Аналитикалық химия


Анализді жүргізу сатылары



бет13/19
Дата15.09.2017
өлшемі3,5 Mb.
#32524
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Анализді жүргізу сатылары

1. Қымыздық қышқылының (Н2С2О4∙2Н2О) стандарт ерітіндісін дайындау.

2. Натрий гидроксидінің титрантын (жұмыс ерітіндісін) дайындау.

3. Натрий гидроксидінің ерітіндісін қымыздық қышқылының стандартты ерітіндісі бойынша стандарттау.

4. Әк тасының құрамындағы СаСО3-мен әрекетескеннен кейін қалған тұз қышқылын стандартталған натрий гидроксидінің ертіндісімен титрлеу.

5. Әк тасын ерітуге алған тұз қышқылын барлық көлемін стандартталған натрий гидроксидінің ертіндісімен титрлеу.

6. Әк тастың құрамындағы СаСО3-ның массалық үлесін есептеу.



Жұмысты орындау реті


1 Қымыздық қышқылының стандарт ертіндісін даярлау үшін жүргізілетін есептеулер

Қымыздық қышқылының натрий гидроксидімен реакциясының теңдеуі:


Н2С2О4 + 2NаОН = Nа2С2О4 + 2Н2О

Бұл реакцияда қымыздық қышқылының эквиваленттік массасы тең:


Мэ = = г/моль

100 мл 0,1 н ертінді дайындау үшін қажет қымыздық қышқылының массасы:


m = Сн ∙Мэ ∙V = 0,1∙ 63 ∙ 0,1 = 0,63 г
Дәл есептелген массаны өлшеп алу қиынға соғады. Сондықтан осы есептелген цифраға жақын массаны дәл өлшеп алып өлшеуіш колбада ерітіп көлемін шекті белгіге дейін жеткізіп, кері есептеу жүргізу керек.

Мысалы, аналитикалық таразыда өлшеніп алынған қымыздық қышқылының массасы: m = 0,5785 г. Өлшеуіш колбаның көлемі: V = 100 мл. Сонда дайындалған стандарт ерітіндінің титрі тең болады:


Т Н2С2О4▪2Н2О =

Ал нормальдық концентрациясы тең:


Сн Н2С2О4▪2Н2О = = 0,092 н


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет