Мейiрiм
Анау күнгi бастап қойған портреттi аяқтай салайық деп
Ұлан менi үйiне шақырған. Ісiмiз алға баспай бiраз қиналдық.
Кей тұстардағы кӛркемдiк шешiмдерге келгенде таласып қалып
та жаттық. Екеумiз де ӛз идеямыздың дұрыстығын дәлелдеп
бақтық. Кӛп жерлерде менiң айтқаным оңды болды.
Амалсыздан келiсiп, қиналса да менiң айтқаныммен жұмыс
iстедi. Кiм-кiмге болса да ӛз ойынан дұрысы жоқ. Бұл әсiресе
жеке пiкiрi бар, ойы мен қиялының құлына айналған ӛнер
адамдарына тән қасиет. Ұлан намыс отына жанып, бұрқ-сарқ
қайнап жүр. Мен әр түстi бояқтарды езiп отырғам. Осы кезде әр
нәрсенi бiр сұрап мазамызды алып жүрген iнiсi үстелдi қағып
кетiп, дайындап қойған бояқтарды тӛгiп алды. Онсыз да
күйгелектенiп жүрген Ұлан оны шапалақпен екi-үш қайтара
ұрып жiбердi. Інiсi жылаған күйi шеберханадан шығып кеттi.
Әлден кейiн шешесi келiп, айқайдың астына алды. Мынадай
жағдайда қалғым келмей, оның үстiне Ұлан екеумiздiң
арамызда туындаған кикiлжiң ӛршiмей тұрғанда кетейiн деп
шештiм. Інiсiнiң жылауы да, шешесiнiң ашулануы да, содан
туындағандай сезiлдi. Бәрiне сол себепшi сияқты. Бiрақ, менiң
кiнәм жоқ. Айтқандарымның бәрi дұрыс. Егер ол дұрыс идея
айтса, кӛнер едiм. Бұндай тiрлiкпен әркiмнiң жеке айналысқаны
жақсы.
Ӛз
ой-арманымен,
таным-тереңiмен,
парасат-
пайымымен жеке қалғаны дұрыс. Бұл жұмыста бiрiгудiң
қаншалықты қиын екенiн бiлгенмiн. Қарсы да болғам. Күртемдi
киiп жатып:
— Мен қайтайын, – дедiм. Үн-түнсiз меңiрейiп отыр.—
Мына жұмысты ӛз ойыңдағыдай етiп аяқта. Мен ендi қатыспай-
ақ қояйын. Мен үйден шығып бара жатқанда шешесi оған:
— Сен бе, сен — қатыгезсiң. Адамға түк жылуың жоқ.
Сенiң маған характерiң ұнамайды, – деп ұрысып жатқан. Үйге
келе жатып Ұлан жайлы ойладым. Шындығында ол қатыгез бе?
Мүлде қате пiкiр. Қай ортада жүрсе де ашық-жарқын қалпынан
айныған
емес.
Бiрақ,
балажандығын
байқамаппын.
Қалтасындағы тәттiсiн де ӛзi бермей, маған бергiзетiн. Түк
түсiнбей басымды шайқайтынмын. — Ӛзiң берсең қолың
сынып қала ма? – деймiн. Ал ол болса: — Сен-ақ жақсы кiсi
болшы, – дейтiн сондай кезде. Бала десе жыным бар дейтiн
тағы да. Неге екенi сәбилерге суық қарайтын.
Бағанағы азаптан құтылу үшiн ӛз ләззатыма бас қойдым.
Аяқтауға аз қалған ―Айна‖ атты портретiме кiрiстiм.
―Айнада‖ үлкен кӛл бейнеленген. Тұтастай емес. Айдынның
азғантай бӛлiгi ғана. Айнадай жарқырап жатыр. Оның арғы
жағында батып бара жатқан күн. Осы екеуiнiң бергi жағында
әдемi қыз тұр. Негiзгi план осы болғандықтан, бар күшiмдi
салдым. Қыздың бет-бейнесiндегi сүйкiм, дидарындағы
жылылық, жанарындағы тереңдiк пен сұлулық, пәктiк,
қабағындағы мұңның кӛлеңкесi — барлығы да шеберлiкпен
суреттелдi. Қыздың ойлы жүзiнде жұмбақ сыр бар. Әлдене
деуге оқталып тұрғандай. Мүсiнi мәрмәр сияқты. Жарқыраған
денесiн әдейi жалаңаш қалдырдым… Тек, бӛксесi сүлгiмен
оралды.
Ертеңгi күнi бұл сурет кӛрмеге қойылады. Сол кезде әр
суретке ат үстi қарап келе жатқан жұрт осы шығарманың
алдында аңтарылады. Бәрi де қарайды. Қызығады. Әркiмде
әрқандай ой пайда болады. Бiреулер тек қызыға қарайды.
Жаратылысқа таңданады. Сұлулыққа сүйсiнедi. Ләззаттанады,
рахаттанады. Табынады. Сұлулықтың алдындағы әлсiздiктерiн
мойындайды. Сосын осындай сұлулықтардың баянсыз екенiн,
түптiң түбiнде жоғалатынын еске алады. Айуандыққа салынған
қолдың бүлдiретiнiн, олар бүлдiрмеген күннiң ӛзiнде бұл
сұлулықтың
қартайып
ӛз-ӛзiнен
бүлiнетiнiн
ойлайды.
Қартаймауы, бүлiнбеуi үшiн адам боп туылмай, сурет боп қана
қалатындығына қуанады. Ӛйткенi, адамзат қоғамы қандай да
бiр тұнықты ластамай, пәктiктi былғамай, ғажайыпты қор
қылмай тынбайды. Бұл бұлжымайтын заң. Қоғамды тұтастай
кiнәлауға болмас. Бәрiнiң қолы кiр емес шығар. Сол
адалдардың арасында бiрен-саран айуандардың да бар екенi
рас. Мiне, солар бәрiн бүлдiретiндер. Шӛлмек мың күнде
сынбайды, бiр күнде сынады деген де сӛз бар. Сол шӛлмектi
мың тас емес, бiр тас сындыратынын да ойлаған жӛн.
Сондықтан, қанша ақылды десең де, адамзат қоғамына сенбеу
керек.
Осы суретке қараған екiншi бiр топтың ӛкiлдерi оны
әлдекiмнен қызғанады. Белгiсiз бiр зобыр күштен қорғағысы
келедi. Аяушылықпен қарайды. Киiндiргiсi келедi. Ал,
топастарды ―Шiркiн-ай, мына сұлуды бiр құшса ғой…
Фигурасын-ай, ә‖ – деген сасық арман ғана мазалайды. Осы
сияқты әркiм әртүрлi ойда қалады. Сондықтан, бұл
шығарманың атын ―Айна‖ деп қойдым. Ӛз ойы арқылы әркiм
ӛзiн кӛруiне, тануына болады.
Менiң ойымды үздiксiз шырылдаған қоңырау үнi бұзды.
Телефон тұтқасын кӛтердiм. Ұлан екен. Кездесейiк дейдi.
Амалсыздан келiстiм. Шаршаса керек. Екеумiз бильярдқа
бардық. Ол қайта-қайта жеңiле бердi. Байқамаған екем,
демалыс iздеп келген досымды ашуландырып алыппын. Келесi
ойында әдейi жеңiлдiм. Ол менiң мұнымды жақтырмады.
— Қорлама, – дедi.
Екеумiз ойынды доғарып, үстелге келiп отырдық. Торғын
сыраны сыздықтата сiмiрiп отырмыз. Шағын алаңқайда екi-үш
жұп вальс билеп жүр. Анау бұрышта темекiсiнiң түтiнiн
будақтатып бiр қыз маған ойсыз жанарын қадап отыр. Мен оған
назар аудармауға тырыстым. Үнсiздiктi Ұлан бұзды.
— Шаршадым.
— Кiм жетiсiп жүр екен?
— Бағанағы сӛздi естiдiң ғой. Мен шынымен мейiрiмсiзбiн
бе? Шешем менi ұнатпай жүр. Аш адамның ашуланшақ
келетiнiн түсiнбейдi. Бұндай жағдайда жайдары болу үшiн
санасыздық керек. Тӛрт дүнием түгел болса, мен де жүрер едiм
ғой жақсы адам болып. Ӛзiме ӛзiмнiң кӛңiлiм толмайды.
Жақын адамдарыңның пендешiлiгi ашуландырмай қоймайды.
Оларды басқалай кӛргiм келедi. Солай кӛре алмаған соң
ашуланамын да. Оларды керемет адамдар деп ұғамын. Бiрақ
олай емес екендiгiн кӛргенде қиналып қаламын. Тағы бiр
айтарым, екеумiз де таланттымыз. Мақтанғаным емес, жақсы
суретшiмiз. Бiрақ бұдан не пайда кӛрдiк? Жан жүрегiмiздi,
жүйкемiздi, қала бердi уақытымызды ӛнерге бердiк. Не
қызығын кӛрдiк? Басқа тiрлiкпен айналысу керек едi. Анау
базарда, құрылыста жүрген достарды қарашы. Бәрiнiң жағдайы
жақсы. Алды кӛлiк мiнiп те үлгердi. Ал ендi екеумiзге қара.
Қыл аяғы үстiмiздегi киiмдерiмiздiң де жiбi түзу емес.
Жарайды, мұның бәрiн қойшы. Осылай-ақ ӛтермiз. Менiң
жынымның келетiнi, ӛзiмiзше ӛнер үшiн жүрмiз деймiз. Ей,
достым! Сен тыңдашы, бұл ӛнерiң кiмге керек? Ешкiмге
пайдасы жоқ, ешкiм қызықпайтын iске не үшiн бас қатырып
жүрмiз. Қоғамың сенiң ӛнерiндi керек етпейдi. Ӛнердi
сүймейдi. Сұлулыққа сүйсiндiре алмайсың.
— Бәрiн кiнәлауға болмас. Бағалайтындар да бар. Жүздiң,
тiптi болмаса мыңның бiрi болар. Әйтеуiр, бар. Солар үшiн-ақ
еңбектенуге болады. Сен суретшiлiктi әншiлiк сияқты жеңiл
ӛнермен шатастырма. Суретшiлiк қай заманда да жалпы
халықтық сипат алған емес. Алмайды да. Атаққұмар екенiңдi
бiлемiн. Досым, саған бiр ақыл айтайын. Әжептәуiр даусың бар
ғой, әншi болсаң қайтедi?
Ол кәдiмгiдей қызыңқырапты. Ызаланып қалды. Бетiме
тесiрейiп бiраз қарап отырды да, коньяк толы стақанды қолына
алды. Ішедi деп ойладым. Мен үстел үстiндегi қораптан шылым
ала бергенiмде кӛз алдым жарқ ете қалды. Бетiмнен коньяк
тамшыларымен араласып қан тама бастады. Даяшы қыз стақан
сынықтарын жинап болысымен қол сүрту үшiн қойылған
жұмсақ қағазбен бетiмдi сүртiп жатты. Мен Ұланды түсiнем.
Кейiнгi кезде қиналып жүр. Осындай кезде ӛшiн менен алады.
Басқа кiмi бар дейсiң. Түк болмағандай отыра бердiм.
— Неге ашуланды? – деп сұрады даяшы қыз.
— Әншi болғысы келiп жүр, – деп әзiлдедiм.
— Менiң композитор ағам бар. Бiр әнiн алып берейiн.
— Қорламаңдар. Әйтпесе, мынау тиедi, – деп, қолына
бӛтелкенi алды.
Сосын аз-кем үнсiздiкке берiлдi. Күбiрлеп бiрдеңелердi
есептеп кеттi. Бiр уақытта iшкен-жегенiмiздi тiзбелеп айтып
бердi де:
— Барлығы мың жарым болыпты. Ешкiмнiң ақшасын
пайдаланғым келмейдi, – деп, даяшыға бес жүз теңге ұстатты.
— Мың жарымды екiге бӛлсең, жетi жүз елу болады, – дедiм
әдейi.
— Сен маған қарағанда кӛбiрек iштiң.
Бiз күлдiк. Ол одан ары ызаланды. Менде ақша жоқ екенiн
бiледi. Әдейi iстеп отыр. ―Бүгiн сенi мен отырғызамын‖, –
деген. Ендi кеп… Даяшыға:
— Қарыз болайын. Ертең тӛлермiн, – дедiм. Ол ӛзiнше
сӛйлеп отырған адам кұсап:
— Ешкiмге қарызданғым келмейдi. Ақшам жоқ болса да, –
дедi. Мен де ашуландым. Бiрақ, менi бұл жағдайдан даяшы қыз
құтқарып қалды.
— Ылғи келiп жүретiн клиенттерге бiз скидка жасаймыз.
Қалған ақшаларыңды тӛлемей-ақ қойыңдар, – деп ары қарай
кетiп қалды. Күнде келiп жүргендiктен ол бiздiң сырымызға
қанық. Ұлан да сүрiне-қабына сыртқа шығып бара жатты.
Екеумiз жерасты жолымен ӛтiп бара жатып домбыра шертiп
тұрған жiгiттiң жанына аялдадық. ―Кӛңiл толқыны‖ мен ―Ақ
жауынды‖ қайталап шерткiздiк. Ұлан қалтасынан бағана
тӛлемей қойған мың теңгесiн алып, жiгiттiң алдына тастады да,
шашылып жатқан тиындардың iшiнен жиырма теңгелiктердiң
екеуiн терiп алды.
— Сдачаң ба? – деп күлдiм. Ол үндемедi. Жiгiтке
аяушылықпен қарап тұрды да:
— Ерiк, қарашы. Осы да әдiлеттiлiк пе? Осынша талантымен
он теңгеге күнi қарап жердiң астында тұрған мынаны қара.
Бұның тӛбесiмен қолынан түк келмейтiн, әке-кӛкесiнiң
арқасында шiренiп ―Мерседеспен‖ ӛтiп бара жатқан байдың
балаларын қара, – дедi.
— Несi әдiлетсiз. Бәрi де әдiлеттi. Жаратушы ием бұған
талант бердi. Бұл сол талантымен елдi сүйсiндiрiп тұр. Бай
баласына машина бердi. Ол сол мерседесiмен айналасын
қызықтырып жүр. Бiр басыңа бәрiн тiлеуге болмас.
— Мен тек қана бiздiң елде ӛнерден байлықтың жоғары
тұратынын айтқым келген…
— Түсiнем. Бағана сен шешеңе ренжiдiң. Ӛнердi түсiнбейдi
деп. Ол кiсiлердi кiнәлауға болмайды. Менiң де әкем қарсы
болған. Жӛнi түзу оқу оқы деп. ―Мен сенi ӛсiргенде әдемi
әйелдердi әспеттесiн деп ӛсiргем жоқ. Жалаңаш қатындардың
суретiн салғаннан басқа не тындырдың?‖ – деп те ренжiген.
Олардың арманы басқада ғой, Ұлан.
Бағанағы сдачаға алған қырық теңгемен жатақханаға жетiп
алдық. Менiң бӛлмеме келiп кiрдiк. Ол тӛсекке құлай кеттi.
Мен ас қамдауға кiрiстiм.
— Бiтуге аз ғана қалыпты, – дедi. ―Айнаға‖ қарап тұр екен.
— Алла жазса осы аптада тәмам болады.
— Сен бұны кӛрмеге қойма.
— Неге?
— Бұны сен махаббатыңмен, мейiрiмiңмен жараттың. Бұл әлi
күнге кездеспей жүрген, тек қиялыңда ғана ӛмiр сүрiп келген
ғашығың ғой. Осы күнге дейiн аңсарыңды алған асылыңды
қызғана бiлсеңшi.
— Мен бұны Арбатқа қойсам ба деген едiм.
— Есiң дұрыс па? Ӛйтiп қорлама, Айнаңды. Қанша қымбат
болса да мен-ақ алайын. Маған сат.
— Осынша сұлулықты қапасқа қамап қоюға болмас.
Тамашаласын ел-жұрт.
—
Ӛзiң бiл. Ләззаттандырамын дейтiн шығарсың.
Құмарлықтарын, нәпсiсiн қоздырарсың бар болғаны.
— Қыздардың да ма?..
— Олардың қызғанышын. Айнаны кӛргенде қызғаныштан
ӛлiп кетер. Ӛздерiнде жоқ сұлулықты ӛзгеден кӛргенде
қызғаныштан басқа не iстейдi дейсiң олар.
— Сенiң кӛңiлiң қалған екен. Ашынып кеткенсiң. Бәрiн
кiнәлайсың. Шешең дұрыс айтады.
— Сен де дұрыс айтасың. Бәрiнен кӛңiлiм қалды.
Адамдардың бәрiн жек кӛремiн. Бәрi бұзылған, азған. Кейде
қайдағы бiр қиырға қашып кетiп жалғыз ӛмiр сүргiм келедi.
Бала күнiмде ӛмiрдi ғажап қой деп ойлаушы ем. Ертегiдей
елестететiнмiн. Қателесiппiн. Құдды бiр күресiнде жүргендей
күнде жиренесiң, жиiркенесiң. Сәби кезiмде бәрiне сүйсiне
қарайтынмын. Ӛмiрге деген сол махаббатым сӛнбей тұрғанда
ӛлiп қалсам ғой. Бағалыңның құнсызданғанынан артық жаман
не бар. Кейде мен адамдардың бәрi қырылып қалса ғой деп те
тiлеймiн. Бәрi қайта басталса.
— Ӛзiң Адам Ата болсам дейтiн шығарсың. Бiр айтарым
Хауаға алма жегiзбей, жақсылап қадағала. Сонда бәрi де дұрыс
болады.
— Мен Адам Аталықтан бас тартар едiм. Себебi мен де таза
емеспiн. Ласпын. Былғандық қой. Былғанады екен, бiр-бiрiн
былғайды екен адамдар. Бiр-бiрiне сүйкенбесе жүре алмайтын
адамдар кiрлерiн тазаларына жұқтырады екен.
Балконға шығып темекi шектiк. Басымның ауырлап бара
жатқанын сездiм. Ештеңеге қызыға алмадым. Ұлан менiң
жағдайымды түсiндi.
— Жарайды, басқа нәрсе айтайын. Бағана шешеңдi
құптаймын дедiң бе?
— Тағы бастадың ба?
— Жо-жоқ, қорықпа. Мен басқа нәрсе айтамын. Бiрақ сен
менi қатыгез дедiң ғой. Ал тыңда,.. – дедi де, жанарын тым
алысқа тiктi.
* * *
— Ол кезде ауылда тұратын едiк. Тоғыз-ондарға келiп қалған
кезiм. Ӛзiмдi ересек сезiнетiнмiн. Бала екенбiз ғой. Үйдiң
тұңғышы болған соң еркелеу ӛстiм. Таңның атысы күннiң
батысы үй кӛрмеймiн. Кӛршiнiң ӛзiммен қатарлас баласы
болған. Сол екеумiз елдiң есегiн ұрлап мiнiп, алақандай
ауылдың шаңын аспанға кӛтерушi едiк. Ол екеумiз жасамаған
бұзықтық қалды ма? Күнiге неше соғысып, неше
татуласатынбыз.
Күнде таңертеңгiсiн ояна салып, жуынбастан кӛшеге
шығатынбыз. ―Осы сенiң не қызметiң бар? Кӛзiңдi тырнап
ашып кӛшеге тұра жүгiресiң. Сабақ болса қалай тұрмас едiң?‖ –
деп, таң қалатын шешем. Басқадан құры қалсақ та, осы бiр
таңғы қызықты жiберiп алмауға тырысушы едiк. Ӛйткенi мұнда
бiздiң балаң арманымыз бен аппақ аңсарымыз жатыр. Екеумiз
де келiп аз ғана күткесiн осы жолдың бойымен Қырмызы апай
ӛтетiн. Қолыңа ине сұғып, тiсiңдi жұлып, тiрiдей шырқыратып
жататын дәрiгер апайды кiм жақсы кӛрсiн. Ол кiсiнi кӛруге
қайбiр емешегiмiз үзiле қалды дейсiң. Мәселе сонда — ол кiсi
жалғыз ӛтпейтiн. Екiншi класта оқитын Меруерт деген қызын
жетектеп ӛтетiн. Таңғысын жұмысқа кеткенде перiштедей
қызын үйiне жалғыз қалдырмай, апасының үйiне апарып
салатын. Апасының үйiне апаратын жолда күндегi әдетiмiзден
жаңылмай бiз тұратынбыз. Шешесiне ерiп бара жатқан
Меруертке кiрпiк қақпай қарайтынбыз. Ол да бiзге қарап ӛтетiн.
Бiздiң осы қарасымызда сүйiспеншiлiгiмiз де, сағынышымыз
да, қимастығымыз да, аспандағы айға қол созған аңсарымыз да
— бәрi-бәрi бар едi. Осы бiр байланыстың нәзiк жiбi ешқашан
үзiлместей едi. Кешкiсiн дәрiгер апай мен бiздiң ғашығымыз
үйлерiне қайтып бара жатқанда, тағы да осы кӛрiнiс.
Қалыптасып қалған.
Бiр күнi Ерлiк екеумiз тӛбелесiп қалдық. Ол айтады:
―Меруерт маған қарайды‖, – деп. Мен шығамын: ―Саған емес,
маған қарайды‖, – деп. Ал кеп таластық. Ол: ―Сенiң қай жерiңе
қарайды? Менiкiндей ақ крассовкаң мен адидасың жоқ‖, –
дейдi. Мен болсам: ―Мен саған қарағанда әдемiмiн. Сенiң
шашың бұйра, мұрның дәу‖, – дедiм. Бiр-бiрiмiздi мойындата
алмадық. Ақырында жалғыз-жалғыздан тұратын болып
келiстiк. Екiншiмiз сырттай бақылап тұрамыз дедiк. Жалғыз
тұрғанда кiмге қарамаса, сол жеңiлдi деп шештiк. Бiрiншi кезек
менiкi болды. Күндегi орнымда шарбаққа сүйенiп тұрдым.
Ерлiк сырттай бақылап тұр. Меруерт шешесiне ерiп келе
жатты. Жақындаған сайын жүрегiм ӛрекпiдi. Қазiр қарайды деп
үмiттендiм. Бiрақ, Меруерт маған қараған жоқ. Жалт етiп бiр
қарады да Ерлiктiң жоқ екенiн кӛрiп, қайырылмай кете барды.
Менiң денем дiрiлдеп, iшiме у толып бара жатты. Даусым
жарықшақтанып кеттi. Ерлiкпен сӛйлесуге шамам жетпей, үйге
қарай тұра жүгiрдiм. Оның мақтаншақ күлкiсi ғана менiң
соңымнан қуды. Үйге келе салып әр жерi жасыл шүберекпен
жамалған қара сымымды (елестетiп кӛр) шешiп тастап
жыладым. Намысымды қорлаған кедейлiгiме налып жыладым.
Ерлiктiң папасы құсап кеңседе бастық боп iстемей, трактор
айдап жүрген әкеме ӛкпелеп жыладым. ―Ақ кроссовка мен
адидас алып берiңдер!‖, – деп жер тепкiлеп жыладым. Әйтеуiр,
ұзақ жыладым.
Содан кейiн кӛшеге шықпай, қоршаудың тесiгiнен сығалап
қарап жүрдiм. Бiр күнi Ерлiк үйге келiп: ―Жалғыз тұрып едiм,
маған да қарамай қойды. Екеумiз бiрге тұрайықшы‖, – деп
жалынды. Менiң кӛнгiм келмедi. Ақыры келiстiм. Ол үшiн
әлеуметтiк теңсiздiктi жоюға кӛндiрдiм. Адидасын да, ақ
крассовкасын да кимейтiн болды.
Ертесi күнi екеумiз де шортиктен басқа ештеңе кимей, жалаң
аяқ, жалаң бас шықтық. Бiздiң бұл сықпытымызды кӛрiп, олар
кекей күлдi. Бiз де күлдiк.
— Үстiлерiңе киiм кимейсiңдер ме, ауырасыңдар ғой.
Айтпады демеңдер, ауырсаңдар, аямаймын, – деп Қырмызы
тәте қорқытып кеттi. Оның ертесi күнгi тұрпатымыз мүлде
күлкiлi едi. Ерлiк екеумiз папасының костюмiн киiп алдық.
Етегi тiземiзден асады. Аяғымызда сүйретпе, мойнымызда
галстук. Бұл күнгi iсiмiз де сәтсiз аяқталды. Ӛйткенi Қырмызы
тәтемiз жұмысына барған жоқ. Демалыс екен.
Осылай күндер ӛтiп жатқан. Бұлжымастай заңымызды быт-
шыт қып бiр күнi тӛбемiзден жай түстi. Меруерттiң әке-шешесi
ажырасатын болыпты. Түннiң бiр уағында үйге Ерлiк келдi.
Аптығын баспастан:
— Құрыдық! – дедi.
— Не болды?
— Ажырасатын болыпты..
— Кiм?
— Қырмызы тәтелер.
— Неге? – дедiм қапелiмде аузыма жӛндi сӛз түспей.
— Мен қайдан бiлейiн неге екенiн.
— Кiмнен естiдiң?
— Жаңа тәтемдер шай iшiп отырып айтты. Ести сала саған
жүгiрдiм.
— Ӛтiрiк шығар, – дедiм оны да, ӛзiмдi де жұбатып. Екеумiз
солардың үйлерi жаққа бардық. Анығын бiлгiмiз келдi. Екеумiз
де жақсы хабар күттiк. Қырмызы тәте мен Қанат ағаның
құшақтасып тұрғанын, не болмаса күлiп отырып шай
iшкендерiн кӛргiмiз келетiн сияқты. Құдайдан ажыраспаса екен
деп тiледiк.
Үйлерiнiң жарығы жанып тұр екен. Есiктерiнiң алдында
ешкiм жоқ. Қорықсақ та терезелерiнiң алдына барып тың
тыңдадық. Бойымыздың қысқалығынан түк те кӛре алған
жоқпыз. Бiздi иттерi байқап қойып, шабалана жӛнелдi.
Байлаулы екенiн кӛрiп, қорқпай тұра бердiк. Иттiң үргенiнен
сезiктендi ме, Қанат аға далаға шығып: ―Кiм-ей бұл?‖ – дедi. Бiз
қоршаудан секiрiп түсiп қашып едiк, ол бiздi тұра қуды.
Жүрегiмiз атша тулап жүгiрiп келемiз. Бiрiмiзден бiрiмiз озып
кетпес үшiн қол ұстасып алғанбыз. Бiз қашқан күйi қораға келiп
тығылдық. Қорыққанымыз сонша – қазiр кiрiп келсе екеумiздiң
де жүрегiмiз жарылып кетердей. Бiрақ, бiздi iздеп таба алмады.
Есесiне Ерлiктiң шешесiне: ―Ертең балаңызды ертiп мектепке
келiңiз‖, – деп кеттi. Ол кiсi мектептiң директоры едi. Ӛлер
жерiмiз осы екен дедiк. Кетiп қалғанын бiлсек те, сыртқа
шығуға жүрегiмiз дауаламай үнсiз отыра бердiк. Қасымызда
байлаулы тұрған есек бiр-екi рет ақырып қойды. Сол кезде
Ерлiк: ―Есекке рахат, иә‖, – дедi. Мен не үшiн рахат екенiн
бiлгiм келiп: — Неге? – деп сұрадым.
— Ертең мектепке бармайды… – дедi. Ол әлi соны ойлап
отыр екен. Мен бiздi тәртiпке шақырғанша неге Қырмызы
тәтемен татуласып алмайды деп ойладым. Ӛмiрдегi мың сан
кереғарлық дегеннiң бiрi осы-ау.
…Ерлiктiң шешесi бiзге кӛп ұрысты. Бiз мән бермей
құлықсыз отыра бердiк. Әлден кейiн ғана Ерлiк:
— Егер Қырмызы тәтелер ажырасса, Меруерт папасымен
бiрге қала ма, мамасымен бiрге кете ме? – деп сұрады.
— Қырмызы оны ӛлсе де қалдырмас.
Бiздiң не үшiн қаңғып жүргенiмiздi түсiндi-ау деймiн.
— ―Мен алам, мен алам‖ деп таласып жүрушi едiңдер. Ендi
екеуiңе де жоқ, – дедi.
Таңғысын кӛшеге ерте шықтық. Түнде ұйықтап қалмайық
деп келiскенбiз. Бiз келiп тұрғаннан соң сүт пiсiрiм уақыт ӛтер-
ӛтпестен олар бiздiң кӛшемен кетiп бара жатты. Бiрақ, Меруерт
бiзге қараған жоқ. Ұялған шығар. Автобус аялдамасына барды.
Бiз де арттарынан ерiп бардық. Аз-кем аялдағасын, автобусқа
отырды да, кетiп қалды. Бiздiң бар қызығымыз, қуанышымыз
— бәрi-бәрi сол автобуспен бiрге кеттi. Кеудемiз де, ауылымыз
да босап, қаңырап қалғандай. Сұлу ауылымыз демнiң арасында
жұтап қалды. Автобусты қимай ұзатып салған кӛзiмiздегi
жасты бiр-бiрiмiзге кӛрсетуден ұялып терiс бұрылып кеттiк.
Кейiн үлкен аға боп үйленгенде әйелiммен ажыраспаймын деп
ойладым. Меруерт те жылап бара жатқан шығар. Шешесi де.
Мен оларды аяп кеттiм. Мен сол сәтте тұңғыш рет бiр адамды
қатты жек кӛрдiм. Меруерттiң папасының түрi жаман боп
елестедi. Одан гӛрi мас болып алып қуалайтын Бақытқали аға
жақсырақ сияқтанды. Әшейiнде таласып жүретiн Ерлiк маған
жаны ашып:
— Ұлан, жыламашы. Кейiн мен бастық болғанда, сен менiң
шопырым боласың ғой (Бiз ылғи осылай армандап, осылай
ойнайтынбыз). Сол кезде машинамен iздеп жүрiп тауып
аламыз, – дедi. Бiз сол арманға сендiк. Бiрақ қайсымыздың
алатынымызды шешкен жоқпыз. Тауып алсақ, қалғанын кӛре
жатармыз. Сол күнi екеумiздiң де ойнағымыз келген жоқ. Мен
үйге келiп шешеме:
— Маған ендi адидас та, ақ крассовка да алмай-ақ қойыңдар,
– дедiм.
Соған бола қара сиырды сатқызғым келген жоқ. Ақыры ендi
ауылда Меруерт жоқ қой…
Кӛңiлiм құлазып, жаным жабығып жүрген сол күндерде
шешем босанып, тұңғыш қарындасым дүниеге келдi. Әкеме:
— Атын мен қояйыншы, – дедiм.
— Басқалары аз боп, ендi сен қалып едiң, – дедi туысқан
апайым таласып. Бiрақ әкем:
— Осының бiр тiлегiн орындайықшы. Қарындас осынiкi ғой.
Қойса қойсын, – дедi.
— Не деп қоясың?
— Меруерт де қоям.
— Неге?
— Бiлмеймiн. Осы ат ұнайды ӛзiме, – деп алдадым.
Менiң бар ермегiм сол болды. Қасынан бiр елi
алыстамаймын. Ұйықтап жатса да бесiгiнiң жанына тӛсек
салып, құшақтап жататынмын. Мен тым-тым балажан едiм.
Оған
деген
мейiрiмiм
шексiз-тiн.
Бiр
Меруерттен
айырылғандағы жұбанышым болған Меруертiм едi ғой… Едi
ғой дегенiме таңданып отырсың ба? Ол да менiң тар маңдайыма
сыймады. Алты-ақ айлығында қатты ауырып шетiнеп кеттi.
Содан кейiн сәбилердi жақсы кӛрген емеспiн. Салқын қарауға,
жек кӛруге тырысам. Жақсы кӛрсем ӛлiп қалатын сияқты
болады да тұрады. Сол кiшкентай Меруертiмдi мейiрiмiммен
ӛлтiрiп алған сияқтымын. Олар кiшкентай ғой, кӛтере алмайды
ондайды. Сен де сӛйт. Сәбилердi шектен тыс жақсы кӛрме. Ендi
түсiнген шығарсың менiң неге балажан емес екенiмдi. Бала
десе, жыным бар дегенiме де сенiп жүрдiң ғой, сен. Ал
адамдарға деген жеккӛрушiлiгiм – Қанат ағаны жеккӛруден
басталды. Ӛстiп бұзылды ғой бiздiң характер, – деп, Ұлан
әңгiмесiн аяқтады.
***
— Бұрыннан берi неге айтпай жүргенсiң.
— Әркiмге түсiнiктi болғым келмейдi.
Ұлан, шынында, жұмбақ адам. Бүгiн де ашылып әңгiмелеспес
едi, мастықпен айтып қойды. Маған ешкiмге айтпа деп ескерттi.
— Содан кейiн Меруерттi кӛрдiң бе? – деп сұрадым.
— Кӛрдiк қой,.. – дедi де қойды.
Екеумiз тӛсек салып ұйқыға жатқанда, телефоным шырылдап
қоя бердi. Ауылдан шешем хабарласып тұр.
— Дәрi-дәрмек алып тезiрек жет, – дедi. Інiм ауырып жүр едi,
сол тӛсек тартып жатып қалыпты. Менде ақша жоқ болатын.
Ұлан бәрiн де түсiндi. Екеумiз такси ұстап соның үйiне бардық.
Ол үйiнен қомақты қаржы алып шығып, қолыма ұстатты.
— Мынау кӛп қой. Маған жартысы да жетер.
— Алсаңшы. Операция жасау керек боп қалар.
— Шешеңнен алдың ба?
— Жоқ. Сол кiсiнi туған күнiнде бiр қуантайыншы деп
жасырын жинап жүргем.
— Ӛзiңе де керек екен ғой.
— Ол кiсiнiң қуанышы iнiңнiң жанынан артық емес шығар.
Аман болсақ әлi талай қуантармыз. Қазiрше жаман баласы боп
жүре тұрамын. Шешеңе менен алдым деме. Қуанып қалсын, ӛз
ақшам де. Қарыз емес, – дедi.
Мен рахмет айтып, машинаға отырып жүрiп кеттiм. Ол бiздi
ұзатып сап қарап тұр.
БЕЙБІТ САРЫБАЙ
Достарыңызбен бөлісу: |