрлым толық ашуына қолғабыс тигізу әрқайсысымыздың қасиетті де қастерлі борышымыз. Табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану бүкіл адамзат алдында тұрған киелі де күрделі мәселелердің біріне айналды. Бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету қажет, өйткені, өмірге, тіршілік етуге қажеттінің бәрін адам өсімдіктен алады. Ариф Аяулының зерттеу жұмысында бізідң аймағымыздағы өзекті тақырып қозғалды, мүмкіндігінше көрсете білді, ойын қанағаттарлық деңгейде жеткізді.

Пікір білдіруші: бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева Динара Куттыбаевна.



Қосымша 1

Қосымша 2


Каталог: uploads -> doc -> 12b5
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12b5 -> Сабақ №13 Күні: 12. 15 12. 15 Бекітемін: Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет