Мысал 5
Na2CO3, NaHCO3 және NaCl тұратын массасы 0,4478 г болатын өлшендіні фенолфталеиннің қатысуында титрлеуде 18,80 мл 0,1998 М НCl ерітіндісі жұмсалды. Осындай өлшендіні метилоранждың қатысуында титрлеуде қышқылдың 40,00 мл-і жұмсалды. Қоспадағы Na2CO3 және NaHCO3 массалық үлестерін (%) есептеу қажет.
Шығару
Қоспаны фенолфталеиннің қатысуында тирлеуде келесі реакция жүреді
Na2CO3 + НCl = NaCl + NaHCO3
метилоранждың қатысуында
Na2CO3 + 2НCl = 2NaCl + H2О + CO2
NaHCO3 + НCl = NaCl + H2О + CO2
Сонымен, қоспаны фенолфталеиннің қатысуында хлорсутек қышқылының ерітіндісімен тирлеуде қоспаның бір компоненті ғана Na2CO3 әрекеттеседі және оның мөлшерін есептеу формуламен (18) жеңіл орындалады.
Сонда
Берілген реакцияларға сай метилоранждың қатысуында натрий гидрокарбонатын титрлеуге жұмсалған НCl ерітіндісінің көлемін келесі теңдеумен анықтауға болады.
VHCl MO = 2VHCl фф
Осыдан
Достарыңызбен бөлісу: |