Қан жүйесінің патофизиологиясы



бет2/4
Дата04.04.2023
өлшемі160,99 Kb.
#173672
1   2   3   4
Байланысты:
503411.pptx

Қарапайым гиповолемия - қан көлемінің гемотокриттік көрсеткіштің өзгеруінсіз азаюы,тез қан кетуден кейін кездеседі Олигоцитемиялық гиповолемияқан көлемінің, әсіресе ондағы клеткалардың – эритроциттердің басымырақ азаюы, қан кеткеннен кейін әлі эритроциттердің саны толмаған сатысында болады. Полицитемиялық гиповолемия - қан көлемінің, әсіресе плазма көлемінің басымырақ азаюы, организмнің сусызданған кезінде байқалады.

Қарапайым гиперволемия – қан көлемінің, эритроциттер мен плазма арасындағы қалыпты қатынасы сақталуымен, көбеюі, көп мөлшерде қан құйғанда кездеседі. Олигоцитемиялық гиперволемия – плазма көлемі үлкеюіне байланысты қан көлемі көбеюі, бүйрек аурулары кездерінде, белокты сұйықтар құйғанда болады. Полицитемиялық гиперволемия – қан көлемінің эритроциттердің көбеюімен байланысты үлкеюі – гипоксияда, эритромия кездерінде байқалады.

Қансырау Қансырау – қан ағудың нәтижесінде болатын және күрлелі патологиялық бұзылыстармен, айналымдағы қан көлемінің азаюына және қвнның тыныстық қызметінің төмендеуіне, байланысты гипоксияға бейімделу реакцияларымен сипатталатын патологиялық процесс. Қансыраудың этиологиялық факторларына: а) жарақаттанудан немесе патологиялық процестерден(атеросклероз, ісік, туберкулез) тамыр тұтастығының бұзылуы; б) тамыркемерлері өткізгіштігінің жоғарылауы(тез дамитын сәуле ауруы); в) қан ұю процесінің төмендеуі (геморрагиялық диатез) жатады. Адамның өміріне 50% қанкету қатерлі, 60% -тен жоғары қан кеткенде организм мүлдем тіршілікке қабілеттілігін жоғалтады.

Қансырау кезін шартты түрде үш сатыға бөледі: бастапқы, компенсациялық және соңғы. Бастапқы саты – айналымдағы қан көлемінің азаюымен, қарапайым гиповолемиямен, артериялық қысымның төмендеуімен, циркуляциялық гипоксияның басымдылығымен сипатталады. Компенсаялық саты – жоғалған қанның салдарынан аластауға бағытталған организмнің қорғану-бейімделу реакцияларының қосылуымен байланысты. Соңғы сатысы – компенсациялық реакциялардың жеткіліксіздігі кезінде, сонымен қатар қанкету көп мөлшерде, тез болғанда және оған қолайсыз жағдайлардың әсерлері болған кезде, дер кезінде емдік шаралардың қолданылмағанында дамиды. Бұл кезде организмде патологиялық өзгерістер күшейіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет