Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет47/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

Тәжірибенің нәтижелері: мыс электродының массасы артып, ал мырыш электродының салмағы дәл сол шамаға кемиді, себебі екі металдың эквиваленттік массалары жұық шамамен бірдей болады мыс үшін 31,77, ал мырыш үшін 32,69.


3 Тәжірибе. Концентрлі гальваникалық элементтер
Жұмыстың мақсаты: Концентрлі гальваникалық элементтің ЭҚК анықтау
Құрал-жабдықтар: көлемі 500мл химиялық стакандар, мыс және мырыш табақшалары, техникалық таразы, мыс сымы, ішкі кернеу 2000Ом болатын вольтметр.
Реактивтер: 10-тік калий нитраты (KNO3), ерітінділер – 0,1М, 0,01M және 0,001М мыс сульфаты мен мырыш сульфаты (CuSO4, ZnSO4) ерітінділері.
Жұмыс барысы:
8-ші суретте көрсетілгендей құралды жинаймыз. Көлемі 500мл стаканға 1 250мл 0,1М, ал екінші стаканға 2 дәл сондай мөлшерде 0,01М мыс сульфатының ерітінділерін құяды. Екі мыс пластинкаларын 3 50-тік азот қышқылының ерітіндісінде уландырып, дистелденген сумен шаяды, кептіреді де, стакандағы ерітінділерге батырады. Электролиттік кілт 4 ретінде 10-тік калий нитратының ерітіндісін қолданады. Осы кілт арқылы екі электродты бір бірімен қосады. Сосын пластинкаларды вольтметрге жалғайды.

8-сурет. Концентрлі гальваникалық элементінің құрылысы
Электролиттік кілтті ерітінділерге батырған соң, вольтметр (5) арқылы мыстың концентрлі элементінің ЭҚК өлшейді. Алған нәтижелерін теориялық ЭҚК мәнімен салыстырып, қорытынды жасаңыз:
ЭҚК (c1>c2)
Дәл осы тәжірибені концентрациялары (0,1М және 0,001М, 0,01М және 0,001М) әртүрлі болып келетін мыс сульфатының ерітінділерімен қайтадан қайталап, сол концентрациялар үшін элементтің ЭҚК өлшеңіз де теориялық мәндерімен салыстырыңыз.
Мырышты концентрлі гальваникалық элементі жоғарыда көрсетілгендей жинап, оның ЭҚК өлшеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет