Аналитические материалы по обучению предмету «география» Астана 2015



бет1/7
Дата01.04.2017
өлшемі3,32 Mb.
#12825
түріАналитические материалы
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Национальная академия образования имени И. Алтынсарина






«ГЕОГРАФИЯ» ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША

ТАЛДАМАЛЫ МАТЕРИАЛДАР

АНАЛИТИЧЕСКИЕ МАТЕРИАЛЫ

ПО ОБУЧЕНИЮ ПРЕДМЕТУ «ГЕОГРАФИЯ»

Астана


2015

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 17 сәуір № 3 хаттама).

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 3 от 17 апреля 2015г.).

«География» пәнін оқыту бойынша талдамалы материалдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. 106– б.


Аналитические материалы по обучению предмету «География». – Астана: НАО имени И.Алтынсарина, 2014. 106 – с.

Талдамалы материалда жалпы білім беретін мектептердегі география пәні оқу бағдарламаларының, оқулықтарының, оқушылардың білім сапасының, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар нәтижелерінің талдауы, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жұмысы, педагогикалық тәжірибе мен инновациялар туралы деректер берілген.

Басылым білім беру басқармалары өкілдеріне, білім беру мекемелері мұғалімдеріне, біліктілікті арттыру институттары басшыларына, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен авторларына арналған.
В аналитическом сборнике отражен материал состояния обучения предмету «География» в общеобразовательных школах за 3 года, описаны уровни подготовки учащихся, методика и практика обучения, опыт и инновации.

Издание адресовано работникам организаций образования, институтов повышения квалификации учителей, авторам учебников и учебно-методических комплексов.



© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2014

© Национальная академия образования

им. И. Алтынсарина, 2014



Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жастарға білім беруді жетілдіруге айрықша көңіл бөлінген. Елбасы: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы аса маңызды» - деп атап көрсеткен болатын [1].

Мемлекеттік саясатымыз еліміздің экономикасын жақсарту және одан әрі өсіру үшін білім беру саласына ерекше назар аударып отыр. Сондай-ақ, адам капиталын қалыптастыруды, атап айтқанда, өздігінен және шығармашылық тұрғыда кәсіби міндеттерді шеше алатын, қызметтің тұлғалық және қоғамдық мәнін саналы түрде ұғынатын, оның нәтижесіне жауап бере алатын құзыретті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін жаңарту негізгі бағыт болып анықталған. Сондықтан қазіргі кездегі қоғамның дамуына тән сипат білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады, бұл өз кезегінде өзін-өзі жүзеге асыруға, басқаруға, реттеуге, қоршаған ортада әлеуметтенуге қабілетті тұлға тәрбиелеумен, заманауи өркениеттегі адам рөлінің жоғарылауымен байланысты және тұлғаның дамуына ықпал ететін өзіндік ішкі механизмдері: өзін-өзі тану, анықтау, мен дамытуды белсендендіру – білім беру үдерісінің басты мақсаты болып табылады. Жалпы орта білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру жүйесінің даму бағыттарын, даму траекториясын айқындау және соның негізінде күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан қол жеткізуге бағытталған білім беру жүйесін жетілдірудің қажеттілігі арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес,«География» пәні «Жаратылыстану» білім саласына енгізілген мектептің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде міндетті түрде оқытылатын пән. «География» пәнінің білім мазмұны оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Бұл талдамалы материалда еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне арналған география пәні бойынша:



  1. оқу материалдарын талдауды;

  2. оқушылардың дайындық деңгейін;

  3. пән бойынша білім берудің жағдайын;

  4. географияны оқытудың әдістемесі мен тәжірибесіндегіинновациялар -

ды зерделеу және анықтау мақсаты көзделген.

1 Жалпы білім беретін мектептердегі география бойынша оқу материалдарын талдау
Елбасы 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындаоқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады[2].

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады [2].



Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдарының іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес бекітілген [3].

Орта білімді ресурстық қамтамасыз етудің негізгі элементтері МЖББС – типтік оқу жоспарлары – оқу бағдарламалары – оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру үдерісі 2012 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен №500 бұйрығына сәйкес типтік оқу жоспарлары (әрі қарай – ТОЖ) негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес типтік оқу жоспарында пәнді оқуға бөлінетін міндетті және вариативтік сағат саны анықталған.

2010 және 2012 жылдардағы ТОЖ салыстырмалы талдауы негізгі орта білім деңгейінде апталық оқу жүктемесінің 6-сыныпта 0,5 сағатқа және 9-сыныпта 1 сағатқа ұлғайғанын, жалпы орта білім деңгейінде өзгеріссіз қалғанын көрсетеді (1-кесте).

1-кесте – Жалпы орта білім деңгейіндегі типтік оқу жоспарларының салыстырмалы кестесі


Сыныптар

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

ТОЖ (2010 ж)

ТОЖ (2012 ж)

6

1,5

2

7

2

2

8

2

2

9

1

2

10 ЖМБ

2

2

10 ҚГБ

1

1

11 ЖМБ

2

2

11 ҚГБ

1

1


6-сыныпта географияның бастапқы курсы оқу жүктемесін 0,5 сағатқа ұлғайту оқушылардың білік және дағдыларын дамыту қажеттілігімен сипатталады.

9-сыныпта Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география курсын меңгеруге бөлінген оқу жүктемесінің 1 сағатқа артуы (аптасына 2 сағат), функционалдық сауаттылықтықты дамытуға бағытталған практикалық жұмыстар мен тапсырмалар көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

Республикамыздың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу үдерісі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында айқындалған мақсат және міндеттерге сәйкес әзірленген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітіліп, 2010 жылдың 1-қыркүйегіндегі және 2013 жылғы 3-сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітіліп 2013 жылдың 1-қыркүйегінен қолданысқа енгізілген оқу бағдарламалары «География» пәнін оқытудың мазмұндық, құрылымдық және әдістемелік талаптарына сай ұсынылған.

Жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіздеме болған проблемалар:

1) жүйелік іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру арқылы практикаға бағдарланған іс-әрекетті күшейту;

2) білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

3) білім беру деңгейлері бойынша оқу материалдарын қайта бөлу және пәнаралық кіріктіруді күшейту жолымен пән мазмұнын жүйелеу;

4) жалпы орта білім мазмұнын бейіндік бағытын және саралауды күшейту;

5) қазақстандық компонентті күшейту;

6) тәрбие әлеуетін күшейту;

7) практикалық, жобалық зерттеу жұмыстарын және эксперименттік тапсырмалардың көлемін көбейту;

8) бағдарламаға заманның талабына сай әлемдік жаңалықтары мен Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдарын енгізу [4].



Аталған мәселелерді негізге ала отырып, бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізілді (2-кесте).
2-кесте – География пәнінің 2010 және 2013 жылғы оқу бағдарламаларының салыстырмалы талдамасы


2010 жылғы бағдарлама

2013 жылғы бағдарлама

1

2

6-сынып

Жылына 51 сағат,

аптасына 1,5 сағат



Жылына 68 сағат,

аптасына 2 сағат



6-сыныптағы «География» пәнінде бастапқы география курсы оқытылады, яғни оқушылар «география» ғылымының негізімен танысады

Бағдарламада 9 практикалық жұмыстың тақырыбы анықталған, алайда бұл жұмыстарды орындауға уақыт бөлінбеген

Оқу жүктемесінің 0,5 сағатқа артуы, функционалдық сауаттылық негіздерін қалыптастыру қажеттілігінен туындады.

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды орындау барысында «Жергілікті жердің планын түсіру», «Өз өлкесінің ауа-райы жайлы материалдарды өңдеу және талдау»,«Өз өлкесінің табиғат зонасына сипаттама жасаудың жоспары және шығармашылық сипаттама» тақырыптарына практикалық жұмыстар орындау арқылы өлкетану компонентін жүзеге асыруды көздейді



7-сынып

7-сыныпқа арналған «География» пәнінде дүние жүзінің материктері мен мұхиттарының физикалық географиясы оқытылады.

Жылына 68 сағат,

аптасына 2 сағат



Жылына 68 сағат,

аптасына 2 сағат



Мұхиттарды оқуға сағат қарастырылмаған.

Материктерді оқу Еуразия материгінен басталады




«Дүниежүзілік мұхит» бөліміндежер бетіндегі мұхиттарды жеке-жеке оқып-зерделеу мүмкіндігі берілген.

«Жеңілден қиынға» дидактикалық ұстанымына сәйкес, материктерді оқу Африкадан басталады, одан кейін Аустралия, Антарктида, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка және Еуразия оқытылады. Материктердегі аймақтар мен елдерге қатысты материалды оқыту барысында Қазақстан Республикасымен қарым-қатынас сұрақтары қарастырылады, яғни қазақстандық компонент ескерілген.



8-сынып

Жылына 68 сағат,

аптасына 2 сағат



Жылына 68 сағат,

аптасына 2 сағат



8-сыныптағы «География» пәнінде Қазақстанның физикалық географиясы оқытылады. Бағдарламалардың базалық мазмұнында айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Алайда соңғы бағдарламада практикалық жұмыстар нақты сұрақтарды қарастыруымен және өлкетану материалдарын қамтуымен ерекшеленеді.



9-сынып

Жылына 34 сағат,

аптасына 1 сағат



Жылына 68 сағат,

аптасына 2 сағат



9-сыныптағы «География» пәнінде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқытылады. Негізгі орта мектеп оқушылар еліміздің шаруашылығымен танысады.

Еліміздің экономикалық және әлеуметтік географиясын оқуға уақыт аз бөлінген. Практикалық жұмыстардың мазмұны нақты берілмегендіктен, талдаулар мен салыстыруларды Қазақстанның барлық аумағына жасау қажет болды. Бұл өте күрделі және оқушылардың қызығушылықтарын төмендетеді

Апталық сағат санының артуы нәтижесінде Қазақстан аумақтарының шаруашылығы мен әлеуметтік жағдайын ауқымды қарастыру мүмкіндігін береді. Бағдарламаның практикалық бөлімі жекелеген аумақтар мен нысандарды салыстыруға арналған нақты тапсырмалар енгізу арқылы күшейтілген. Қазақстан экономикасы, аймақтардың даму ерекшеліктері, еліміздің шаруашылығындағы инновациялық өзгерістер, экономика дамуының нарықтық, аралас модельдері туралы білім мен көзқарасты қалыптастыруға жағдай жасалған.




Негізгі орта мектептің 6-9-сыныптарына арналған «География» пәнінің оқу бағдарламаларында әр бөлімнің сонында практикалық жұмыстарды орындауға арнайы сағат бөлінген. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар бөліп көрсетілген.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

6-7-сынып, 8-9-сынып және

10-11-сынып оқушылары үшін ортақ талаптар әзірленген



6, 7, 8, 9, 10, 11-сынып оқушылары үшін талаптар жеке-жеке әзірленген

Оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын жүйелі-әрекеттік нәтижелер әзірленген.

«Жалпыдан жекешеге» қағидасын ұстана отырып, 10-11-сыныптардың оқу бағдарламасында алдымен жалпы географиялық, содан соң аймақтық заңдылық сұрақтары қарастырылады. Оқу бағдарламасы тарихи-географиялық және елтануға бағытталып әзірленді, бұл қазіргі заманның әлемдік және аймақтық экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.

10-сыныпқа арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы бағдарламаға «Тарихи-географиялық аймақтар» тақырыбы енгізілді. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи-географиялық аймақтарды оқудан басталады. Жекелеген тақырыптарды оқудың реті өзгертілді, мысалы, алдыңғы тақырыппен логикалық байланысты «Дүние жүзінің халқы» тақырыбы, содан соң «Табиғат ресурстары» оқытылады. Ал, «Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүние жүзілік шаруашылық» тақырыбының маңыздылығы ескеріліп, бөлек берілді. Орталық Азия аймағы 10-сынып бағдарламасының соңғы тақырыбы болғандықтан, бірізділікті сақтау мақсатында 11-сынып бағдарламасының мазмұны Азия елдері мен аймақтарын оқудан басталады, содан соң Еуропа, Америка, Африка, Аустралия мен Мұхит аралдары қарастырылады. Антарктика мен Антарктида тақырыбын оқуға бір сағат бөлінеді.

Дүниежүзі экономикасында елеулі орын алатын жетекші елдер тақырыптарының мазмұнында экономикалық-географиялық сипаттама беріледі, бұл елдердің Қазақстан Республикасымен экономикалық қарым-қатынасына ерекше көңіл аударылған.

Оқушыны тұлғалық, дүниетанымдық дамыту міндеттері «Адамзаттың ғаламдық проблемалары және оларды шешу жолдары» бөлімінде табиғат, қоғам және экономиканың өзара күрделі қатынастарын оқу және талдау барысында жүзеге асады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлама дүниежүзі шаруашылығының тарихи, өндірістік өзгеріс кезеңдері, қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге негізделген экономикалық жүйе және ғылыми-техникалық революция туралы білімді дамытуға бағытталған. ТМД және Шығыс Еуропа елдерін оқу барысында ХХ ғасырдың аяғында Еуразияның саяси картасындағы өзгерістерге себеп болған қоғамдық-тарихи және экономикалық үдерістерге талдау жасайды [5].

Оқу бағдарламасында әр түрлі практикалық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асатын жүйелі-әрекеттік нәтижелер, пәндік нәтижелер (оқушылар білуі тиіс, орындай алуы тиіс) және тұлғалық нәтижелер көрсетілген.

Жалпы білім беретін мектептерде «География» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы туралы, саналы бірлестігі бар ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктерін және көзқарастарын дамыту, Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту [5].

Сонымен, «География» пәні бойынша 2010 және 2013 жылы әзірленген оқу бағдарламаларының айырмашылығы: 6-шы және 9-шы сыныптардағы сағат санының артуында. Практикалық жұмыстар оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын, яғни функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұнында қазақстандық компонент кеңейтілген, тәрбиелік мәніне назар аударылған, тәжірибелік, жобалық-зерттеушілік тапсырмалардың саны арттырылып, заманауи әлеуметтік-экономикалық жаңартуға әсер ететін жаңа материалдар қосылып, оқу материалдарын іріктеу және пәнаралық кіріктірілуін нығайту бағытында жүйеленген.

TIMSS халықаралық зерттеулері мен Қазақстанның бастауыш және негізгі орта мектептерінің жаратылыстану білім саласы бойынша оқу бағдарламаларының салыстырмалы талдауы халықаралық зерттеудің тест тапсырмаларының кейбір тақырыптары еліміздің бастауыш және негізгі орта мектептерінде оқылатындығын көрсетті. Бірақ қазақстандық мектеп білімінің мазмұны шамадан тыс «теорияландырылған» деген сипаттамаға ие. Білім берудің жаңа бағдарламаларын және кіріктірілген курстар енгізген елдер жақсы нәтижелер көрсеткен [6].

«Жалпы білім беретін мектептердің 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық зерттеулерінің нәтижелері» Ұлттық есебінде Қазақстан мектептері оқушыларының халықаралық зерттеулерге дайындық деңгейіне талдау жасалған. TIMSS тапсырмаларының мазмұндық блогында география пәнінен тестік тапсырмалар 20%-ды құрайды. Оқушылар Жердің құрылысы және физикалық сипаттамасы, үдерістері мен кезеңдері, Күн жүйесіндегі орны туралы білімдерін көрсетулері тиіс. География саласы геология, астрономия, метеорология, гидрология, мұхиттану тақырыптарын қамтиды. TIMSS-2011 «Science Framework» құрылымдық құжатында аталған сала бойынша келесі тақырыптарды бағалау белгіленген: 1-құрылымы және физикалық ерекшеліктері, 2-Жердің үдерістері мен кезеңдері, ресурстары, оларды тиімді пайдалану, 3-Күн жүйесіндегі және Галактикадағы орны т.б.

6-7 сыныпқа арналған оқулық материалдары бойынша білім алушылар қандай нәтиже көрсете алатынына тоқталайық.

Тест тапсырмаларының (ашық типті) орындалуын талдау барысында ғылыми-жаратылыстану дайындық деңгейінде оқушы жауаптарының логикалық ұсынымын бағалау көзделген. Тестке қатысушы еркін (өздігімен) жауап қайтаруы мүмкін. 7-сыныпқа арналған «География: материктер мен мұхиттар» оқулығында (авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К. Қаймулдинова, Алматы, «Атамұра», 2011 ж.) «Жер қыртысының құрылымы», «Жер бедері» тақырыптары жақсы баяндалған. Тапсырмаларды орындаудың пайыздық көрсеткіштерінің төмен болу себебі – сұрақтардың немесе жауаптардың стандартқа сәйкес құрастырылмауында. «Қолдану» әрекеті түрінің оқу-танымдық тапсырмалары, бұрын алынған білімді күнделікті өмірде қолдана білу, сонымен қатар логикалық ойлау мен пайымдау білігін бағалауға бағытталған. Тест тапсырмаларының тақырыптары 6-сыныпқа арналған «Физикалық география» курсынан бастап (авторлары: А.Б.Бірмағамбетов және К.Н. Мамырова, Алматы, «Атамұра», 2011 ж.) оқылады. 7-сыныпта «Географиялық қабық заңдылықтары» тақырыбын, «Биіктік белдеулерді» қарастыру барысында білімнің өзектілігі артады. Тест тапсырмасында «джунгли» ұғымы қолданылады. Сонымен қатар, қазақстандық мектептердің оқу бағдарламаларында «ылғалды экваторлық ормандар, «ауыспалы ылғалды (сонымен бірге муссонды) ормандар» ұғымдары да қолданылады. Қазақстан 9/10 аумағының жер бедері жазық болғандықтан және оқушылардың көпшілігі таулы жерде болмағандықтан, таулы өлкенің табиғатын бақылау тәжірибелері жоқ. Осы тақырыпқа сәйкес тапсырманы қазақстандық оқушылардың 24,3% жақсы орындаған. Оқу құралдарын әзірлеу барысында «қолдануға» арналған тапсырмаларды енгізуді ескеру қажет [6].

Орта білімді ресурстық қамтамасыз етудің негізгі элементтері – жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер.

Оқулық – жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісіне мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік оқу жоспары негізінде, сонымен бірге пән бойынша жүйелі түрде мазмұндалған, игеру міндетті оқу материалдары енгізілген негізгі кітап.

Оқу-әдістемелік кешен – мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға және пәннің базалық мазмұнында көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және терең меңгеруге арналған оқу құралдарының кешені.

Оқу басылымдарының сапасы білім сапасын арттырудың ажырамас құрамдас бөліктері болып табылады және оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленеді. Осыған орай, оқулықтарды жетілдіру білім аясындағы басымдылыққа ие мемлекеттік міндеттердің бірі болып саналады. Нақты бағыт бойынша оқу әдебиетін әзірлеу, оны сараптау мен басылымнан шығару жүйесі сапалы түрде өзгеріске ұшырады, оқулықтар мен ОӘК-ді әзірлеу үрдісін әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету проблемасы қайта қаралып, оның өзектілігі арттырылды.



География пәнінің оқу басылымдары оқулық, оқыту әдістемесі, әдістемелік нұсқау, хрестоматия, мұғалім кітабы, оқушыларға арналған жұмыс дәптері, атлас (кескін карталар жинағымен бірге), дидактикалық материалдар, тест материалдары, аудиовизуалды және мультимедиалық құралдар, электронды оқулық, интерактивті тақтаға арналған электронды құрал, сыныптан тыс оқуға арналған қосымша әдебиеттер және басқалар болып бөлінеді.

Бүгінде республиканың жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 515 бұйрығына» сәйкес оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады [7].

Жалпы орта білім беретін мектептерде география пәнін оқытуға арналған қолданыстағы оқулықтар (негізгі және баламалы), оқу-әдістемелік кешендері мен құралдарын әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесіне сәйкес, келісілген міндетті тәртіптермен сараптамадан өткізіледі.

Оқулықтарды сараптау барысында оқулық материалдары мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, оқу бағдарламаларына сәйкестігі, оқыту сабақтастығының сақталуы, ғылыми негізділігі, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі бағаланады.

Бұдан әрі бірнеше оқулықтың, оқу әдістемелік кешендердің сараптамалық сипаттамасы берілді, мысалы:



  1. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығы. Авторлары: Е.Ахметов, Т.Увалиев, Қ.Ахметов. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2014 жыл.

Аталған оқулықта оқу материалы жүйелі баяндалған, қазіргі әлемдегі оқиғаларды суреттейді. Халықаралық ұйымдарға, олардың дүниежүзілік шаруашылықтағы рөліне нақты баға береді, ғылыми, саяси және экономикалық ұғымдарды түсіндіреді. Оқу материалдарын іріктеу және баяндау барысында оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейі ескерілген. Ғылымилық және қол жетімділік принциптері сақталған, оқуға арналған мәтіндер логика тұрғысынан дәл мазмұндалған. Пәнішілік (физикалық география, материктер мен мұхиттар географиясы, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы) және пәнаралық (тарих, физика, химия) байланыс байқалады.

Бөлімдердің соңында параграфтың негізгі мәтінін толықтыратын қосымша мәтіндер берілген. Параграфтың ішінде де, қосымшада да материалды тереңірек меңгеруге көмектесетін кестелер, диаграммалар, сызбанұсқалар бар. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін көрнекі материалдардың атауы және түсініктемесі бар.

Оқушылардың алған білімін күнделікті өмірде қолдануға бағытталған іздеушілік, зерттеушілік, пікірталастық, жағдаяттық сұрақтар мен тапсырмалар жеткіліксіз. Балалардың болашақ мамандығын таңдауға кәсіби білім беретін тапсырмалар аз.


  1. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған «География. Дүниежүзіне аймақтық шолу» оқулығы. Авторлары: Ә.Бейсенова, К.Қаймулдинова, С.Әбілмәжінова, Ж.Достай. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2011 жыл.

Оқулық материалы жүйелі баяндалған, қазіргі әлемдегі оқиғаларды суреттейді. Оқу материалын мазмұндау барысында оқушылардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері ескерілген, бұрын оқылған материалмен өзара сабақтастық сақталған. Мәтіндер сипаттау әдісі арқылы баяндалған, әр практикалық тапсырмаға түсініктеме материал берілген. Негізгі және түсініктеме мәтіндердің ара қатынасы нормаға сәйкес келеді.

Оқулықтағы тапсырмалардың басым көпшілігі білімді еске түсіруге арналған, қолдануға, пайымдауға бағытталған тапсырмалар мөлшері аз. Презентация мен көрсетілім жасауға, проблеманың шешімін іздеуге, түсіндіруге, қорытынды шығаруға арналған тапсырмалар санын көбейтуді қажет етеді.



  1. «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпқа арналған жұмыс дәптері. Авторы: Г.М.Түсіпбекова. «Мектеп» баспасы, 2014.

Құрал география пәнінің типтік бағдарламасы және жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығына сәйкес әзірленген. География сабақтарында оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытады.

Жұмыс дәптері оқулық элементтерінің бірізділігін қамтиды. Оқу материалын сұрыптауда және баяндауда оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейлері ескеріледі, ғылымилық, логикалық ұстанымдар сақталған. Оқулықішілік және оқулықаралық байланыс қарастырылады.

Оқу материалының әдістемесі тапсырмалар, практикалық жұмыстар түрінде баяндалған. Кескін карталармен жұмыс тереңдетілген білім алудың қосымша көзі болып табылады. Ақпараттық құндылықты өзіне жинақтаған кестелер, диаграммалар, сызбалар берілген. Аталған құрал оқушылардың пән бойынша білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді, зияткерлік қабілеттерін дамытады. Дегенмен, гипотезаларды жинақтауға, түсіндіруге, тұжырымдауға, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жетіспейді.


  1. Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» бойынша дидактикалық материалдар. Авторлары: Г.Утеева, С.Абсалямова, А.Утеева. «Мектеп», 2014.

Құрал география пәні бойынша білім берудің типтік бағдарламасына және жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығына сәйкес келеді.

Дидактикалық материалдар оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, география пәніне қызығушылығын және білімді өз бетімен меңгеруге ұмтылыстарын арттырады. Оқу материалы бірізді және дұрыс баяндалған, үш деңгейлі тапсырмалар берілген. Оқу материалын сұрыптауда және баяндауда оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейлері ескеріледі. Өмір шындығына жақын мәселелер нақты қарастырылады. Этика, эстетика, қоғамтану, әдебиет, Қазақстан тарихы пәндерімен оқулықішілік және оқулықаралық, сонымен қатар пәнаралық байланыс қарастырылады.

Тестілік тапсырмалар және сұрақтар ойлау іс-әрекеттерін дамытуға ықпал етеді, қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі, белсенділікті оятады, зияткерлік қабілеттерін дамытады және дұрыс жауаптарды іздеуге арналған білімнің жоғары деңгейін талап етеді.

Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар өте аз, бұл мәселе халықаралық мониторингтік зерттеулерге дайындықты сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр.



  1. Жалпы білім мектептердің 7-сыныбына арналған «География. Материктер мен мұхиттар» оқулығы. Авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, ККаймулдинова. Алматы «Атамұра» 2012 ж.

Оқулықтың мазмұны оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктеріне сәйкес әзірленген. Оқулықтың теориялық материалы анық, нақты және түсінікті, суреттермен, сызбалармен, кестелермен, түсініктеме мәтіндермен бекітілген. Ұғымдық, фактологиялық қателер жоқ. Оқу басылымының мазмұны оқушыларға экологиялық тәрбие беруге, шығармашылық белсенділікке бағыттайды. Жер шары табиғатының негізгі ерекшеліктері, материктер мен мұхиттар табиғатының алуантүрлілігі туралы оқу материалы оқу бағдарламаларына сәйкес жүйелі баяндалған. Оқулықтың әр параграфына, бөліміне соңында сұрақтар мен деңгейлік, шығармашылық, практикалық тапсырмалар берілген. Негізгі, қосымша және түсініктеме материал, баяндалу тілі оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес және түсінікті берілген. Оқулықтың кейбір параграфтары қосымша ақпараттардан тұрады, оқушылардың білім деңгейіне байланысты оқуға сараланған түрде келуге мүмкіндік береді. Бірақ, оқушылардың алған білімдерін қолдануға арналған жобалық, зерттеушілік пікірталастық, жағдаяттық тапсырмалар, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жеткіліксіз.

Оқу-тәрбие үдерісінде аталған басылымдардан басқа география пәнінен ақпараттық технологиялар – электрондық оқулықтар да қолданылады.

Электрондық оқулықтар – оқу бағдарламасына сәйкес пәннің мазмұнын толық қамтитын электрондық басылымдар. Электрондық басылымдар оқу үрдісіне қажетті теориялық материалдарды, жаттығуға арналған жұмыстарды, оқушының білім деңгейін тексеруге болатын бақылау жұмыстарын қамтиды. География пәні бойынша білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген білім беретін электрондық басылымдар тізбесі жоғарыда аталған бұйрықтарда берілген.

Сонымен жалпы білім беретін мектептерге арналған «География» пәні оқулықтарының мазмұны оқушылардың жас, психологиялық және тұлғалық мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Оқулықты құрастырудың теориялық (концептуалдық) негіздері оқулықтың құрастырылу принциптері, оның мазмұнына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар, сонымен қатар дидактиканың ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік принциптерін, пәнаралық байланысты, пәннің «білу», «түсіну», «қолдану», «саралау», «бағалау» т.б. оқу мақсаттары ескерілген.География оқулықтарындағы теориялық материалдар түсінікті тілмен баяндалған, түсініктеме берілген мәтіні бар әртүрлі суреттермен, сызбанұсқалармен, кестелермен толықтырылған. Тақырыптардың мазмұнында келтірілген ғылыми деректер дәлелденген, ұғымдардың түсініктемелерінде фактологиялық қателіктер жоқ. Оқу басылымдарының мазмұны оқушылардың танымдық қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған. Оқулықтардың кейбір параграфтарында оқушылардың білім деңгейін ескере отырып, саралап оқытуға мүмкіндік беретін қосымша ақпарат бөлімдері бар. Сонымен қатар, жекелеген оқулықтардың бөлімдері, параграфтары соңында деңгейлік практикалық тапсырмалар берілген.



Қолданыста жүрген оқулықтардың жағымды жақтарын айта отырып, кемшіліктері туралы айтпауға болмайды. География пәні бойынша оқу құралдарының мазмұнында зерттеу, іздеу жұмыстарына, пікірталас, жағдаяттық мәселелерге бағытталған тапсырмалар жеткіліксіз. Зерттеушілік, іздеушілік, пікірталастық, жағдаяттық тапсырмалар оқушылардың меңгерген білімдерін өз беттерінше ізденуге, сонымен қатар түсіну, мақсатты тұжырымдау, іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру, нәтижені бағалау және саралау (рефлексия) арқылы практикаға бағытталған және аналитикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар қажет.

Оқулықта білімді еске түсіру мен қайта жаңғыртуға арналған тапсырмалар басым, ал алынған білімді күнделікті өмірде қолдануға, тұжырымдауға бағытталған тапсырмалар аз. Презентациялар мен көрсетілімдер, қорытындылар, талдау, саралау, проблеманың шешімін ұйымдастыруға арналған тапсырмалар, қорытындылау, түсіндіру, болжам жасау, жобалау, жоспарлау, яғни функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жеткіліксіз.

Сонымен қатар, географиялық нысандардың атауларын, олардың дұрыс жазылуы мен картада орналасуын, оқушылардың есте сақтауын бекіту мақсатында оқулықта географиялық номенклатураның нақты минимумы жүйелі түрде көрсетілмеген.

Ұсыныстар:



  1. Жалпы білім беретін мектептерде география пәнін оқуға қызығушылықты арттыру және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында шығармашылық белсенділікті, мектеп оқушыларының зияткерлік әлеуетін дамытатын тапсырмалар енгізу.

  2. Оқушылардың логикасын, сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылығын дамытуға бағыттайтын жобалау, жоспарлау, шешім шығару, қорытындылау, бағалау, талдау сипатындағы тапсырмалардыенгізу.

  3. Оқулық материалына «жасыл экономикаға» қатысты тапсырмалар енгізу.

  4. Көрнекі материалдар қосу.

  5. Оқулыққа қосымша ретінде интернет ресурстар мен электрондық оқулықтарға сілтемелер жасау.

  6. Кәсіптік бағыттағы сұрақтарға көңіл аудару.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет