Аналитические группы анионов ► катионов



бет41/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

Темір хлориді FeCl3 ацетат ерітіндісімен әрекеттескенде (рН = 5-8) қызыл-қоңыр түсті комплексті қосылыс түзеді. Сулы ерітіндісі аздап гидролизге ұшырайды. Ерітіндіні минералды қышқылдармен қышқылдандырса гидролиз бәсеңдейді де ерітіндінің қызыл түсі жойылады.

Қыздырған кезде темір(ІІІ) ацетатының негіздік тұзының [Fе3(СН3СОО6О]ОН ірімшік тәрізді тұнбасы түзіледі (гидролиз әсерінен):
(CH3COO)3Fe + 2H2О ⇄ Fe(OH)2CH3COO + 2CH3COOH
Темір(ІІІ) мен ацетат-ионының концентрациялық қатынасына қарай тұнбаның құрамы әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, FeOH(CH3COO)2,Fe3(OH)2O3(CH3COO), Fe3O(OH)(CH3COO)6 немесе Fe3(OH)2(CH3COO)7.
Тәжірибе:
6 тамшы зерттелінетін ерітіндіге сондай көлемде темір хлоридін FеС13 қосады. Бұл кезде темір ацетатының қызыл-қоңыр тұнбасы түзіледі. Ерітін-діні сумен 2-3 есе сұйылтқанда және қыздырғанда темір ацетатының негіздік тұзы тұнбаға түседі.
Тәжірибе жасау шарттары:
1) СО32-, J-, SО32-, РО43-, S2-, [Fe(CN)6]4-, SCN- -иондары кедергі келтіреді (Fe3+-пен қылы комплексті қосылыстар түзеді). Оларды барий хлоридімен және күміс нитратымен тұнбаға түсіру қажет;
2) реакция рН=5-8 аралығында жүреді;
3) ацетат-ионының артық мөлшерінде ғана тұнба түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет