Ана тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер



бет3/6
Дата04.04.2022
өлшемі80,78 Kb.
#137912
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында
1наурыз алғыс, 3тоқсан дүниетану ТЖ1, тест жаңасы
Əдебиеттану принципі əдеби шығармамен танысып, оны талдағанда іске асады. Сөзге ерекше көңіл бөлінеді, себебі ол көркемдік бейне жасаудың құралы, оның арқасында автор өзінің ойын, сезімін, көңіл-күйін, көзқарасын жеткізеді. Оқушылардың көркемдік бейнені түсінуі ана тілінің бейнелік құралдарын талдау арқылы іске асады, көркем шығарманы талдау барысында онда көтерілген проблемалар, адамгершілік жəне эстетикалық идеялар көркемдік формалар, отан, бейбітшілік, дүние туралы оқушылардың түсінігі толығады.
Əдебиеттану принципі оқытудың бастапқы кезеңінің ерекшеліктерін ескере əдеби шығарманы талдағанда іске асады, көркем образды жасаудың құралы ретінде қабылданады, сөз арқылы автор өзінің ойын, сезімін, идеяларын жеткізеді.
Көркемдік шығармамен жұмыс көркемдік мəнерлік эпитет, теңеулерді талдаумен шектелмеуі тиіс. Бастауыш мектепте тілдің бейнелік құралдарын талдау балаларға көркемдік образдың бүтіндігін сезінуге көмектесуі керек.
Бағдарламаларда əдебиеттану принципі негізгі əдеби жанрларды қамтиды: ертегілер, өлеңдер, əңгімелер, мысалдар, драмалық шығармалардан үзінділер. Оқушылар адамгершілік-эстетикалық идея, «көркем форма», «композиция» сияқты ұғымдардың алғашқы түсініктерін меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет