Аналитические группы анионов ► катионов


Калий перманганатының KMnO4 әсері



бет5/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

5. Калий перманганатының KMnO4 әсері.
Сульфит-ионы күшті қышқылдық ортада күлгін түсті MnO4--ионын түссіз Mn2+ - ионына дейін тотықсыздандырады:
5SO32- + 2MnО4- + 6H+ → 2Mn2+ + 5SО42- + 3H2O
Бейтарап ортада қара-қоңыр MnO(OH)2↓ (H2MnO3) тұнбасы түзіледі:


3SO32- + 2MnО4- + 3H2O → 2MnO(OH)2 + 3SО42- + 2OH-


Тәжірибе: 2 сынауық алып әрқайсысына 2-3 тамшы натрий сульфиті ерітіндісін қосады. Біріншісіне 2-3 тамшы H24 және тамшылатып сұйытылған KMnO4 ерітіндісін қосқанда перманганат ионының күлгін түсі түссізденеді.
Екіншісіне KMnO4 ерітіндісін қосқанда қара-қоңыр MnO(OH)2 тұнбасы түзіледі.
6. Сульфит-ионын күкіртті сутегіне дейін тотықсыздандыру реак-циясы.
Сульфит-ионы металдық мырышпен қышқылдық ортада күкіртті сутекке H2S дейін тотықсызданады:
Na23 + 2НСl → 2NaCl + Н2О + SО2
SO2 + 3Zn + 6НСl → H2S + 3ZnCl2 + 2H2О
Бөлініп жатқан күкіртті сутекті қорғасын(ІІ) тұзына батырылған сүзгі қағазының қарайғанынан да байқауға болады:
H2S + Pb(CH3COO)2 PbS↓ + 2CH3COOH
Тәжірибе: Na23 сульфитінің ерітіндісіне кішкене металдық мырыштың түйіршігін салып, үстіне 2н тұз қышқылының ерітіндісін артық мөлшерде қосады. Сол кезде күкіртті сутегінің бөлінгенін иісі арқылы білуге болады немесе қорғасын ацетатымен ылғалданған қағаз қараяды.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) pеакция рН = 4 болғанда жүреді;
2) зерттелетін ерітіндіде басқа тотықсыздандырғыштар болмауы тиіс;
3) тәжірибенің жүруіне тек химиялық таза мырышты қолдану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет