Аналитические группы анионов ► катионов



бет8/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

1. ВаСl2 барий хлориді СО32- - анионын ақ түсті барий карбонаты түрінде тұнбаға түсіреді, ол күкірт қышқылынан басқа минералды қышқылдарда, сірке қышқылында ериді:
ВаСl2 + Na23 → 2NaCl + BaCО3
Ва2+ + СО32- → ВаСО3
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы натрий карбонаты Na2CO3 мен барий хлоридінің 2-3 тамшысын қосады. Барий карбонатының ақ тұнбасы түзіледі.
Тұнбаға жаймен тамшылатып HCl ерітіндісін қосқанда толық ериді.
2. MgSО4 магний сульфаты. Карбонат-ион CO2- магний сульфатымен магний карбонатының ақ түсті тұнбасын түзеді MgCO3.
Mg2+ + СО32- → MgСО3
Магний карбонатының тұнбасы қышқылдарда ериді. Гидрокарбонат-ион HCO- магний сульфатымен MgCO3 –ын тек қатты қыздырғанда түзіледі:


Mg2+ + 2H СО3 -→ MgСО3 + СО2 + H2O
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-5 тамшы натрий карбонаты Na2CO3 мен сонша магний сульфатының MgSO4 ерітіндісін құямыз. Магний карбонатының ақ тұнбасы түзіледі.
3. AgNО3 күміс нитраты СО32- анионымен ақ тұнба түзеді, ол тұз қышқылынан басқа қышқылдарда ериді:
Na23 + 2AgNО3 → AgNО3↓ + 2NaNО3


4. Минералды қышқылдар көмір қышқылының тұздарын ыдыратады да, көміртегінің (IV) қостотығын бөліп шығарады:
Na23 + 2HCl → 2NaCl + H23
Н2СО3 → Н2О + СО2
Көміртегі тотығын әк суының (немесе барий суы) лайлануы арқылы анықтауға болады, яғни Са(ОН)2 қаныққан ерітіндісі:
Са(ОН)2 + СО → СаСО3↑+ Н2О
Тәжірибе:
Сынауыққа 5-8 тамшы натрий карбонатын немесе натрий гидрокарбонаты ерітіндісін құйып, сонша 2н тұз қышқылын қосады. Жоғары жағына әк суы бар пипетканы орналастырып 2-3 тамшысын тамызғанда әк суының бұлдырланғанын байқауға болады, қышқыл тұз түзілгенде ол жойылады:


СаСО3 + СО2 + Н2О → Са(НСО3)2


Тәжірибені жүргізу шарттары:
1) реакцияны рН < 7 жүргізу керек;
2) әк суы жаңадан дайындалған және түссіз болуы керек;
3) 32- анионы осы реакцияның жүруіне кері әсерін тигізеді.
Осы жұмысты арнайы дайындалған қондырғы арқылы жасауға болады. Ол натрий карбонаты мен қышқыл ерітіндісі бар сынауықтың бетін газ түтікшесі орналастырылған тығынмен бекітіп, соның бос ұшын әк суына батырғанда әк суы лайланады.
5. СО32-- анионын 32-- анионы қатысында анықтау.
32- анионы СО32--ты анықтауға кедергі жасайды, қышқылдармен әсер еткенде, күкірт қос тотығы әк суымен кальций сульфидінің ақ тұнбасы түзі-леді. Сондықтан, 32- анионын анықтай отырып, 42- анионына дейін то-тықтыру керек. Ол үшін СО32- анионын алдында 4-6 тамшы сутегінің асқын тотығын қосып, содан кейін СО32- анионын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет