«Ана тілі» газеті



Дата28.01.2018
өлшемі118,67 Kb.
#34813
«Тіл – достық дәнекері»

тақырыбындағы мақалаға талдау



(«Ана тілі» газеті, «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» айдары)

15-қазан, 2015жыл


Ақтөбе облысында ұлт бірлігін нығайтуға жол ашатын бағдар ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту шаралары кеңінен жүзеге асырылып келеді. Соның бір көрінісі – облыстың және өзге ұлт өкілдері жиірек шоғырланған алты ауданның орталықтарында тіл үйрету курстары жүйесінің ұлғайтылуы. Осы бағытта арнайы орта­лық ұйымдастырылғаннан бергі кезеңде он бір мыңнан астам тыңдаушы мемле­кет­тік тілді, 864 адам ағылшын тілін, 95 адам орыс тілін оқып, меңгерген. Алты этно­мәдени бірлестік жанындағы жексенбілік мектептерде өзге ұлт өкілдерінен екі мың тоғыз жүзге таяу адамның қазақ тілінде және өз ана тілдерінде дәріс алғаны – сүйсінерлік іс.

Облыстық тілдерді дамыту басқарма­сының тікелей қолға алуымен мектеп жасына дейінгі балалар үшін екі айда бір рет тұрақты түрде әдеби-танымдық «Күншуақ» журналы шығарылып келеді. «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік нұсқаулығының да оқырман үшін пайдасы мол. Таяу күндерде Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деп аталатын сәулетті ғимаратта үш жас пен жеті жас аралығындағы бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді үйренуіне арналған «Менің Отаным» және «Кім болам?» атты анимациялық көп сериялы фильмдер таныстырылымы ұйымдастырылды. Өткен жылы «Менің отбасым» және «Әдептілік–әдемілік» фильмдері балабақша тәрбиеленушілеріне ұсынылды.Қыркүйек айының соңғы он­күндігінде облыстық басқарма алғаш рет көп тіл білетін жастар форумын өткізген болатын. Шараның бірінші бөлімінде облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде белсенділігімен көзге түскен бір топ адамдарға Алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар тапсырды. Марапатталғандар қатарында Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айбек Якен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің оқытушысы Татьяна Алимпеева, «Каzsatnet» акционерлік қоғамы Ақтөбе қаласындағы өңірлік желісінің бас маманы Владислав ­Манченко және басқалары бар.Форумның екінші бөлімі барысында аңғарғанымыз, облыста Елбасы саясатына толық түсіністік танытып, бірнеше тілді жетік меңгерген жастар саны артып келеді. Үш тілде тәрбие беретін №33 «Нұрсәт» балабақшасы атынан бес жасар Алдияр Успановтың өз ойын бір мезетте қазақша, орысша, ағылшынша жеткізгені қандай ғажап! Оңтүстік Корея елінің азаматы, Ақтөбе қаласында Седжонг Хан атындағы Корей тілі орталығының директоры Сон Шимонмен алдын ала әңгі­мелескенімізде отбасында өзі, әйелі Сара, ұлдары Цейон, Цейхун қазақша сөй­лей­тінін айтқан еді. Ол бұл басқосуда да ана тілімізге деген сүйіспеншілігін тебі­рене атап көрсетті. Жиында форумға қа­ты­сушы­лармен сөйлесіп, пікірлерін білген едік.


Арна Рахменова, Ақтөбе қаласын­дағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі: Облыс орталығында №51 гимназия­ны тәмамдаған соң, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің Шығыстану факуль­тетіне оқуға қабылданып, бітіріп шықтым. Әрі қарай өз білімімді магистратурада жалғастырып жүргенмін, көктемге таяу Жапонияның Цукуба қаласында оқу мерзімі бір жыл, үш айлық зерттеу жұмыстарына арналған курсқа шақыру алдым. Жалпы бұл елде оқу жылы көк­темде басталады екен. Жол-пұлы өзі­мізден, барған соң жатақханадан орын берді, ай сайын шәкіртақы төлеп тұрды.
Төрт тілді – қазақ, орыс, ағылшын, жапон тілдерін жетік меңгеріп, жазуына машықтанған қызымыздың тал бойында бір мін жоқ, сауалымызға өзге сөзді қоспай таза қазақша жауап беріп тұр. Бұдан бұрын да аңғарғандай сияқты көп тіл білген адамның ойлау көкжиегі кең, күнделікті тір­лікте айналасындағылармен тез шүйіркелесіп, күрделі мәселелерді жедел шеше қояды. Біз әңгімелескен жастар мәдениеттілігімен өзгелерді баурап алып жатты. Мұндай ықылас-ынта әрқайсысымыздан табылып жатса Қазақстанның мерейі үстем болары даусыз. Форумға қатысушылар облыс жастарына арнап қарар қабылдады.

Қорытынды: Тілді оқып-үйренуді жоғары деңгейге көтеру қажет. Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет. Мемлекеттің тілді білмейтін түлектерді шығаратын жоғарғы оқу орны бар мемлекетті табу қиын. Өз сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев: … Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар — өз функцияларыңды қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек.



Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет