7. Бояғыштың түссізденуі.
Сульфиттер кейбір бояғыштарды түссіздендіреді, осы қасиетін SО32- ионын үшін қолдануға болады.
Тәжірибе:
Фуксин тамшысын сынауыққа тамызып, оған зерттелетін ерітіндіні тамы-зады. SO32- анионы бар болса ерітінді түссізденеді.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) реакцияны рН=7-8 аралығында жүргізеді;
2) ерітінді қышқылды болса, оны алдын ала NaHCО3 натрий дикарбона-тымен бейтараптайды;
3) S2- анионы кедергі жасайды, себебі бояғышты ол да түссіздендіреді.
Тиосульфат-анионына S2О32- тән сапалық реакциялар
Тиосульфат-ионы S2O32- екі негізді тұрақсыз тио-күкірт қышқылының H2S2O3 анионы (pK1 =0,60,pK2 = 1,72), сулы ерітінділерінде күкірт бөліп ыдырайды:
H2S2О3 → SО2↑ + S↓ + H2О
Сулы ерітінділерде тиосульфат-ион түссіз, гидролизденбейді, өте күшті тотықсыздандырғыш және комплекс түзгіш (лиганд) қасиеті бар.
Негіздік металдардың тиосульфаттары (стронцийдің, цинктің, кадмийдің, марганецтің(II), темірдің(II), кобальттың(II), никельдің(II)) суда ериді, басқа металдардың тиосульфаттары нашар ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |