Ана тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер


Қарым-қатынастық тілдік принципі



бет4/6
Дата04.04.2022
өлшемі80,78 Kb.
#137912
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында

Қарым-қатынастық тілдік принципі — оқушылардың сөйлеу мəдениетін дамыту, кіші мектеп балаларының оқу дағдыларын ұйымдастыру. Əдебиеттік оқу сабақтарының міндеттері сөйлеу əрекетінің түрі оқу дағдыларын тездетуді дамыту: ақыл-ой əрекеті болып есептелінетін дауыстап оқудан, іштей оқуға дейін жеткізу.
Оқу дағдыларын дамыту мыналарды қамтиды: 1-сынып — сөзді құрыстырып оқу тəсілдерін ұйымдастыру, сөзді сөз тіркестеріне, сөйлемдерге біріктіру, жүгіртіп оқудың қарқынын арттыру; 2- сыныпта — іштен оқуды бірте-бірте енгізу; 3–4-сыныптарда — жүгіртіп оқу қарқынын ұлғайту жəне тиімді оқу тəсілдерін меңгеру.
Бастауышта жүгіртіп оқуды ұйымдастырумен қатар, оқығанды түсіну жалпылау жəне негізгіні бөліп алу біліктерін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізіледі. Оқу дағдылары мен тілтану біліктерінен (мəтінді бөлімдерге бөлу, тақырып қою, жоспар құру, оқығанды қысқартып жəне толық айтып беру) басқа, оқушылар оқығанда кездесетін əр түрлі қарым-қатынастық міндеттерді шеше отырып, мəнерлеп оқу тəсілдерін меңгереді, шығарманы талдай отырып, олар ауыз екі тілдегі мəнерлік тəсілдерді мəтінді оқығанда пайдалануға дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет