Қорыта келгенде, бастауыш сыныптарда оқушыларға білім беру мен жалпы мақсатты жүзеге асыруда бірқатар педагогикалық талаптарды орындау қажет деп санаймыз
Қорытакелгенде, бастауыш сыныптарда оқушыларға білім беру мен жалпы мақсатты жүзеге асыруда бірқатар педагогикалық талаптарды орындау қажет деп санаймыз: педагогтар мен балалардың өзара əрекеттерінің жеке тұлғаға бағдарлануы;
бірінші сыныпта оқу қызметін ұйымдастыру кезінде ойындарды сабақтың тақырыбы мен мақсатына қарай қолдана біліп, сабақты ойын түрінде өткізе білу;
əрбір оқушыға іс-əрекет түрін, қажетті құрал-жабдықтарды, жұпты немесе топты таңдау мүмкіндігін беру;
педагогикалық бағалауда оқушы жетістігіне қатысты мəліметті ескеру;
оқушының тұлғалық, жеке бастық, эмоционалды-сезімдік, эстетикалық дамуында оның даралығын сақтауға ықпал ететін білім алу ортасын құру;
бала дамуының аса маңызды факторы ретінде жетекші іс-əрекетті қалыптастыру;
көшірмелік (дайын үлгіні жаңғырту) жəне зерттеушілік шығармашылық іс-əрекеттің, белсенділіктің бірлескен жəне дербес түрін пайдалану.
Əдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 1 наурыз. — 13-б.
Педагогика жəне психология қазақ тілі терминдерінің салалық түсіндірме сөздігі. — Алматы, 2002. — 77-б.
Аймауытов Ж. Психология. — Алматы, 1995. — 78-б.
Жұмабаев М. Педагогика. — Алматы, 1992. — 154,155-б.
Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесінің əдістері. — Қызылорда, 1929. — 58-б.
Рахметова С.Р. Бағдарламалар. 12 жылдық мектептің 1–4 сыныптары (байқау нұсқасы). — Алматы: Атамұра, 2004. — 19-б.