Аналитикалық химия



бет11/19
Дата15.09.2017
өлшемі3,5 Mb.
#32524
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
3.2 Титриметрия


Титриметрия (көлемдік анализ) - анықталатын заттың пипеткамен өлшеп алынған дәл көлемін титрлеуге кеткен титранттың көлемін анықтауға негізделген сандық анализ әдісі. Титрантты жұмыс ертіндісі деп те атайды. Титриметриялық анализ әдістерін іске асырудың бірнеше тәсілдері бар: тура титрлеу, кері титрлеу, орнын басып титрлеу.

Тура титрлеу. Өлшеуіш колбада анализденетін ерітіндініің көлемін дистилденген сумен шекті белгіге дейін жеткізеді. Осы ерітіндінің бір бөлігін (аликвотасын) пипеткамен өлшеп алып конусты колбаға көшіріп индикатор қатысында титрантпен титрлейді. Индикатор түсін өзгерткен соң титрлеуді тоқтатып титрлеуге жұмсалған титрант көлемін бюретка бойынша жазып алады.

Кері титрлеу. Еріген зат мөлшерін тура титрлеу тәсілі арқылы анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда (сәйкес индикатор жоқ болғанда; реакция өте баяу жүргенде) қолданылады. Бұл тәсілде екі жұмыс ертіндісі, яғни екі түрлі титрант қолданылады. Анализденетін ертіндіге бірінші титранттың белгілі көлемі артық мөлшерде құйылады. Анықталатын затпен бірінші титранттың бір бөлігі түседі, ал реакцияға түспеген екінші бөлігі индикатор қатысында екінші титрантпен титрленеді. Қатарлас бос титрлеу, яғни бірінші титранттың барлық көлемін титрлеуге екінші титранттың қандай көлемі кететіндігі анықталады. Бос титрлеуге және анализденетін ертіндіні титрлеуге жұмсалған титрант көлемінің айырмашылығы бойынша анализ нәтижесі есептеледі.

Орнын басып титрлеу. Бұл әдісте анықталатын затты басқа затпен реакцияға түсіреді, нәтижесінде басқа қосылыс түзіледі. Түзілген қосылыс титрантпен титрленеді.
ТИТРЛЕНГЕН ЕРТІНДІЛЕР

Титриметриялық анализде титрленген ертінділер, яғни дәл моль-эквиваленттік концентрациялары немесе титрі белгілі ертінділер қолданылады. Титрленген ертінділердің екі түрі болады:

- стандарт ерітінділер;

- стандартталған ерітінділер (титранттар).


Стандарт ертінділер

Заттың дәл өлшенген массасын сыйымдылығы көрсетілген ө л ш е у і ш к о л б а д а еріту арқылы дайындаған ертіндіні стандарт ертінді деп атайды. Массасы дәл өлшеніп алынған затты өлшеуіш колбаға салып ерітіп көлемін дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді. Еріген заттың массасы m (г) және өлшеуіш колбаның көлемі V (мл) бойынша ертіндінің титрі Т (г/мл) есептеледі:



Т =
Әрі қарай титрі бойынша ерітіңдінің нормальдық концентрациясы анықталады:

Сн = ,
осындағы: Мэ – стандарт ертіндісі дайындалатын заттың эквиваленттік массасы.

Стандарт ертінді маркасы «химиялық таза» заттан даярланады. Ол зат келесі талаптарға жауап беруі керек: ұзақ сақтағанда құрамы өзгермеуі керек, құрамы химиялық формулаларына сәйкес болуы тиіс және суда жақсы еруі керек (Кесте 2).


Стандартталған ерітінділер

Титриметрияда қышқылдар мен сілтілер, калий перманганаты, натрий тиосульфаты сияқты реактивтерден титранттар (жұмыс ертінділері) дайындалады. Бұл реактивтердің дәл концентрациялы ертінділерін тікелей өлшенділерін ерітіп даярлауға болмайды, өйткені сақталғанда ерітінділерінің концентрациясы өзгеріп кетеді. Сол себептен титранттардың жуық концентрациялы ертінділері дайындалады. Титранттың нормальдық концентрациясы стандарт ертінді бойынша анализ жүргізер алдында анықталады. Мысалы, калий перманганатының дәл концентрациясы қымыздық қышқылының стандарт ертіндісі бойынша, тұз қышқылының дәл концентрациясы – натрий тетраборатының стандарт ертіндісі бойынша, натрий гидроксидінің концентрациясы – қымыздық қышқылының стандарт ертіндісі бойынша анықталады.

Стандартталатын ертінділердің концентрациясы стандарт ертіндіні титрлеу арқылы анықталады. Ертінді құрамындағы заттар бір-бірімен эквиваленттеріне сәйкес әрекеттеседі, эквиваленттік нүктеде олардың эквивалент мөлшерлері (n) бір-біріне тең болады. Ол математикалық түрде былай өрнектеледі:

n1 = n2 немесе

Сн1 ·V1 = Сн2 ·V2

осындағы:



Сн1 – стандарт ерітіндінің нормальдық концентрациясы;

V1 – стандарт ерітіндінің пипеткамен дәл өлшеніп алынған көлемі, мл;

Сн2 – титранттың нормальдық концентрациясы;

V2 – стандарт ертіндіні титрлеуге жұмсалған титрант көлемі, мл.

Титрантты стандарттау нәтижесі бойынша титранттың нормальдық концентрациясы жоғарыда келтірілген формула пайдалана отырылып есептеледі:

Сн2 =
Стандартталатын ерітінділер қақпағы бар қалың қабырғалы шыны ыдыста (склянкада) дайындалады.

Титрлеу тәртібі

Ең бірінші титрлеу құралы – бюретканы жұмысқа дайындау қажет. Ол үшін бюретканы кран суымен бірнеше рет жуып, дистилденген сумен шаю керек. Осыдан кейін бюретка титрант ерітіндісімен шайылады. Сонан кейін бюреткаға толтырып титрант құйып, төменгі жағындағы пипеткадағы ауаны ығыстырып шығарады да, шүмекті алып тастап нольді сәйкестендіреді. Осыдан кейін титрант құйылған бюретка титрлеуге дайын болады.

Титрлеуді реакцияның эквиваленттік нүктесіне жеткенде тоқтатады. Эквиваленттік нүктені анықтау тәсілі екі түрге бөлінеді::

- визуалды анықтау (индикатордың түсінің өзгеруі бойынша);

- ерітіндінің физика-химиялық қасиеттерінің өгерісін өлшеу арқылы.

Титрлеуді тоқтатқан соң бюретка бойынша титрлеуге жұмсалған титранттың көлемін жазып алады. Титрлеуді қатарлас (параллель) үш рет жүргізіп титранттың титрлеуге жұмсалған орташа көлемін есептейді. Титрлеуге жұмсалған титранттың көлемдерінің айырмашылығы 0,1 мл аспауы керек. Егер айырмашылық үлкен болса, титрлеуді қайталау қажет.


Титриметриялық анализ әдістері

Титриметриялық анализ әдістері титрлеу кезінде жүретін химиялық реакция типіне қарай үш топқа бөлінеді:

- и о н д а р қ о с ы л у реакциясына негізделген әдістер;

- т о т ы ғ у-т о т ы қ с ы з д а н у реакциясына негізделген әдістер;

- к о м п л е к с т ү з у реакциясына негізделген әдістер.

Бірінші топқа бейтараптану реакциясына негізделген қышқылдық-негіздік титрлеу және тұнбаға түсіру арқылы титрлеу жатады.



Екінші топқа тотығу-тотықсыздану реакциясына негізделген редоксиметрия әдістері жатады.

Үшінші топқа комплекс түзілу реакциясына негізделген комплексонометрия әдістері жатады.
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістері екі түрге бөлінеді:

А ц и д и м е т р и я. Титрант – стандартталған күшті қышқыл ерітіндісі. А л к а л и м е т р и я. Титрант – стандартталған сілті ерітіндісі.
Редоксиметрия әдістерін титрант ретінде қолданылатын реактивтердің атымен атайды:

П е р м а н г а н а т о м е т р и я. Титрант - күшті тотықтырғыш калий перманганатының КМnО4 ертіндісі. Титрлеу қышқылдық ортада жүргізіледі.

И о д о м е т р и я. Әдіс иодтың Jо2 оңай иодид-анионға J- дейін тотықсыздануына және иодид-анионның J- оңай иодқа Jо2 дейін тотығуына негізделген. Йодометрияда тура титрлеу тәсілі қолданылмайды. Титрлеу орнын басып тирлеу және кері титрлеу тәсілдерімен жүргізіледі. Орнын басып титрлеу тәсілінде титрант стандартталған натрий тиосульфатының Na2S2O3 ерітіндісі болады. Кері титрлеу тәсілінде екі титрант қолданылады: йодтың және натрий тиосульфатының стандартталған ертінділері.

Д и х р о м а т о м е т р и я. Мұнда титрант ретінде күшті тотықтырғыш калий дихроматы К2Сг2О7 ертіндісі пайдаланылады. Титрлеу қышқылдық ортада жүргізіледі.
3.2.1 Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістері
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі қышқыл мен негіздің әрекеттесуіне, яғни бейтараптану реакциясына негізделген:
NаОН + НСI = NаСI + Н2О

Бейтараптану реакциясының қысқаша иондық теңдеуі:

ОН- + Н+ = Н2О

Қышқылдық-негіздік титрлеу екі түрге бөлінеді:



а) Ацидиметрия. Титрант ретінде күшті қышқылдардың ертінділері (0,1 н НСI немесе 0,1 н Н24) қолдынылады. Ацидиметрия әдісімен негіздердің мөлшері анықталады.

б) Алкалиметрия. Титрант ретінде күшті негіздердің - сілтілердің (0,1 н NаОН немесе 0,1 н КОН) ертінділері қолданылады. Алкалиметрия әдісімен қышқылдардың мөлшерлері анықталады.

Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістерінің титранттары стандартталады. Өйткені олардың ертінділерінің концентрациялары ұзақ сақталғанда өзгереді. Қажет ертіндісі алдымен концентрциясы жуық түрде даярланады да, дәл концентрациясы стандарт ертінді бойынша анықталады.



АЦИДИМЕТРИЯ
Зертханалық жұмыс № 4. Судың уақытша кермектігін анықтау
Мақсат: Судың бикарбонатты (уақытша) кермектігін ацидиметрия әдісінің тура титрлеу тәсілімен анықтауды меңгеру.

Титрант – стандартталған НСІ ертіндісі

Индикатор – метилоранж

Стандарт ертінді – бура (Nа2В4О7·10Н2О) ертіндісі
Судың кермектігі екі түрге бөлінеді: уақытша кермектікке және тұрақты кермектікке. Судың уақытша кермектігін суда жақсы еритін тұздар - кальций мен магнийдің бикарбонаттары - туғызады. Суды қайнатқанда бикарбонаттар ыдырап суда нашар еритін заттарға (карбонатқа және негіздік тұзға) айналып тұнбаға түседі (қақ түзіледі), сондықтан бикарбонатты кермектілікті уақытша деп атайды:

to

Са(НСО3)2 " СаСO3 ↓ + СО2 + Н2О

to

2Мg(НСО3)2 " (МgОН)2СО3 ↓ + 3СО2 + Н2О
Уақытша кермектік судың жалпы кермектігінің тек бір бөлігі. Тұрақты кермектікті кальций мен магнийдің хлоридтері мен сульфаттары туғызады. Тұрақты кермектік суды қайнатқанда жойылмайды. Уақытша кермектік пен тұрақты кермектіктің қосындысы жалпы кермектікті құрайды.
Әдістің мәні. Суды индикатор метилоранж қатысында титрант НСІ-мен титрлеу барысында кальций мен магнийдің бикарбонаттары тұз қышқылымен әрекеттеседі:

Са(НСО3)2 + 2НСI " СаСI2 + СО2 + Н2О

Мg(НСО3)2 + 2НСI " МgСI2 + СО2 + Н2О

Реакцияның эквиваленттік нүктесіне жеткеннен кейін тұз қышқылының артық қосылған бір тамшысынан метилоранж малина түске боялады. Осы сәт титрлеудің соңы болып табылады. Титрлеу тоқтатылып титрлеуге жұмсалған титрант көлемі жазылып алынады.



Анализді жүргізу сатылары:

1. Натрий тетраборатының (Nа2В4О7·10Н2О-бура) стандарт ертіндісін даярлау.

2. Тұз қышқылының титрантын (жұмыс ерітіндісін) дайындау.

3. Тұз қышқылының ерітіндісін бураның стандарт ерітіндісі бойынша стандарттау.

4. Суды стандартталған НСI ертіндісімен титрлеу.

5. Судың уақытша кермектігін есептеу.


Жұмысты орындау реті:
1 Натрий тетраборатының стандарт ертіндісін даярлау үшін жүргізілетін есептеулер

Натрий тетрабораты күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз болғандықтан суда ерігенде гидролизденеді:


2В4О7 + 7НОН D 2NаОН + 4Н3ВО3

Гидролиз нәтижесінде натрий гидроксиді түзіледі, оны тұз қышқылымен титрлеуге болады:

2NаОН + 2НСI " 2NаСI + 2Н2О

Титрлеу барысында бураның гидролизінің тепе-теңдігі оңға ығысып гидролиз толық аяғына дейн жүреді. Екі теңдеуді бір-біріне қосса титрлеу реакциясының теңдеуі жалпы түрде былай жазылады:


2В4О7 + 2НСI + 5Н2О = 2NаСI + 4Н3ВО3

100 мл (0,1 л) 0,1 н натрий тетрабораты ертіндісін даярлау керек делік. Есептеулер жүргізу үшін алдымен бураның эквиваленттік массасы анықталады:


Мэ бура = = = 190,7 г/моль
m бура = Снбура ▪Мэбура▪V(л) = 0,1▪190,7▪0,1 = 1,907 г

Аналитикалық таразымен сағат шынысына (фарфор тостағаншаға) 0,0002 г дәлдікпен 2 г-ға жуық бураны өлшеп алады. Оны өлшеуіш колбаға (100 мл-лік) салып, шыны табақшаны дистилденген сумен шайып, колбаның ортасына дейін су құйып ерітеді. Комната температурасында бура суда нашар ериді, сондықтан жылы суда еріту қажет. Тетраборат толық еріген соң, колбадағы судың көлемін шекті белгіге дейін жеткізеді.



Тетрабораттың таразыда дәл өлшеніп алынған массасы бойынша даярланған ертіндінің титрі, нормальдығы есептеледі. Өлшеніп алынған бураның массасы m бура = 1,6872 г болса, бура ерітіндісінің титрі тең болады:
Т = = 0,016872 г/мл
Нормальдық концентрациясы тең болады:
Сн бура = = = 0,0885 н

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет