Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет9/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

5. Пробиркада сұйықты қыздыру барысында оның ауызын бұрып өзінен және көршіден сәл арақашықтықта ұстау қажет, себебі сұйық қайнаған кезде шашырап күйдіру мүмкін.
6. Газ өткізгіш түтікшесімен жұмыс істеу барысында түтікшенің ұшын сұйықтан алып тастаған соң ғана реакциялық қоспасы бар пробирканың астынан спирт шамын алуға болады.
7. Жанғыш газдармен тәжірибе өткізу барысында жанында қопарғыш қоспалар болса оларды жандыруға болмайды.
8. Суда еритін органикалық заттар (мысалы спирттер) жанған жағдайда сумен сөндіруге болады.
Суда ерімейтін сұйықтар (бензол, толуол және басқа көмірсутектер) жанғанда суды қолдануға болмайды. Бұл жағдайларда өрттің орталығын асбесті сүлгімен не көрпемен жауып, құм сеуіп немесе өрт сөндіргіш құралдарды қолданып сөндіруге болады.
9. Адам жарақат немесе күйік алған жағдайда көмек көрсете білу керек. Термиялық күйік алған жағдайда күйген жерді 40%-ті этил спиртінде ерітілген 5%-ті таннин ерітіндісімен жылдам шайып, осы ерітіндіге батырылған мақта немесе марлімен таңып қойған жөн.
Қышқылмен күйген жағдайда күйген жерді бірден сумен шайып, 1%-ті сода ерітіндісіне батырылған мақта немесе марлі компрессін басылады
Сілтімен күйген жағдайда күйген жерді бірден сумен шайып, 1%-ті сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта немесе марлі компрессін салады.
Көзге қышқыл түскен жағдайда көзді бірден сумен, ал кейін 2%-ті натрий бикарбонаты ерітіндісімен шаю керек.
Көзге сілті түскен жағдайда көзді бірден сумен, ал кейін 2%-ті бор қышқылының ерітіндісімен шаю керек.
Қолды шынымен кесіп жарақат алған жағдайда, кесілген жерге 3%-ті йодтың спирт ерітіндісін жағу керек. Қан тоқтамаған жағдайда кесілген жерді 10%-ті темір хлориді (FeCl3) ерітіндісімен тампон қойған жөн.
10. Зертханадан кетерде газ жаңарғылары шүмектерінің жабықтығын, электрлік қыздыру құрал-жабдықтардың сөндірілгенін тексеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет