Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты



бет1/8
Дата26.06.2018
өлшемі460 Kb.
#44827
  1   2   3   4   5   6   7   8
Ана тілі

2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық



Мақсаты: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар , оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру.Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ .Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс

сөздік жұмыс жүргізу.



ІҮ. Түсінгендерін тексеру:Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Тауып оқу

Ү. Қорыту:Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.
3. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату

Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.



ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.



ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Ү. Дәптермен жұмыс

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.

Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы

Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты






ҮІ. Қорыту

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
4. Тақырыбы: Мектеп - біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер

Мақсаты:Ө.Тұрманжановтың Мектеп біздің анамыз өлеңі мәнерлеп оқуға,Ж.Аймауытовтың өмірі жайыл түсінік бере отырып, Ыстық

қой,шіркін , туған жер тақырыбын оқып, түсіндіру.Тілін , ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу. Туған жерін, елін ,жерін сүюге ,қорғай білуге тәрбиелеу.



Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Ж.Аймауытов, Ө.Тұрманжанов суреті.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау«Күн шыққанда» өлеңін мәнерлеп оқу,сұрақтарға жауап алу.ІІІ. Өткенді қорыту:Таңғы тіршілік туралы әңгімелеу

ІY. Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық .

Ү Жаңа сабақ:а/Ж.Аймауытов өмірімен таныстыру.ә/ өлеңді , тақырыпты мәнерлеп оқу.б/ сұрақтарға жауап алу.в/ сөздік жұмыс жүргізу.г/ Оқулықпен жұмыс.

тақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу 3 .тауып оқу /қуаныш,сүйсініс,өкініш,мақтаныш/. Дәптермен жұмыс , д/ Сергіту сәті



ҮІ. Түсінгендерін тексеру

Сұрақтар қоя отырып, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту



ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік? Ж.Аймауытов кім?

ҮІІІ Үйге тапсырма 1.тақырыпты түсініп оқып келу . 2. Бағалау.
5. А.Байтұрсынұлы .Мен қалай оқуға бардым?
Тақырыбы:А.Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты.

Мақсаты: А.Байтұрсуновтың Мен қалай оқуға бардым? әңгімесін оқи отырып, автордың оқуға баруына кімнің әсер еткендігі жайлы, ал Екі балық. Ата насихаты. әңгімесін оқып, бірлік ұйымшылдық жайлы түсінік беру.

Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу.Бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: А.Байтұрсунов суреті, өмірі жайлы қасқаша түсінк, мақал-мәтелдер.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Жиырма тиын. 1.әңгімені оқыту 2.сұрақтарға жауап алу.3.мазмұнын сұрау

ІІІ.Өткенді пысықтау:әңгімедегі ең басты кейіпкер кім? Алтайдың Қанатқа көмектескенін қалай қарайсыңдар?Алтайға қандай мінездеме берер едіңдңр?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі :А. Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты

Ү. Жаңа сабақ:а/ А.Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын. Қостанай облысы, Торғай атырабында Сартүбек жерінде дүниеге келген. Тұңғыш қазақ әліппесін жазды. ә/ «Мен қалай оқуға бардым» әңгімесін оқи отырып, автордың атынан берңлңп отырғандығы, оның оқуға баруына кімнің әсер еткендігі жайлы түсінік беру.б/ «Екі балықшы» әңгімесін оқи отырып, кертартпалық жайлы түсіндіру.в/ «Ата насихаты» әңгімесін оқып, бірлік ұйымшылдық жайлы түсінік беру.

ҮІІ.Білімдерін тексеру:а/әңгімелерді оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

ә/ Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі

б/ Сұрақтарға жауап алу.в/ Тапсырмаларды орындау.г/ нақыл сөздерді оқып мағынасын ашу.Керіскеннің кесірі – келесінді кетірер.Тіршіліктің күші – бірлікте.д/ Дәптермен жұмыс.Осы сөздерді жазу.

ҮІІ. Қорыту.Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.бағалау
6.Тақырыбы: Күн шыққанда

Мақсаты: Оқушыларға І.Жансүгіров өмірі жайлы түсінік бере отырып, Күн шыққанда өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Күз» өлеңін жатқа айту

ІІІ.Өткенді қорыту:Күзгі ауа райы қандай? Бұлт қандай? Тұман қандай? Күз мезгілі саған несімен ұнайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:1.сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық. а/І.Жансүгіров 1894-1938/ . Өмірімен таныстыру.ә/ жыл мезгілдері туралы әңгімелету.

Ү. Жаңа сабақ:а/ өлеңді мәнерлеп оқу,ә/сөздік жұмыс жүргізу.Дәптермен жұмыс

б/сұрақтарға жауап алу

г/Сергіту сәті

в/ Өлеңді оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу /атып келе жатқан таң бейнесі/



ҮІ. Түсінгендерін тексеруТаңғы тіршілік туралы не делінген?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?І.Жансүгіров кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді мәнерлеп оқу.2.Бағалау.
7. Оқулық

Мақсаты: Оқушыларға Н.Айтовтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, «Оқулық» өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау« Күн шыққанда» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІІ. Өткенді қорыту:Өлеңде ақын балаларды неге шақырады?Білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық

а/ Н.Айтовтың өмірімен таныстыру.ә/ Сергіту сәтін өткізу.



Ү. Жаңа сабақ:а/ өлеңді мәнерлеп оқу .ә/ сөздік жұмыс жүргізу.Дәптермен жұмыс

б/сұрақтарға жауап алу .в/ Өлеңді оқу ,іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу .



ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?Қандай кітаптар оқығанды ұнатасыңдар?Кітапханадан қандай кітаптар алып оқыдыңдар?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?Н.Айтов кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді мәнерлеп оқу.2.Бағалау.
8. Кітап оқу

Мақсаты: Оқушыларға Ж.Аймауытовтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, « Кітап оқу» мәтінін оқып түсіндіру. Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Білімділікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:« Оқулық» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Өткенді қорыту:Өлеңде ақын балаларды неге шақырады? Кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық

а/ Ж.Аймауытовтың өмірін сызба арқылы таныстыру.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Павлодар облысында Атақты жазушы «Қартқожа», «Ақбілек»

туған романдары бар.

ә/ Сергіту сәтін өткізу.



Ү. Жаңа сабақ:а/ мәтінді мәнерлеп оқу.ә/сөздік жұмыс жүргізу. Роман-көлемді, күрделі шығарма.Дәптермен жұмыс.б/сұрақтарға жауап алу.в/ Мәтінді оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:Мәтін не туралы? Қартқожа «өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де» неліктен ұмытты?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?Н.Айтов кім?

ҮІІІ .Үйге тапсырма:1.Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.2.Бағалау.
9 . Сабақтың тақырыбы: Зеректік

Сабақтың мақсаты: 1. Ш.Уалиханов,С.Бегалин ментаныстыра отырып оқу,түсінігін әңгімелеуге үйрету.2. Өз ойын толық жеткізе алуга,сұраққа толық жауап беруге қалыптастыру.3. Зерек болуга,терең ойлауға тәрбиелеу

Көрнекілік: кітап,сурет,дид.материалдар

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Өткенді сұрау

Ж.Аймаутов кім? Еңбектерін ата?Ол қайда туған?Қартқожаға мінездеме бер?



ІІІ. Жаңа сабақ :А) кіріспе:Балалар Ш.Уалиханов кім?1985 ж С.Бегалин туылған.Ол Шоқан туралы деректер жазған.Туған жері-Шығыс Қазақстан өңірі.Оның «Шоқан асулары;» «Сәтжан» деген шығармалыры бар.1983 ж қайтыс болған.Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқыту.Тізбектеп оқыту, талдау.Пысықтау: 1.Шоқанның балалық шағы жайлы не жазған? 2.«Зерек» деп кімді айтып отыр? Әкесі не деді? Сөздік жұмыс .Бажайлап – мән беріп қорыту.Шоқанды кім оқытты?Шоқан күнделігіне не жазды?



Бекіту

Үйге тапсырма: 1.Әжесінің сөзін табу,оқу, түсінігін айту2.Бағалау

10. Сабақтың тақырыбы: Ақылшым мұғалім



Мақсаты: 1.Ұстаз мұғалім ұғымын кеңейту,ақылшы екендігі жайлы түсіндіру 2.Сөздік қоры тіл байлығын дамыту 3.Ұстазды сыйлауға тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ . Мақсат қою кезеңі

ІҮ. Жаңа сабақ:Балалық адам баласы білімді ұстаздан алады.Ұстаз мұғалім- бір ұғым.Дана да ақын да,ұшқыш пен жүргізуші,инженер деген мамандық иелері де алдымен мұғалім алдынан өткен.Мұғалім еңбегі зор.Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Оқушыларға тізбектеп оқыту.Мағынасын түсіндіту.Дәптермен жұмыс.Менің ұстазым тақырыбына тірек сызбаны өздеріне қорыту,талдау

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік? Білімді кімнен алады екенбіз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.19 бет Өлеңді жаттау.2.Бағалау
11 .Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Күз».Ұнатамын күзді мен

Мақсаты: Оқушыларға А.Құнанбаев өмірі жайлы түсінік бере отырып, Күз өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Өткенді қорыту:Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық. а/Абай Құнанбаев/ 1845-1904/қазақтың ұлы ақыны.Өмірімен таныстыру.ә/ жыл мезгілдері туралы әңгімелету.

ерекшеліктері.



Ү. Жаңа сабақ:а/ өлеңді мәнерлеп оқу ә/ сөздік жұмыс жүргізу.б/ сұрақтарға жауап алу

г/ Сергіту сәті в/ Өлеңді оқу ,іштей оқу,тізбектей оқу,теріп оқу. /мал жайын жырлаған жерді/



ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Күзгі ауа райы қандай?Бұлт қандай?

ҮІІ .Қорыту:Бүгін не өттік? А.Құнанбаев кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау. Бағалау.
12. Тақырыбы: Бидай мен қаңбақ /мысал / А.Тоқмағанбетов

Мақсаты: Бидай мен қаңбақ мысалын оқи отырып, Бидайдың қаңбаққа қойған өзіне өзінің берген бағасы туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи білуге баулу.

Адамгершілікке тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. «Байлық», «жұмыстың жылуы»тақырыптарын оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу.3.Мазмұнын сұрау.

ІІІ,Өткенді пысықтау.Денсаулықты не үшін байлық дейміз ?Жұмыс қалай жылу береді ?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Бидай мен қаңбақ

Ү. Жаңа сабақ. а/ Бидай мен қаңбақ мысалын оқып, мазмұнын ашу.ә/ мысалды оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу

ҮІ. Білімдерін тексеру.а/ сұрақтарға жауап алу.1.Қаңбақ Бидайға не деп тіл қатты?

2.Қаңбақ бидайдан қандай жауап алды?3.Уф десе ұшасың, суф десе қонасың дегенді қалай түсінесің?4.Дұрысын айтқан Бидай ма, Қаңбақ па? Оны өздерің салмақта...

ә/ тапсырмаларды орындау.1.мәтіннен Бидайдың Қаңбаққа айтқан сөзін тауып оқу.2.Бидайдың өзіне өзінің берген бағасы туралы көзқарасыңды білдір.

б/ Сергіту сәті.в/ жаңылтпаштарды оқып, жаңылмай айту .г/ Жұмбақты шешу.Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. /қанбақ/



ҮІІ Қорыту.Бүгін не өттік?Мысалда не туралы айтқан.

ҮІІІ Үйден: 1.мысалды мәнерлеп оқу. 2.бағалау.
13 Тақырыбы: Мазмұндама. Аралардың достығы

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:оқушы зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру.

Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.«Аралардың достығы» оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.



ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.

Аралардың достығы.

Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тұрыпты. Содан балдай тәтті өмір сүріпті.

Сұрақтар:1.Орманда қанша ара тұрыпты?2.Бәрі қандай болыпты?3.Үнемі не теріпті?

4.Өздері қалай тұрыпты?5.Содан қалай өмір сүріпті?Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.
14. Тақырыбы: Бөлімді қайталау.

Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау. Белсенді, саналы болуға үйрету.Тілін, сөздік қорларын, білімін дамыту.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Кіріспе әңгіме жүргізу

ІІІ. Білімді тексеру.а/ өткен тақырыптарды еске түсіру.Өткен өлеңдерді еске түсіру.

Жатқа айту.Әңгімелерді еске түсіру.Ертегіні баяндау.

Тест сұрақтары.


  1. Ы. Алтынсарин кім?

а/ ақын, б/ ұстаз

  1. Сен ғылымға өлеңін кім жазды?

а/ Ш.Құдайбердиев б/ Абай Құнанбаев

  1. Ертегіні тап?

а/ Ақ бидай б/ Күн шыққанда

  1. Жамбыл Жабаев өлеңі

а/ Отан б/ Шәкірт балаларға

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы берілген тест сұрақтарына жауап алу.



ҮІІ. Қорыту.Қандай тарауды аяқтадық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.қайталау.2.бағалау
15. Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба.

Мақсаты: Ғылым таппай мақтанба өлеңін мәнерлеп оқу, өлеңді талдау. Ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.Еңбекке талапты болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Абай суреті.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Абай. Ғылым таппай мақтанба.

ІІІ. Жаңа сабақ:А.Құнанбаев туралы түсінік. Абай -1845-1904 қазақтың – ұлы ақыны.

Өлеңді оқу.Өлеңді талдау.Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу.Тізбектей оқу.Дәптермен жұмыс.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақТалап,еңбек, терең ой, қанағат рақым.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру.Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?Бес дұшпан деп нені атайды?

ҮІІ Қорыту.Бүгін не өттік?

ҮІІІ Үйге тапсырма: 1.Өлеңді жаттау.2.Бағалау.
16. Сабақтың тақырыбы: Білім керек бәріне.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.2.Оқушылардың ой қиялын дамыту

3.бідімділікке тәрбиелеу



Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: портреттер,оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Ана тілі сабағының тақырыбы Білім керек бәріне.Білімнің адам баласына керек екендігін байқаймыз.

ІІІ.Жаңа сабақ

әБілім жүйесі бойынша Ф.Оңғарсынованың кім екенің айтып таныстыру.

2.білім керек бәріне өлеңін түсіндіру 3.Тізбектеп оқыту 4.сурет бойынша жұмыс

5.Дәптермен жұмыс



ІҮ. Сергіту сәті

Ү. Қорыту:Оқушыларға білім туралы мақал-мәтерлер айтқызу.Бағалау

ҮІ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
19. Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан

Мақсаты: 1. Ертегі жайлы толық мағлұмат беру, Атадан қалған асыл мұра, ауыз әдебиет түрімен таныстыру2. Топпен жұмыс істеу, оны тұжырымдап айтуға дағдыландыру.

3. адамгершілікке патриоттыққа тәрбиелеу



Көрнекілік: суреттер, кестелер.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа даярлық

ІІ. Өткенді сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ:Ертегіні оқыдыңдар ма?Аттарын айтыңдаршы?Көбінесе нелер туралы жазылған?Мұғалімнің түсіндірмесіАтадан бізге не қалды? Ертегілер, төрт түлік жырлар, аңыздар, өтірік өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар жаңылтпаш, шешендік сөздер – осылар ауызша жеткен халық шығармалары:Ертегілер:1. Жануарлар 2. Қиял-ғажайып 3. Шыншыл

ІҮ. Пысықтау1.Жұмбақ шешу(Жануарлар жайлы)2.Ертегіні оқу, түсіндіріп өту, тізбектеп оқыту.Сөздік жұмысы: Құлағына басады – қулық.Мұнын шашады – мұңын айту

Ү. Қорыту:Немен таныстық?Ертегілер қалай бөлінеді?Түлкіге мінездеме бер?Арыстан қандай аң?

ҮІ. Үйге тапсырма Ертегіні айту.Бағалау
20. Тақырыбы: Байлық пен ақыл

Мақсаты:Байлық пен ақыл ертегісін оқып түсіндіру.Ертегінің мазмұнын айтуға дағдыландыру.Тілін сөйлеу қабілетін дамыту.Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Әйтеке бидің айтқаны. Жігіттің жақсысы.

ІІІ Білімдерін тексеру:Әйтеке би не деп айтты?Үш би туралы не білдік?Билерге келген жігіт не айтты?Жігіттің жампозы не қориды?Жігіттің жаманы не қориды?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ

- Ертегіден халқымыздың тұрмыс салтын, әдет ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял ғажайып оқиға аралас болып келеді.Ертегіні оқып түсіндіру.Сөздік жұмысын жүргізу.Әшекей-өрнек, сәнді ою.Мұрагер – орын басушы, дүниеге ие болушы.

Ертегіні оқы:іштей оқу,тізбектей оқу.Дәптермен жұмыс.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:Әкесі ұлдарына не айтты?Үлкен ұлы не айтты?Кіші ұлы не айтты?Шалға қасы ұлының жауабы ұнады?

ҮІІ. Қорыту. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.

ҮІІ Үйге тапсырма:1.ертегіні оқу, мазмұны. 2.бағалау.
21. Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен түлкі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ертегіні түсініп оқып,өз сөздерімен әңгімелей білуге,ондағы кейіпкерлерге баға беруге өзіндік пікір айтуға үйрету. 2. Сөздік қорын байыту,қиялын дамыту,дүниетанымын кеңейту. 3. Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу, аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілік:сурет,плакаттар

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сурау, тексеру.«Байлық пен ақыл» мазмұнын сұрау.Саған қай ұлдың жауабы ұнады, неліктен?Ақылды болсаң, бай боласың деген пікірге өз көзқарасыңды білдір.

ІІІ. Жаңа сабақ:Жұмбақ жасыру.

Белестен шапқан ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдір үзбейді, (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Түлкі)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс:Ертегіні рөлге бөліп,мәнерлеп оқуды үйрету.

Ертегі бойынша берілген суретке зер салып «Қасқыр неге ақсап жүре алмай келеді деп ойлайсыңдар? Ертегідегі кейіпкерлерді сипаттап көріңдер»



Ү.Дәптермен жұмысЕртегіге сүйеніп қасқыр мен түлкі арасында диалог құра.Ертегіден ақыл сөзді тауып,дәптеріңе жазып ал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет