Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Бас, мойын артериялары. Тармақталуы



бет80/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Бас, мойын артериялары. Тармақталуы.
Оң және сол жалпы ұйқы артериялары, aa.carotis communes, жоғары бағытталып қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегінде ішкі және сыртқы ұйқы артерияларына бөлінеді. Бөлінгенге дейін мойында тармақтар бермейді.
Сыртқы ұйқы артериясы, a.carotis externa, тармақтары алдыңғы, артқы және медиалды топтарға жіктеледі.
Алдыңғы тобы:
- жоғарғы қалқанша артериясы, a.thyroidea superior;
- тіл артериясы, a.lingualis;
- бет артериясы, a.facialisі.
Артқы тобы:
- шүйде артериясы, a.occipitalis;
- артқы құлақ артериясы, a.auricularis posterior.
Медиалды тобы:
- өрлеуші жұтқыншақ артериясы, a.pharyngea ascendens.
- беткей самай артериясы, a.temporalis superficialis.
- жоғарғы жақ артериясы, a.maxillaris.
Ішкі ұйқы артериясы, a.carotis interna, мойында тармақ бермейді. самай сүйегінің ұйқы өзегі арқылы бас қаңқасының ішіне еніп келесі тармақтар береді:
-көз артериясы, a.ophtalmica;
- алдыңғы ми артериясы, a.cerebri anterior;
- ортаңғы ми артериясы, a.cerebri media;
- артқы дәнекер артериясы, a.communicans posterior.
Ми артериялары омыртқа артерияларымен бірге бас миының негізінде үлкен мидың
артериалды шеңберін (Велизиев шеңберін) түзеді. Бұл шеңберден бас миын қоректендіретін көптеген тармақтар бөлінеді.


Бас, мойын веналары. Тармақталуы.
Бас және мойын мүшелерінен веноздық қан ішкі мойындырық венасына жиналады.
Ішкі мойындырық венасы, v.jugularis interna, - ішкі мойындырық венасына құйылатын тамырлардың барлығы бас сүйек ішілік және бас сүйек сыртқы тармақтар болып бөлінеді.
Бас сүйек ішілік веналары:
- ми веналары, vv.cerebri;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет