Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет22/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Буындардың жіктелуі. Буындар буын беттерінің саны мен пішіні бойынша және қызметіне байланысты жіктеледі.
Буын беттерінің саны бойынша:
- Қарапайым буын, artіculatіo sіmplex,екі сүйектен түзілетін буын. Мысалы: саусақаралық буындар.
- Күрделі буын, artіculatіo composіta, үш немесе одан көп сүйектерден түзіледі. Мысалы: шынтақ буыны.
- Үйлесімді буын, artіculartіo complexa, бірлесе қызмет атқаратын буындар. Мысалы: шықшыт буындары.
2 Буын беттерінің пішініне байланысты: цилиндр тәрізді, шығыршық тәрізді, эллипс тәрізді, айдаршық тәрізді, ертоқым тәрізді, шар тәрізді, тостаған тәрізді және т.б (2.6-сурет).
3 Қызметіне байланысты:
- Бір білікті буындар-бір білік бойынша қозғалатын буындар. Мысалы: тек бүгу мен жазу. Бұған цилиндр тәрізді, шығыршық тәрізді буындар жатады.
- Екі білікті буындар-екі білік бойында қозғалады. Мысалы: бүгу мен жазу және әкелу мен әкету. Оларға: эллипс тәрізді, айдаршық, ертоқым тәрізді буындар жатады.
- Көп білікті буындар-бірнеше білік бойынша қозғалады. Оған: шар тәрізді және тостаған тәрізді буындар жатады.


БҰЛШЫҚЕТТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ - MYOLOGІA

Тірек-қимыл аппаратының активті бөлігі бұлшықеттер болып табылады. Бұл бөлімде қаңқа бұлшықеттері (3.1-сурет) қарастырылады. Адам ағзасында 400-600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар. Ересек адамның дене салмағының 40 пайызын бұлшықеттер құрайды.


Қаңқа бұлшықеттерін төмендегіше жіктеледі: бас және мойын бұлшықеттері, тұлға бұлшықеттері (кеуде, арқа, іш бұлшықеттері), қол және аяқ бұлшықеттері.
Бұлшықет мүше ретінде. Бұлшықеттердің басқа мүшелер сияқты атауы, белгілі бір пішіні мен атқаратын қызметі бар. Әрбір бұлшықет, musculus (3.2-сурет), қарыншасынан және екі ұшынан тұрады. Қарыншасы бұл бұлшықеттің ортаңғы жиырылатын бөлігі, негізінен бұлшықет тінінен тұрады. Ет талшықтары борпылдақ дәнекер тінді қабықпен-эндомизиймен қапталады. Ет талшықтары бірігіп бұлшықет будасын құрайды. Бұлшықет будасы дәнекер тінінен түзілген қабық-перимизиймен қапталады. Ұштары тығыз талшықты реттелген дәнекер тінінен түзілген сіңірден тұрады. Бір ұшы басы, екінші ұшы құйрығы деп аталады, яғни басы арқылы бұлшықет басталады да, құйрығы арқылы бекиді. Бұлшықеттерде басқа мүшелер сияқты қанмен қамтамасыз етіледі және жүйкеленеді.

Бұлшықет жұмысы. Бұлшықет жиырылғанда қысқарып, жуандау арқылы белгілі бір механикалық жұмыс атқарады. Атқарылған жұмыстың көлемі бұлшықеттің жиырылу күші мен қысқаруына байланысты. Бұлшықеттің күші бұлшықетті түзетін барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің алаңына тура пропорциональ. Бұлшықет неғұрлым жуан болса, соғұрлым күшті болады. Бұлшықеттің қысқаруы еттің жалпы ұзындығына байланысты. Бір бұлшықеттер бір буынды аттап орналасса, бір бұлшықеттер бірнеше буынды аттап орналасады.


Бұлшықеттер рычаг тәрізді қызмет атқарады. Бұлшықеттің басталар жері, яғни басы қозғалыссыз нүкте болып табылады, ал бекитін ұшы қозғалмалы нүктесі деп аталады. Бұлшықет жиырылғанда қозғалыссыз нүктесі қозғалмалы нүктесін өзіне жақындатады. Бұлшықет жиырылғанда қозғалыстың бірнеше түрі жүзеге асады: бүгілу, жазылу, әкелу, әкету, ішке айналдыру, жоғары көтеру және төмен түсіру. Бұлшықеттердің бірігіп қызмет атқаратын тобын-синергистер, ал қарама-қарсы қозғалыс жасайтын бұлшықеттерді-антогонистер деп атайды. Мысалы: қолдың алдыңғы топ бұлшықеттері бір-біріне синергистер болып табылады, өйткені бұл бұлшықеттер жиырылғанда қол бүгіледі, ал алдыңғы топ бұлшықеттері артқы топ бұлшықеттеріне антогонистер болып табылады, өйткені алдыңғы топ қолды бүксе, артқы топ бұлшықеттері қолды жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет