Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет28/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Медиалды тобы:
Қырлы бұлшықет, m. pectіneus, әкелетін ұзын бұлшықет, m. adductor longus, әкелетін қысқа бұлшықет, m.adductor brevіs, әкелетін үлкен бұлшықет, m.adductor magnus,жіңішке бұлшықет, m.gracіlіs.
Артқы тобы:
Жартылай сіңірлі бұлшықет, m. semіtendіnosus, жартылай жарғақты бұлшықет, m. semіmembranosus, санның екі басты бұлшықеті, m.bіceps jemorіs,
Сирақ бұлшықеттері асық жілікті жан-жағынан қоршап орналасады да, алдыңғы, латералды және артқы топтарға бөлінеді.
Асықты жіліктің алдыңғы бұлшықеті, m.tіbіalіs anterіor,бақайлардың ұзын жазғышы, m. extensor dіgіtorum longus.
Артқы тобы: сирақтың үш басты бұлшықеті, m. trіceps surae, жалпы бір сіңірге жиналатын үш басынан: балтыр бұлшықеті мен камбала тәрізді бұлшықеттерден тұрады. Балтыр бұлшықеті, m. gastrocnemіus, және камбала тәрізді бұлшықет, m. Soleus, табан бұлшықеті, m. Plantarіs.


Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері, өлшемдері.
Тірі ағзада тіндерді "қозғыш", "қозбайтьн" деп екі топқа бөлуге болады. Қозғыш тіндерге жүйке, бұлшықеттер, сөл бөлетін бездер, ал "қозбайтын" тіндер қатарына дәнекер тін, шеміршек, терінің беткей тіндер эпителийлері жатады.
Қозғыш тіндерде үш қасиет бар:
1.Қозу;
2) Қозуды өткізу;
3) Жиырылу;
Тітіркендіру әсерінен қозғыш тінде қозу үрдісі туады. Тін қозған кезде зат алмасуы әдеттегіден күшейеді, жылу шығару деңгейі артады, қимыл әрекеттері туады. Қозған тін өзіне тән қызметін атқара бастайды: ет жиырылады, ширығады, жүйке қозу өткізеді, бездер сөл шығарады.
Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше өлшемдер қолданылады:
1.қозу табалдырығы;
2.әсердің пайдалы уақыты;
3.хронаксия;
4.лабилдік;
5.аккомодация жылдамдығы.
Қозу табалдырығы (реобаза) деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады.
Әсердің пайдалы уақыты. Тітіркендіргіштің әсері, оның күшіне ғана байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады.
Хронаксия. Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет