1. Ерітінді деген не? Ерітінділер химиялық қосылыстардан қалай ерекшеленеді?
2. Д.И.Менделеев жасаған ерітінділердің гидраттану теориясының маңызы неде?
3. Ерітінділердің физикалық теориясының сольваттық теориядан ерекшелігі неде?
3. Осмос құбылысы және осмос қысымы деген не? Вант-Гофф заңы.
4. Қандай ерітінділерді изотондық, гипертондық және гипотондық деп атайды?
5. Ерітіндінің және таза еріткіштің үстіндегі қаныққын бу қысымы шамасы неге тәуелді?
6. Ерітіндінің қату температурасының төмендеуі еріген заттың табиғатына және концентрациясына тәуелділігін түсіндіріңіз.
7. Ерітінділердің коллигативті қасиеттері дегеніміз не? Оларды атап мысалдар келтіріңіз.
8. Ерітіндінің қату және қайнау температуралары дегеніміз не?
9. Криоскопиялық және эбулиоскопиялық константаларын есептеу формулаларын келтіріңіз. Осы константалардың физикалық мағынасы неде?
10. Тургор, плазмолиз, цитолиз және гемолиз құбылыстарын түсіндіріңіз.