2. Калий йодиді KJсұйытылған күкірт қышқылы қатысында нитрит-термен бос йодқа дейін тотығады:
2J- + 2NO-2 + 4Н+ → J2 + 2Н2О + 2NO↑ Тәжірибе: 4-5 тамшы күкірт қышқылымен қышқылданған нитриттар ерітіндісіне 4-5 тамшы калий йодидінің ерітіндісін құяды. Крахмалданған қағаздың көгеруі арқылы бөлініп жатқан бос йодты анықтайды.
Тәжірибенің жүргізілу шарттары: 1) йодид-ионының тотығу шарттарына сәйкес.
3. Сульфанил қышқылы H2N-C6H4-SО3Hжәне α-нафтиламин C10H7-NН2нитрит-ионымен әрекеттесіп қызыл түске боялған кезде келесі құрамдағы азо-бояғыш түзеді:
H2N-C10H6 -N=N-C6Н4-SО3H Тәжірибе: Бір тамшы бейтараптап немесе сірке қышқылды зерттелінетін ерітіндіге (шыны әйнекке тамызып) бір тамшы сульфанил қышқылы мен бір тамшы нафтиламинді тамызады. NО2– анионы бар болған жағдайда осы реакцияға тән қызыл түс пайда болады.
Тәжірибе жүргізу шарттары: 1) тотықтырғыштар нитрит-ионын NО2– тотықтыруы мүмкін, олар реакция-ға кедергі жасайды;
2) реакцияны зерттелінетін ерітінді құрамында NО2– нитрит ионының аз концентрациясында жүргізу тиімді.
NО2– анионын бөліп алу үшін ерітіндіге қатты аммоний хлориді NН4C1 немесе несеп қышқылын (мочевинамен) қосып қыздыру арқылы іске асыруға болады:
NH4+ + NO2- → N2 + 2Н2О CO(NH2)2 + 2NО2- + 2Н+→ 2N2↑ + CO2↑ + 3H2О Тәжірибе: 4-5 тамшы анықталатын ерітіндіге 5-6 тамшы аммоний хлоридін қосып, байқап қыздыру керек. Пайда болған аммоний нитриті бос азоттың бөлінуі нәтижесінде ыдырайды.
Тәжірибе: Құрамында NО2– анионы бар төрт тамшы ерітіндіде 0,1 г мочевинаны ерітіп, пайда болған ерітіндіге 2-3 тамшы 2н күкірт қышқылын құйыңдар. Біраз уақыт ерітіндіні қойып қойыңдар, содан соң KJ калий йодидымен крахмал қатысында NО2– анионына тәжірибе жасайды. NО2- анионының қатысында NО3–анионының ашылуын тек NО2– анионын толығымен жоғарыдағы әдістер бойынша бөліп алғаннан соң жасау керек.