71. Қан тобын, резус тиістілікті анықтауда және жеке үйлесімділік сынамаларын жүргізудегі
қателіктер зерттеу техникасын бұзған кезде немесе қиын анықталатын қан топтары жағдайларында
пайда болады.
72. Жиі туындайтын техникалық қателіктерге мыналар жатады:
1) реагенттерді орналастырудың қате тәртібі. Әрбір жеке алынған реагентте нәтижені дұрыс
бағалау кезінде егер реагенттерді штативте немесе пластинада орналастыру тәртібі бұзылса, қан
тобы және резус-тиістілігі туралы дұрыс емес қорытынды жасалады. Қан әрбір тобын анықтау
кезінде реагенттердің орналасуын тексергені жөн, сондай-ақ олардың сапасын көзбен көріп бағалау
, көмескіленген, ішінара кеуіп қалған реагенттерді, жарамдылық мерзімі өткен реагенттерді
пайдаланудан алып тастау.
2) қан тобын анықтауды +15 С-тан төмен емес температурада жүргізеді, себебі зерттелуші
0
қанның құрамында төменгі температура кезінде эритроциттердің ерекше емес желімделіп қалуын
тудыратын суық агглютининдер болады. «Монетті бағандардың» пайда болуы агглютинация көрінісін
жасайды. Эритроциттердің ерекше емес ұйысуы, әдетте, бір-екі тамшы физиологиялық ерітінді
қосқаннан және пластинаны шайқағаннан кейін ыдырайды. Жоғары температурада агглютининдер
белсенділігін жоғалтады, сондықтан қан тобын анықтауды +25 С-тан жоғары емес температурада
0
жүргізеді.
3) аглютинация реакциясы үшін эритроциттер мен тестілік реагенттердің оңтайлы арақатынасы
– гемагглютинациялаушы сарысуларды пайдалану кезінде 1:10, пайдалану кезінде 2-3:10.
Эритроциттердің біршама артық болуы кезінде агглютинация байқалмайды, әсіресе эритроциттердің
агглютинациялық қасиеттері төмендеген жағдайда – А2 кіші топ бөлігі. Эритроциттер санының
жеткіліксіздігі кезінде агглютинация жай пайда болады, бұл да нәтижелерді дұрыс пайымдамауға
әкеледі.
4) эритроциттердің агглютинациясы алғашқы 10 секунд ішінде пайда болады, алайда реакция
барысында бақылау, әсіресе агглюцинация пайда болған тамшыларда 5 минуттан кем емес уақыт
жүргізіледі. Бұл баяу агглюцинациямен сипатталатын А2 әлсіз антигенін анықтауға мүмкіндік
береді.
73. Қиын анықталатын қан топтары жағдайлары:
1) бәсен агглютинация - А (ІІ) және АВ (ІV) топтары эритроциттерінің құрамындағы А
антигені екі нұсқада (А және А топ бөліктері) беріледі. А эритроциттері А эритроциттерінен
1
2
1
2
анти-А антиденелерге қатысты төмен агглюцинациялық қасиетімен ерекшеленеді. Қан тобы
бөліктерінің клиникалық трансфузиологияда маңызы жоқ, сондықтан эритроциттерді құыған кезде
оларды есепке алмайды. А антигені бар адамдарға А эритроциттерін құйылады. Анти-А 1 және
2
1
Анти-А 2 экстрагглютининдері бар реципиенттер ерекшеленеді. Бұл антиденелер құюдан кейінгі
асқынуларды болдырмайды, алайда өздерін сынамада жеке үлесімділікке білдіреді;
2) эритроциттердің ерекше емес агглютинциясы. Бұл туралы эритроциттердің АВ қоса алғанда,
барлық топтардың сарысуларымен агглютинациялану қабілетінің негізінде пайымдайды. Ерекше емес
агглютинация, эритроциттердегі аутоантиденелердің адсорбациясы бірге жүретін аутоиммунды аурулар
кезінде, эритроциттері анасының аллоантиделерімен аса жүктелген нәрестелердің гемолиздік
ауруларында байқалады. Ерекше емес агглютинацияны ерекше агглютинациядан айыру мақсатында
анти-А, анти-В, анти-АВ, анти-Д реагенттері бар эритроциттер агглютинациясы болғанда АВ
стандартты сарысуымен және 0,9% натрий хлор изотоникалық ерітіндісімен сынама жүргізіледі.
Бұлай істемеген жағдайда реципиент АВ резус-оң тобына қате жатқызылады, ал бұл донордың дұрыс
таңдалмауына әкеледі. Егер эритроциттердің ерекше емес агглютинациясынан реципиенттің қан тобын
анықтау мүмкін болмаса, қанның топтық тиесілігі туралы қорытынды берілмейді, қанның үлгісін
мамандандырылған зертханаға жібереді, ал онда антиген құрылымы бойынша іріктеу жасалады;
3) қан химераларының, яғни қан арнасында эритроциттердің қан тобы және өзге антигендер
бойынша бір-бірінен өзгеше екі популяциясының бір уақытта бар болуы. Трансфузиялық химералар О
тобының эритроциттік массасын немесе жүзгінін өзге топтың реципиенттеріне бірнеше рет құю
нәтижесінде пайда болады. Нағыз химералар гетерозиготты егіздерде, сондай-ақ аллогендік сүйек
кемігін ауыстырып қондырудан кейін кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: