Аналитические материалы по обучению предметам «история казахстана»



бет6/14
Дата21.04.2017
өлшемі3,99 Mb.
#14476
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2012 жылы «Дүние жүзі тарихы» пәнін 9086 адам, сонын ішінде қазақ тілді 6174 адам, орыс тілді 2912 адам таңдаса (ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санының 7,74%), 2014 жылы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша тестілеуде 5048 адам, сонын ішінде қазақ тілді 3443 адам, орыс тілді 1605 адам тапсырған. (ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санының 5,76%). Салыстырмалы талдау көрсеткендей, 2012 жылмен салыстырғанда, 2014 жылы «Дүние жүзі тарихы» пәнін таңдаушылардың төмендегенін көреміз.



Бұл пән бойынша қазақ тілді мектептерде ҰБТ-ның орташа балының динамикасын көрсететін болсақ (17 – сурет):



17- суретҰБТ-ның орташа балының динамикасы
Дүние жүзі тарихы бойынша ең жоғары көрсеткіш пен ең төменгі көрсеткіштің айырмашылығы 2012 жылы 7,1 балл (О. Жәутіков ат. Респуб.маманд. физика-матем. мектеп 20,05 балл, Абай ат. Респуб. мектеп-интернат 13,40 балл), 2013 жылы 4,09 балл (Алматы қаласы 15,09 балл, Абай ат. Респуб. мектеп-интернат 11,00 балл), 2014 жылы 9,76 балл (О. Жәутіков ат. Респуб.маманд. физика-матем. мектеп 22,00 балл, Солтүстік Қазақстан облысы 12,24 балл). ҰБТ-ның соңғы 3 жыл ішінде көрсеткіш айырмашылығы 6,98 балды көрсетеді [15].

Дүние жүзі тарихы пәні бойынша жалпы 3 жылдық ҰБТ көрсеткіштерін салыстыра қарайтын болсақ, орташа балдарының төмендегені байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылдың ҰБТ қорытындысы қазақ тілді мектептерінде 0,2 балға ғана өссе, қазақ тілді емес мектептерінде -1,6 балға төмендегенін көрсетеді.

«Дүние жүзі тарихы» пәні оқыту қазақ тілді емес мектептерінде

«Дүние жүзі тарих» пәні бойынша салыстырмалы талдау кестесі көрсеткендей, ҰБТ-ның соңғы 3 жыл ішінде ең жоғары орташа балды Астана қаласы мектептерінің түлектері алды (15,10 балл), ал республикалық көрсеткіш 13,73 балды құрады.


14- кесте – Республика бойынша Дүние жүзі тарихын пәнін таңдағандар саны

Облыс атаулары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ақмола

237

144

126

Алматы

330

189

130

Ақтөбе

186

95

87

Атырау

91

66

87

Батыс Қазақстан

118

83

62

Маңғыстау

36

34

23

Шығыс Қазақстан

265

144

142

Жамбыл

137

98

63

Қарағанды

245

186

164

Қызылорда

42

25

27

Оңтүстік Қазақстан

187

128

118

Қостанай

279

155

153

Павлодар

183

122

85

СҚО

188

101

93

Астана қ.

171

99

137

Алматы қ.

181

119

98

О. Жәутіков ат. Респуб.маманд. физика-матем. мектеп

0

0

0

Абай ат. Респуб. мектеп-интернат

0

0

0

Б. Момышұлы ат. Алматы Республикалық мектеп-интернаты

36

19

10

ҚР

2912

1807

1605

Дереккөзі: Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтері

2013 және 2014 жылдардың ҰБТ қорытындысы бойынша Астана қаласынан кейінгі орташа жоғары деңгейі Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Соңғы екі жыл қатарынан жақсы нәтижелерді Астана қаласымен Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тестілеу қатысушылары көрсетіп отыр. Бұл пән бойынша ҰБТ-ның орташа балының динамикасы көрсететін болсақ (18 – сурет).





18 - сурет ҰБТ орташа баллының динамикасы
Дүние жүзі тарихы бойынша ең жоғары көрсеткіш пен ең төменгі көрсеткіштің айырмашылығы 2012 жылы 2,04 балл (Астана қаласы 15,09 балл, Алматы облысы 13,86 балл), 2013 жылы 2,49 балл (Астана қаласы 13,84 балл, Маңғыстау облысы 11,35 балл), 2014 жылы 5,46 балл (Астана қаласы 15,57 балл, Атырау облысы 10,11 балл). ҰБТ-ның соңғы 3 жыл ішінде көрсеткіш айырмашылығы 3,33 балды көрсетеді.

Білім сапасын бақылау, оның тәртібін жетілдіру ұлттық бірыңғай тестілеуге қоғамының назарының күшейгенін жобалайды, олар арқылы ҰБТ нәтижелері бойынша орта білім мәселелеріне ерекше назар аударылады.ҰБТ нәтижелері бойынша оқушылар мәтінді түсіну қабілетіне, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, деңгейлік тапсырмаларды орындай алмаған. Білім сапасын бағалау саласындағы зерттеулер, жоғарғы деңгейдегі оқу материалдарын оқушылардың болашақтағы жетістігіне кепілдік береді. ҰБТ нәтижелері соңғы үш жылда (2012-2014 жж.) «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша білім алушылардың танымдық қызметін белсенді ету, тарихи фактілерді игеру бойынша мұғалімнің жұмысын жетілдіру қажеттілігі туралы айтуға мүмкіндік береді.


2.5 «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері

2012 жылдың сәуір айында тұңғыш рет еліміздің барлық өңірлерінде білім беру қызметі сапасын бағалау, оқу үдерістерін ұйымдастыру тиімділігі және оқушылардың негізгі орта білім деңгейлерін анықтау мақсатында ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау) жүргізілді.

ОЖСБ – білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады. Білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Осы 2011-2012 оқу жылында республиканың 653 жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында 9 - сынып оқушылары үшін оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі өткізілді.

9-сыныптар бойынша ОЖСБ нәтижелерін салыстырмалы талдау оқушылардың «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша дайындықтарының қандай деңгейде екенін анықтайды.

ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау) 2011-2012 оқу жылында «Қазақстан тарихы» пәнінен өткізілді.

«Қазақстан тарихы» пәнінен республика бойынша орташа – 11,5 балды құрады. Жеке-жеке аймақтақтар бөлісіндегі көрсеткішті төмендегі кестеден көруге болады.


15 - кесте – Қазақстан тарихы бойынша ОЖСБ көрсеткіштері

Облыс

ОЖСБ қатысқандар саны

Орташа балл

Қазақстан тарихы

Барлығы

Оқыту қазақ тілінде

Оқыту орыс тілінде

Жалпы

Оқыту қазақ тілінде

Оқыту орыс тілінде

Ақмола

2290

893

1397

11,92

12,00

11,87

Алматы

4454

2753

1701

10,38

10,33

10,46

Ақтөбе

2269

1456

813

8,79

8,07

10,07

Атырау

1253

776

477

12,87

12,77

13,03

Батыс Қазақстан

1594

926

668

11,70

11,96

11,35

Маңғыстау

1104

801

303

10,66

11,21

9,19

Шығыс Қазақстан

3176

1826

1350

12,89

13,35

12,27

Жамбыл

3428

2346

1082

11,73

12,29

10,52

Қарағанды

2844

1772

1072

12,48

12,56

12,35

Қызылорда

1957

1571

386

9,14

8,78

10,61

Оңтүстік Қазақстан

5705

4555

1150

14,05

13,97

14,40

Қостанай

1830

588

1242

9,23

8,73

9,46

Павлодар

1421

522

899

12,05

12,52

11,78

Солтүстік Қазақстан

1452

543

909

10,94

10,76

11,05

Астана қ.

846

260

586

11,33

11,00

11,48

Алматы қ.

2176

998

1178

10,23

11,23

9,38

Қазақстан Республикасы

37799

22586

15213

11,55

11,75

11,25

Дереккөз: Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет