СО32- -карбонат-ионын зерттелінетін ерітіндінің жеке бөлігін пайдалана отырып жеке реакциямен анықтайды. Егер ерітінді құрамында SО32-анионы болса, оны алдын-ала SО42- анионына тотықтыру керек, себебі ол СО32-анионының ашылуына кедергі жасайды. Ол үшін ерітіндіге 8% сутегінің асқын тотығын
құйып, су моншасында қыздырады. Содан кейін ғана ерітіндіні СО32-анио-нына сынауға болады.
SiО32- - силикат ионын ерітіндінің жеке бөлігінен аммоний хлориді немесе тұз қышқылының ерітіндісімен әсер ету арқылы анықтайды.
РО43- - фосфат ионынмагнезиялық қоспа немесе молибден сұйығын зерт-телінетін ерітіндінің бір бөлігіне қосу арқылы анықтауға болады. Егер ері-тіндіде екінші топ аниондары мен SiО32-ионы болатын болса, фосфат ионын РО43-дыкелесі жолмен жүргізеді:
5-6 тамшы зерттелетін ерітіндіге осыншама мөлшерде барий хлоридінің ерітіндісін құяды, тұнбаны центрифугалап, сумен жуып, 2н тұз қышқылында ерітеді. Алынған тұз қышқылды ерітіндіні аммиакпен рН=7-8-ге дейін бей-тараптайды. Оған бірнеше аммоний хлоридінің кристалдарын қосып, сәл ғана қыздырады. Егер поликремний қышқылының тұнбасы пайда болса, сүзіп, РО43-фосфат ионын магнезиялық қоспа немесе молибден сұйығымен анық-тайды.