Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады



бет1/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607
.....13-14

-лықты өзгеріс болып жатыр?Келешекте қалай болатынымызды елестете аламыз ба?Бұл турасында жазып, зерттеп,саралап жатқан ғалым-ғұламалар,ойшыл-даналар, ақылман-білгірлер, тәубә делік, баршылық.Барлығы да, өзгерген, дамыған, өскен, өркен жайған, таңқаларлық табысқа жеткен.Абай дәуірінде тіршілік еткен,текті де, есті бір қазақ, зәудеғалам ол дүниеден бұл дүниеге келе қалса, біздің қазақ екенімізді танымайтын халге жетіппіз!Енді таяу он-жиырма жылда,кешегі өмірден өткен аталарымыздың аруағы, бүгінгі ұрпағын қаншама жебеп, демеп күнделікті «араласып» біліп жүрсе де, танымай қалатын түрі бар.Өзгергенімізде өлшем жоқтың бір белгісі осы болар. Сонда, кешегі қазақ танымайтындай, біздің неміз өзгеріпті?Ең әуелі,ауыз екі сөйлеу тіліміз өзгерген-діктен,тәрбиеміз түбірлі өзгеріске ұшыраған. Кәзіргі біздің сөйлеу ырғақ мәнерімізде, әр өлкелік диалект, шет-жұрттық(орыс,қытай, араб,монғол, түрік т.б.)сөз -сөйлем, тіркес тым көбейіп кеткен.Бұл тіліміздің байығанын көрсететін бір өлшем болумен қатар,тіл шұбарлығын танытар көрсеткіш.Ортамызда қазақ бола тұрып, қазақша сөйлей алмайтынымыз тағы бар.Педагогика классигі атанған К.Д.Ушинскийдің мына бір сөзі бар еді:«ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”[21;22 ] Тәлімгеріміз шұбарланған соң тәрбиеміз де шұбарланбай қалай қалсын!Ол-олма адам тәрбиесі «еркіндік» алып, жалпы ұлттық сипатынан айырылып қалған.Шұбарлану бүгінгі қазақтың тілінде ғана емес,ішкен-жеген асында да,киген киімінде де,сырт пішін тұрқында да,керек десеңіз аман-сәлемінде де бар. Бала-лардан бастап, әйелдерге дейін,ерлерден тартып қарттарға дейін алашұбар киім-киеді,қыз-келіншектер :сары,күлгін басты,басы -көзін көкала етіп бояйтын болды.Ұлдар терісіне-етіне оймыш-тап жазу жазатынды шығарды.Амандасса еріндерін түйістіріп, иіскейтін,жаласатынды шығарды. Өздеріне ұнаған соң басқаның шаруасы не?Мен де, әйтеу, өзгерістерді атаған болмаса оларға билік айтпақ ой жоқМөнке бидің айтқаны рас болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет