Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет104/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Рефлекторлық қызметіне келетін болсақ, сопақша мида адам тіршілігі үшін маңызды қызмет атқаратын оралықтар бар.Оларға тыныс алу орталығы, асқорыту орталығы, қан тамырлар мен жүрек соғуын тежейтін орталықтар жатады. Сопақша мида қорғаныс рефлексі: жас шығару, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, тершығару; асқорыту рефлексі шайнау, жұту,сілекей, асқазан сөлін шығару орталықтары бар.
Өткізгіштік қызметіне сопақша ми арқылы жұлыннан бас миына қарай өрлеуші жолдар, ми қыртысынан жұлынға қарай төмендеуші өткізгіш жолдар өтеді. Осы екі жолдар қозудың импульс түрінде өтуін көреміз.

Артқы ми. Көпір. Құрылысы мен орналасуы.


Артқы ми, metencephalon, вентралды бөлігі көпірден және дорсалды бөлігі мишықтан тұрады.
Көпір, pons, (Вaролиев көпірі) - сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ көлденең ақ жол. Үстіңгі жағынан ми аяқшаларымен, төменгі жағынан сопақша мимен шекараласады. Көпірдің артқы беті сопақша мимен бірге ромбы тәрізді шұңқыр түзуге қатысады.
Сыртқы құрылысы. Көпір мен сопақша ми аралығынан VІ, VІІ және VІІІ жұп жұп бассүйек жүйкелерінің түбірлері шығады. Көпір бүйір бағытталып, мишықтың ортаңғы аяқшаларын түзеді. Алдыңғы бетінде сагитталды бағытта орналасқан, саяздау келген негізгі жүлге, sulcus basilaris, байқалады. Ол жүлгеде негізгі артерия орналасады. Алдыңғы бүйір жағынан V-ші жұп бассүйек жүйкесінің түбірі шығады Артқы беті мишықпен жабылып тұрғандықтан көрінбейді. Көпірдің артқы беті сопақша мимен бірге ромбы тәрізді шұңқырды немесе мидың ІV-ші қарыншасының түбін түзуге қатысады.
Ішкі құрылысы. Көпірді көлденең кескенде трапеция тәрізді денені, corpus trapezoideum, түзетін есту анализаторының өткізгіш жолына жататын көлденең талшықтардың жуан будасы көрінеді. Оның бүйір жағында жоғарғы зәйтүн ядросы орналасқан. Трапеция тәрізді дене көпірді вентралды және дорсалды бөліктерге бөледі.
Көпірдің төменгі бөлігінде соңғы ми жарты шарларының қыртысын мишық жарты шарларымен қосатын көпірдің меншікті ядролары жатады. Ядро нейрондарының өсінділері мишық ортаңғы аяқшасының негізін түзеді.
Дорсалды бөлігінде V,VІ,VІІ және VІІІ жұп бассүйек жүйкелерінің ядролары, сонымен қатар сопақша мидан жалғасатын медиалды ілмек орналасады. Медиалды ілмектің жоғарғы жағында торлы құрылым жатады, бүйір жағынан жұлын ілмегінің талшықтары өтеді.
Көпір, жұлын және сопақша ми рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет