Аналитикалық бөлім 1Практика базасына сипаттама 5


Өндірістегі зиянды және қауіпті жағдайларға талдау жасау



бет6/8
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#79201
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әлжапарова Арайлым

3.2 Өндірістегі зиянды және қауіпті жағдайларға талдау жасау


Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау нұсқауы ЕОЖ 4559-88 «Есептеу орталықтағы жұмысшылар үшін уақытша санитарлық нормалар мен ережелер» және компьютерлік бейне дисплей терминалдағы қолданушылардың еңбегін қорғау жөніндегі оқу-әдістемелік құралдары негізінде ұйымдастырылған.


«Интеркомп – аутсорсинг Казахстан» мекемесінің құрылыс жұмыстарына кеткен шығынды есептеу бөлімінің қызметкерінің жұмыс орнының еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік нұсқауының талаптары МЕСТ12.2.032-78. стандартқа сәйкес төмендегідей нұсқаулықтар негізделген:

  1. ЭЕМ компьютерлерінде жұмыс істеуге жоғарғы оқу орнын бітіргендер, медициналық тексеруден өткендер және еңбекті қорғаудан білімдерін тексергендер, оқытылғандар және электрлі қауіпсіздіктен бірінші біліктілігін арттыру тобы бар адамдар рұқсат етіледі.

  2. Компьютерлерде жұмыс істеу үшін жоғарғы оқу орнын енді бітірген, тәжірибе алушылар тек қана электрлі қауіпсіздіктен 3-ші біліктілігін арттыру тобы бар білімді жұмысшылардың басқаруыменен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

  3. Дисплей немесе мониторлармен жабдықталған жұмыс орнында еңбек ету келесі зиянды және қауіпті факторлармен байланысқан:

  • Көз ауруы

  • Еңбектің монотондығы

  • Статикалық электрдің жоғары деңгейі

  • Дисплей экранының жарықтандырылуы

  • Көңіл-күйдің ауырлығы

  • Электрлік тоқпен зақымдану мүмкіндігі

Жұмыс басында қойылатын қауіпсіздік талаптар:

  • Сыртқы киімді және жеке заттарды сыртқы киімді ілетін жерде қалдыру. Жұмыс үстелінен қажет емес барлық заттарды алып тастау;

  • ДЭЕМ-ның жүйелік қорабының үстіне кітаптарды, қағаздарды, құжаттар мен басқа да заттарды қоюға рұқсат етілмейді;

  • ДЭЕМ-сын басқа электрлі құрылғылармен бірге қосуға рұқсат етілмейді;

  • Қажет жағдайларда жасанды жарық немесе үстелдік шамды қосу керек;

  • ДЭЕМ қорабының қақпағын, қауіпсіздік қаптамалардың беріктігін көру және құралдарды қосатын желілердің дұрыстығына көз жеткізу керек;

  • Дисплей экран бетінің шаңдануына және баспаға шығару құрылғысының шұңқырына қағаздың дұрыс орналасқанына көз жеткізу керек. Жүйелік қораптағы желдеткіш ішіне шаңның толып қалмауын және басқа құралдардың кіріп кетпеуін қадағалау;

  • Орындықтардың биіктігін және аяқ қойғыштың орналасуын тексеру керек. Монитор экранын көзден дұрыс орналастыру керек;

  • Жұмыс барысында қауіпті жағдайлар туындағанда немесе байқалғанда оны дереу бөлімді басқаратын басшыға хабарлау керек.

Жұмыс уақытысында қойылатын қауіпсіздік талаптар:
1.ЭЕМ компьютерін қосқанда оның тек қана пайдалануға арналғанбөліктерінен ұстау керек. ДЭЕМ қораптарын рет-ретімен қосу үшін пайдалануға арналған нұсқауды оқып шығуы керек;
2.Статикалық электр дәрежесінің туындауынан сақтану үшін дисплейдің экран бетін ұстауға рұқсат етілмейді;
3.Компьютерде жұмыс істеу ұзақтығы 4 сағаттан аспауы керек. Әр 2 сағат ішінде 10 минуттық үзіліс жасау және түскі астан кейін физикалық жаттығулар жасау керек[20].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет