Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Ұйқы безі сөлі, құрамы мен қызметі



бет45/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Ұйқы безі сөлі, құрамы мен қызметі.
Ұйқы безі лат- Панкреас, қабынуы панкреатит деп аталады . Құрылысы екі ұлпадан түзіледі яғни ацинус тіні және лангерганс аралшықтары. Ацинус тіні экзокринді қызмет атқарып ас қорыту сөлін бөледі ал лангерганс аралшықтарында альфа , бетта жасушалары синтезделеді, Осылайша ұйқы безі екі түрлі қызмет атқаруына байланысты ұйқы безі аралас без деп аталады. Тәулігіне ұйқы безінен 1,5-2 литрдей сөл бөлініп шығады.
Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі. Оның құрамында 1%-тей құрғақ зат болады. Құрғақ зат негізінен ақуыздан тұрады. рН -7,8-8,4 реакциясы құрамындағы натрий биокарбонатының млшеріне байланысты. Сөлдің құрамында түрлі ферменттер бар. Мұнда ферменттердің шамамен 72%-і ақуызды ыдырататын протеазалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, эластаза, рибонуклеаза.
Ұйқы безі сөлінде трипсин мен химотрипсин ақуызды ыдырата алмайды. Ол үшін ішек сөлі құрамындағы әлгі ферменттер ішектің шырышты қабығында түзілетін энтерокиназа ферментімен әрекеттесуі шарт. 1893 ж. осы ферментті И.П. Павлов ішек сөлінен тауып, оны ферменттердің ферменті деп атады. Тағам құрамында көмірсу көп болса көмірсуды ыдырататын фермент, ал тағамда белокты заттар көп болса белокты ыдырататын ферменттер көбейеді.
Ұйқы безінің сөл шығаруы 2 кезеңнен тұрады. Рефлекс арқылы және қан арқылы.
Рефлекс арқылы шартты және шартсыз рефлекспен реттеледі. Алдымен ұйқы без ауызға тағам түспей жатып сөл шығарады бұд шартты рефлекс. Одан әрі сөл шығару үрдісі тағам ауызға тускеннен кейін сөл шығарады,бұл шартсыз рефлекс арқылы жүреді.Ауызға тағам түскесін импулс орталыққа барып сопақша мида орналасқан сөл шығару орталығын қоздырады , содан сөл бөлінеді.
Қан арқылы түрлі химиялық заттармен дәрілер және гормондар арқылы ұйқы безіне әсер ету арқылы сөл бөлінеді.


Асқорыту жолы бөлімдеріндегі сіңірілу.
Сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту үрдістерінің манызды кезеңдерінің бірі.Ас сіңіру дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек-қарыннан қанға не лимфаға өтуі.Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады.
Сіңіру үрдісі асқорыту жолдарының барлық бөлігінде жүреді,бірақ ең негізгі сіңірілу жіңішке ішекте жүреді.
Ауыз құысының кілегей қабаты сіңіруге қабілетті,бірақ ауыз құысында ас өнімдері сіңірілуге дайын болмайды.Бірақ ауыз құысында кейбір дәрілер жақсы сіңіріледі,яғни тіл астына салынған дәрілер (валидол, нитроглицерин) ауыздың шырышты қабығы арқылы тікелей канға сіңеді де жүрек қан тамырларына әсер етеді. Өңеште сіңірілу процесі жүрмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет