Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Эритроцит, қалыпты мөлшері, қызметтері



бет91/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Эритроцит, қалыпты мөлшері, қызметтері.
Эритроцит – грек тілінен алынған болып эритрос –қызыл, цитос жасуша деген мағына береді. Эритроцит ағзада тасымалдау қызметін атқарады. Құрылысы екі жағы ойыстау, дискі тәрізді ядросы жоқ, ядро орнында гемоглобин болады. Эритроцит 3-4ай өмір сүріп физиологиялық жағдайда гемолизденіп, қөқбауырда мола ретінде сақталады.
Эритроциттердің мөлшері ерлермен әйелдерде бірдей болмайды. Ерлерде 4-5млн, әйелдерде 3,9-4,7млн. Эритроцит санының жоғарлауы эритроцитоз ал азаюы эритроцитопения деп аталады.
Эритроцитоз және эритроцитопения абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді.
Абсолюттік эритроцитоз –қанда оттегі азайғанда байқалады яғни ол гипоксия деп аталады. Қалыпты жағдайда адамдарда гипоксия биіктікке шықанда байқалса, патологиялық жағдай өкпе мен жүректің созылмалы аурулары кезінде болады.
Салыстырмалы эритроцитоз- қанда плазманың азаюынан болады. Қалыпты жағдайда қара жұмыс істегенде тері бөлінуінен ал патологиялық- адамның іші өткенде байқалады
Абсолюттік эритроцитопения- сау адамдарда болмайды ал патологиялық анемия кезінде кездеседі.
Салыстырмалы эритроцитопения- қанның сұйылуына байланысты болады. Сау адамдарда көп мөлшерде шай немесе қымыз ішкенде болса ал патологиялық көп мөлшерде қан жоғалтқанда болады.


Гемоглобин қалыпты мөлшері, қызметі, газдармен әректтесуі (формуласы).
Жауап.Эритроцит құрамында қан пигменті — гемоглобин деп аталады. Эритроциттегі құрғақ заттардың 90% гемоглобиннен, ал қалғаны 10% органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин химиялық құрылымы жағынан -хромопротеид. Гемоглобин 1 молекула глобин және 4 гем молекуласынан тұрады.
Адам денесінде 5 литр қанда 700-800 гр гемоглобин бар. Ер адамның 1 л қанында 130,0-160,0 г/л, әйел адамның қанында 120,0-140,0 г/л гемоглобин болады. Гемоглобин Hb әрпімен белгіленеді.
Ағзада гемоглобин санының азаюы - қан аздық ауруы дамиды. Қан аздық кезінде қан көлемі өзгермейді, бірақ оның ішіндегі эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері өзгеріп отырады. Оның негізгі қызметі — тыныстық қызмет атқарады яғни газдармен қосылыс түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет