Ацетат ионын СН3СОО– жеке сапалық реакциялар арқылы жүр-гізіледі.
2.13 Барлық аналитикалық топ аниондары қоспасының анализі
жұмысы үшін зерттелінетін ерітіндінің 30-ға жуық (1,5мл) там-шысын (ерітіндіде тек сілтілік металдардың тұздары бар) алады. Ерітіндінің қалған бөлігін жұмыс аяғына дейін тәжірибені қорытынды жасау үшін қойып қою керек.
Алдын-ала сынау жұмыстары.
Бірінші топ аниондарына сынақ. рН = 7-9 аралығындағы бейтарап неме-се әлсіз сілтілік реакциялы ерітіндінің 4-5 тамшысына осыншама мөлшерде барий хлоридін қосады. Тұнбаның пайда болуы бірінші топ аниондарының бар екенін көрсетеді. Бұл жағдайда әр анион үшін жеке реакцияла-рын жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |