Құрал-жабдықтар: пробиркалар, пипеткалар
Реактивтер: 5%-к медициналық йод (I2), 2н H2SO4 күкірт қышқылының және NaОН ерітінділері.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 10мл дистелденген судан құйып, үстіне медициналық йод ерітіндісінің бір тамшысын тамызыңыз. Ерітінді қызғылт-сары түске боялады. Енді пробиркаға тамшылатып натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызады. Ерітіндінің бояуы қалай өзгереді? Содан соң пробиркаға тамшылатып күкірт қышқылының ерітіндісін тамызады. Бұл жағдайда ерітіндінің бояуы қалай өзгеретінін байқаңыз.
ТТР теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз де, тотықтырғышпен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік массаларын есептеңіз.
Йодтың тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері бойынша қорытынды жасаңыз.
В тәжірибесі.Темір қосылыстарының тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері