21) Тығыздығы 0,958 г/см болатын 10%-ды NHерітіндісінің молярлық концентрациясын есептеу қажет.
22) 3 л 0,1000н. ерітінді дайындау үшін қанша миллилитр 2,00н. HNOерітіндісі қажет?
23) 1 н. ерітіндінің қандай көлеміне 23,8мл 0,20н. HCl ерітіндісі эквивалентті?
24) 5 л 0,1 н. ерітінді дайындау үшін 20%-ды HCl ерітіндісінің (тығыздығы 1,098 г/см) қанша миллилитрі қажет?
25) 25%-ды HCl ерітіндісін дайындау үшін 10%-ды HCl ерітіндісінің (тығыздығы 1,047 г/см) қанша миллилитрін 50 мл 37,23%-ды ерітіндіге (тығыздығы 1,19 г/см) қосу қажет?
26) Тығыздығы 1,405 г/см болатын 1 л HNO ерітіндісіне тығыздығы 1,193 г/см болатын HNO ерітіндісін алу үшін қанша су қосу қажет?
27) Массасы 0,1512 г болатын күкіртқұрамды органикалық зат өлшендісін О2 ағынында жақты, бөлінген SO2-ні Н2О2 ерітіндісімен сіңірді. Түзілген H2SO4-ті титрлеуге 21,25 мл 0,1000М NaOH ерітіндісі жұмсалды. Бастапқы заттағы күкірттің (Мr = 32,06) массалық үлесін (%) есептеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |