Қорытынды Жалпы алғанда қанның құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты. Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамы н озгертеді. Дене еңбегінен кейін балалар мен жастарда ересек адамдардағыдай миогендік лейкоцитоз байқалады. Бала жүгіргенде, қозғалысты ойын сияқты жеңіл-желпі дене еңбегінде лимфоциттері аздап көбейеді, ал велосипед тебу, сол сияқты қара күшті қажет ететін еңбекте нейтрофилдер көбейеді. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде жүгіру, суда жүзу сияқты спорт түрлерімен шүғылдан ғанда лейкоциттердің барлық түрлері көбейеді. Бірақ, сонда да лимфоциттердің көбеюі басым болады. Ал қыздар мен жігіттердің арасындажыныстық айырмашылықтар жоқ деп батыл айтуға болады. Жалпы алғанда миогендік лейкоцитоз Бұлшық еттердің жұмыс ының ұзақ тығына байланысты Гюлады, ал жасқа байланысты ерекшеліктер байқалмайды. Мұндай қысқа мерзімді дене еңбектерінің эритроциттердің санына өсері онша күшті емес. Қан топтары. Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға қүйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың қанының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан қүйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан қүйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді. Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиноген деп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында Бұл армен кездескенде қанды ұйытып тастайтын ά және β агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен немесе агглютиноген В агглютинин бетамен кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады. Бұл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:
АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның қорғаныс жүйелері бар екені анықталды. Гоның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды оң-резусты (RҺ+), жоқ адамдарды теріс-резусты (Rh-) деп атайды. Егер Rһ- кісіге RҺ+ адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал екінші рет сондай қан құйылса, бұрын пайда болған арнайы аглютиногендер эритроциттерді бір-біріне жабыстырып, кызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға байланысты Rh- жүкті әйелдердің ұрығына Rh+ әкесінің факторы тұқым қуалап ауысқанда жүкті әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі.