Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет84/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Лимфа жүйесі
Лимфа тамырларының түрлері.
Лимфа тамырларының төрт түрі бар: лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа сабаулары және лимфа түтіктері.
Лимфа капиллярлары, vasa lymphocapillaria, адам организмінде бас миы мен жұлында, ішкі құлақта, көз алмасында, тері жабыны мен шырышты қабықтарда, шеміршектерде, талақ паренхимасында, сүйек миы мен бала жолдасында кездеспейді. Лимфа капиллярлары бір қабатты эндотелий жасушаларынан тұрады, қан капилярларынан айырмашылығы тұйық басталады және диаметрі үлкен болады. Лимфа капилярларына тіндерден су және суда еріген заттар, бұзылған жасушалар, микробтар сорылады.
Лимфа жолдарының келесі бөлігі лимфа тамырлары, vasa lymphatica, болып табылады. Лимфа тамырларының ішкі қабатында қақпақшалары болады. Олар орналасу тереңдігіне қарай беткей және терең болып бөлінеді. Лимфа тамырлар арқылы ағып ірі лимфа тамырлары - сабаулар мен түтіктерге бағытталады. Лимфа тамырларының бойында лимфа түйіндері орналасады.
Лимфа тамырлары бір-бірімен біріге отырып лимфа сабауларын түзеді. Лимфа сабауларына жатады: бел сабаулары, ішек сабауы, бронхкөкірекаралық сабаулары, бұғанаасты сабаулары, мойындырық сабаулары. Бел сабаулары аяқтар мен жамбастан, ішек сабауы құрсақ қуысында орналасқан мүшелерден, бронхкөкірекаралық сабау кеуде қуысында орналасқан мүшелер мен қабырғасынан, бұғаасты сабауы қолдардан, мойындырық сабауы бас пен мойыннан лимфа жинайды. Лимфа сабаулары өз кезегінде веноздық бұрышқа ашылатын лимфа түтіктеріне жалғасады. Оң және сол бел сабаулары, trunci lumbales, ішек сабауларына, trunci intestinales, сабауларының бірігуінен он екінші кеуде екінші бел омыртқа тұсында кеуде түтігі түзіледі. Түтіктің ұзындығы 20-40см, Кеуде түтігі кеуде қуысына көкеттің аорта тесігі арқылы өтіп, V-ІІІ-ші кеуде омыртқаларының тұсында солға қарай ауытқып, мойын аймағында доға түзе сол веноздық бұрышқа құяды.
Түтіктің мойын бөлігіне сол бронх көкірек аралық сабау, truncus bronchomediastinalis, сол бұғана асты сабауы, truncus subclavius sinister, сол мойындырық сабауы, truncus jugularis sinister, қосылады.
Оң қолдан, бас пен мойынның оң бөлігінен, кеуде қуысының оң жартысынан лимфа оң лимфа түтігіне, ductus lymphaticus dexter, жиналады.
Оның ұзындығы 1-1,5см, оң бұғанаасты, оң мойындырық және оң бронх-көкірекаралық сабаулардың қосылуынан түзіледі. Оң лимфа түтігі оң веноздық бұрышқа құяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет