Ақмола облысы Степногорск қаласы Білім бөлімі С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі Дінтану пәні бойынша облыстық сырттай



Дата22.06.2017
өлшемі110,47 Kb.
#19487
Ақмола облысы Степногорск қаласы Білім бөлімі

С. Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейі

Дінтану пәні бойынша облыстық сырттай

«Ең үздік қолданбалы курс» байқауының сабақ жоспары

Тақырыбы: Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері

Сынып: 9 «А» сыныбы

Мақсаты: Оқушылардың бойында рухани адамгершілік құндылықтардың негізінде сенімнің жүйесін және гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Материалдық-техникалық жабдықтар: маркерлер, оқулық, пернелік тақта, стикерлер, ватман қағазы, А4 қағазы, слайд, бейнефильм.


Аты-жөні

Аяған Нұржан Алдоңғарұлы, тарих және дінтану пәні мұғалімі

Пәні:

Дінтану негіздері (факультатив сабақ)

Тақырыбы

№ 12. 3. Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері

Мерзімі:

04. 03. 2016 жыл

Сыныбы:

9 «А» сыныбы

Мақсаты

Оқушылардың бойында рухани адамгершілік құндылықтардың негізінде сенімнің жүйесін және гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға ықпал ету.

Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Мәтінмен жұмыс, тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыта білу.

7 модульдің қолданылуы

“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданыла-тын

әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл», «Сұрақ бізден - жауап сізден», «Тақырыпты біз былай түсінеміз», «Жұппен жұмыс», «Досыма хат» атты әдістер қолдану.

Қолданыла-тын ресурстар

Маркерлер, оқулық, пернелік тақта, стикерлер, ватман қағазы, А4 қағазы, слайд, бейнефильм.

Ұйымдасты-ру кезеңі


Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келмегендерін түгелдеймін.

Дәстүр бойынша алтын ережені сақтауды талап етемін.



Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты.

Сыныптың топ басшысы жоқ оқушыларды айтады.

Қиынды қағаздар бойынша оқушылар топқа бөлінеді. (Тұлғалар, Ғимараттар, Шығармалар, Қалалар тобы).

Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шығады. Оны тақтаға шығып А1 қағазға жазады.


Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің

іс - әрекеті

Оқушылардың

іс -әрекеті

Білу

(Қызығушы-лық

тарын ояту)

«Миға шабуыл» әдісі

Оқушылар қолдарындағы қиынды қағаздарындағы сөздеріне мәлімет береді (4 минут)



Оқушылардың қолына әр-түрлі сөздер жазылған қиындылар беру.

Мұғалім берген тапсырманы орындау. Қолдарындағы қиынды қағаздар әр оқушы өз білгендерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді

Түсіну

«Сұрақ бізден-жауап сізден» әдісі

«Ислам дінінің Қазақ халқына қосқан үлесі»

Тақырыбында әр-бір оқушы жеке-жеке жауап береді.

(7 минут)



Мұғалім оқушыларға «Ислам дінінің Қазақ халқына қосқан үлесі» тақырыбын ортаға салып әр-бір оқушы жеке-жеке жауап береді.

Оқушылар берілген тапсырманы ойлану арқылы пікірлерін айтады, талдайды.


Қолдану

Шығармашылық-топтық жұмыс атты

«Тақырыпты біз былай түсінеміз» әдісі

Оқушылар топ бойынша постер қорғау, оқулықпен жұмыс жасайды

(8 минут)




«Топпен жұмыс» әдісінде мұғалім әр-бір топқа мәтінмен жұмыс береді

  1. топ «Исламның ғылым, білім, мәдениетке әсері.

  2. топ. Қазақстандағы ислам архетектуасының ескерткіштері

  3. топ. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. (жазбаша)

  4. топ. Бақылаушылар тобы.

Бағытталған сұрақтарға топ бойынша жауап береді

Сергіту сәті

«Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері» атты бейнефильм.

(5 минут)



Оқушылармен бірге бейнефильмді тамашалау (кері байланыс жасау)

Интербелсеңді тақтадағы бейнефильмді тамашалау

Талдау

Жұппен жұмыс

Әр-бір жұп (сегіз жұпқа сегіз сұрақ) өздері таңдаған сұраққа жауап беру.



  1. минут)




Жұптарға жаңа тақырып бойын-ша сұрақтар қойылады. Сұрақтар мен қосымша тапсыр

-малар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру.

1. сұрақ. Қазақстан тарихындағы қандай қалалар-да ислам мәде-

ниеті орталық-тары болды?

2.сұрақ. Білім іздеген жастар қандай қалаларға барып тәлім алды?

3. сұрақ. Қазақстандағы шығарылған теңгелер негізінен қандай әріппен жазылды?

4. сұрақ. Ұзақ уақыт бойы мұсылмандар-дың саяси, мәдени орталығы болған қала?

5. сұрақ. Алғаш түркі тілінде жазылған ислами әдебиетті ата?

6. сұрақ. Көне Үргеніште қолданылған сәулет өнерінің үлгісімен жасалған күмбезді ата?

7. сұрақ. Кеңес Одағы кезінде мұсылмандық сәулет өнеріне қандай орны толмас қиянат жасалынды? (оқулықтан тыс сұрақ)

8. сұрақ. Кәзіргі таңда Қазақ елі діни ескерткіштерге қандай мағына беруде? (оқулықтан тыс сұрақ)


Берілген тапсырманы уақытылы орындау, жұппен тапсырмаларды талқылау, әрбір жұп ортаға шығып өз ойын және пікірін бүгінгі тақырып бойынша жеткізу, талдау және бағалау, тапсырмаларды орындау.


Жинақтау

«Досыма хат» атты әдісі

Досыма хат әдісінде

оқушылар топ бойынша

бүгінгі сабақ жайында қысқаша эссе жазады.

(10 мин)


«Досыма хат» әдісінде, жаңа сабақта өтілген тақырып жайлы түсінгенін берілген А4 қағазына эссе жазады. Бұл әдіс оқушылар (топ) сабақ барысында түсінгенін қағаз бетіне толық жазады.

Оқушылардың мақсаты берілген тапсырманы өз ойларын қағазға жазып, айтып береді (топтың көмегімен)

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (Кері байланыс)

бағалау парақшаларын толтыру(2 мин)




Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі, өзге топты топпен бағалайды

Үй тапсырмасы

№ 12. 3. Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері тақырыбына қосымша мәліметдайындау

(1 минут)



Үй тапсырмасын орындау, орындалу түрі жайлы мәлімет беру

Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру


Сабақтың барысы:

Қазақстандағы ислам архитектурасының ескерткіштері

Ислам тек сенімді ғана қамтитын жүйе емес, сонымен қатар өркениеттің де қайнар бұлағы. Қазақстан терриоториясына ислам діні мен қатар мәдениеті де келді. Оңтүтстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде қалалар бой көтере бастады. Ал, қалалар кешенді құрылыстарымен ерекшеленеді. Сол құрылыстарға мешіт, медресе, рабат, кесене, кітапхана т. б құрылыстарын жатқызуға болады. Мешіттер құлшылық орны болумен қатар, өнер туындысына да жатады. Мешіттер сәнді кескіндемемен, мозаикалық керамикамен, бедер суреттерімен безендірілді. Ислам этикасына сай адам және жануарлардың орнына ою-өрнектер мен араб көркем жазу өнерінің стилді де кеңінен қолданылады. Жалпы алғанда, мешіттердегі безендірулер де Ислам діні насихаттаудың бір түрі есептелген. Жазба деректер 2002 жылы 2000 жылдағы тойланған Тараз шаһарында 893 жылы бұрынғы ғибадатхана орнына мешіт салынғанын айтады. Олай болса, оны әзірше Қазақстандағы алғашқы мешіттердің бірі деп есептеуге болады. Сонымен бірге Отырар мен оның маңындағы өзге де қалашықтарды қазған археологтар, бұрын Кедер деп аталынған, қазіргі Құйрықтөбеден кезінде атақты араб тарихшыларының бірі әл-Мақдиси (Хғ.) айтып кеткен күмбезді мешіт орнын тапқанын, ата мекеніміздегі тұңғыш мешіттер қатарына сондай-ақ Маңғыстаудағы Шақпақ ата (ІХ-Х ғ.) мешітін де жатқызуға болады. Аталмыш аймақта олар жергілікті жердің табиғаты, халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты жарқабаққа, жер астына салынды. Әрі бұл дәстүр осы өңірде кешеге, яғни Бекет атаға (1750-1813) дйін жалғасқанымен, Қазақстанның Маңғыстау және Түркістаннан өзге жерінде мұндай мешіттер әдетте кездеспейтін секілді. Шақпақ ата мешіті-Көне Үргеніш, Бұхара, Хиуа, Самарқанд сәулетшілерінің өнерін жер асты ғимаратында шеберлікпен пайдаланудың үлгісі. Ғимараттың есігі, қабырға, бағаналары, бұрыш шығарулары, төбе тесігі, михрабтық бөлме жасалуы, Шақпақ ата ғимаратын салушылардың тек жай құрылысшы, тысшы ғана емес, талғамы биік сәулетші екенін айқын аңғартады. Шақпақ ата-көне мәдениет күәсі. Батыс Қазақстан өңіріндегі ескі ескерткіштердің бірі Балғасын күмбезі (ХІ-ХІІ ғ.).Шалқар қаласының солтүстік шығыс жағында 50 км жерде. Көне Үргеніште қолданылған сәулет өнерінің үлгісімен жасалған. Сарайшық Зәбия мешіті. Бұл өңірде болған ежелгі мешіттер дегенде ойға әүелі Сарайшық қаласы оралады. Иә, іргетасы ХІІ ғасырда қаланған бұл шаһарда да мешіттер болған деген жазба деректер бар. Оңтүстік өлкесіндегі хилветті (қылует)-жертөле мешітті ХІІ ғасырда белгілі сопы, бүкіл түркі халқының рухани атасы, ойшыл кемеңген,а қыл Қожа Ахмет Иассауиға (1093-1167) тиесілі. Әмір Темір билік құрған кезде Орта Азияда монументалды салтанат стилі бой көрсетті. Солардың бірі Әмір Темір 1385-1405 жылдары салдырған орта ғасырлық сәулет өнерінің ең үздік, керемет ескерткіші саналған, осы күнге дейін жеткен Қожа Ахмет Иассауи кесенесі. Археологтар Қожа Ахмет Иассауи кесенесі маңынан сондаи-ақ ХІV ғасырға жататын Кіші қылует, ХV-ХVІ ғасырда салынған шілдеханнаны да тапты. Моңғол шапқыншылығына дейін жоғарыда айтылғандай Қазақстанда мешіттер аз болмаған. Бірте-бірте мешіттер тек ғибадат орны ғана емес, сондай-ақ рухани ошақтарға да айналды. Бірақ олардың көпшілгі моңғол шапқыншылығы кезінде аталмыш шаһарлар сияқты от жалынға оранды. Батыс Қазақстан облысында қазба жұмысы кезінде археологтар мысалы,2 003 жылы ХІІІ ғасырға жататын мешіт орнын тапты. Иә, Отырар мен Сайрам, Сауран мен Сығанақ, Тараз бен Баласағұнда сыртқы қабырғалары ою-өрнекті қвштармен қапталған көк күмбезді мешіттер көпке дейін мен мұндалап тұрды. Тіпті баласұғын сарайларының кейбірінің өрнектері Хиуа жами мешіттерінің өрнектеріне ұқсайтын. Шынында да Мұстауфи (Хамдаллаһ Мұстауфи әл-Қазуини) (1280-1350) Баласұғынның қырық күмбезді және екі жүз Забия мешіттері, жиырма ханакасы болғанын айтады. Даламыз арқылы өткен Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар мен кенттер, бекіністер мен қамалдардағы мешіттер мен медреселер де халқымыздың рухани мұрасының, сәулет өнерінің көнермес жәдігерлігі, баға жетпес игілігі еді. Мешіттердің сәклеттік жағына келсек-Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ғибадатханалар қөбінесе Иран, Орта Азия сәулет үлгісімен салынса, республикамыздың өзге жерлеріндегі мешіттер ХVІІІ-ХІХ ғасырларда іргетасы қаланған Ресейдегі, Татарстан мен Башқұртстандағы мешіттерді еске салады. Қазан төңкерісіне дейін қазіргі Көкшетау, Петрапавл, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Семей, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларында көптеген мешіттердің іргетасы қаланған. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы түрлі мекендерінде де мешіттер халықтың рухани қажетін өтеп жатты. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық, ал 1920 жылдары 56 мешіт, 2 медресе болды. Қазан төңкерісіне дейін Ақтөбе аймағында 200-дей, Бөкей хандығында 78-дей, Жетісу өлкесінде 269, Жамбыл облысында 49-ал Әулие-Ата қаласының өзінде 15 мешіт пен намазханалар жұмыс істеді. Кеңес өкіметі тұсында дін қызметкерлері қуғын-сүргінге ұшырады. Мешіт мұнаралары мен күмбездері қиратылып, мал қоралары мен қоймаларға айналдырылды. Ислам мәдениетінің ағарту саласының ең маңызды қызметін медреселер атқарғаны белгілі, Кейбір ғалымдардың айтуы бойыша осы «медресе»инститкты алғаш Түркістан өлкесі қалаларында (VІІІ ғ.) пайда болған. Бұл да ерекше назар аударарлық жәйт. Қазақ даласына Ислам діні орныққанан бастап мешіттірмен қатар медреселер де салынған. Қазақстанның Сайрам (Исфиджаб), Түркістан, Ақмешіт, Әулиеата қалаларында ХІХ ғасырда 31, Семей аймағында 7, Батыс Қазақстан және басқа да облыстарда ондаған медреселер жұмыс істеген.

Арғы атамыз Ислам дініне мойынсұнумен бірге араб әләпбиін де қабылдады Түркі халықтарының тілдеріне ислам дінімен араб, кейінірек парсы сөздері де көптеп ене бастады. Бекіту сұрақтары:



1. Ислам мәдениетінің ерекшелігі неден көрінеді?

2. Қазақстандағы белгілі ислам архитектурасының ескерткіштерін атап беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет