Анықтама Төртбұрыш – төрт нүктеден және сол нүктелерді қосатын кесінділерден құралған фигура. Анықтама 2



Дата06.02.2022
өлшемі58,77 Kb.
#80993
Байланысты:
НО11МАТЕМ


4 – дәріс
Төртбұрыш, дөңес төртбұрыштар: параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция жəне олардың қасиеттері мен белгілері;
Анықтама 1. Төртбұрыш – төрт нүктеден және сол нүктелерді қосатын кесінділерден құралған фигура.
Анықтама 2. Параллелограмм – қарама- қарсы қабырғалары өзара паралллеь болатын төртбұрыш.
2) Тапсырма ретінде параллелограмның қасиеттерін дәлелдеуді (шығаруды) ұсынамыз.
Параллелограмның диагоналдарының қиылысу нүктесінде қақ бөлінетінін дәлелдеңіз.
Есеп: параллелогаммында диагональдары О нүктесінде қиылысады. см болса, диагоналінің ұзындығын тап.
Параллелограмның қарама - қарсы бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз.
Есеп: параллелогаммында . тап.
Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180о-қа тең екенін дәлелдеңіз және т.с.
Есеп: параллелогаммында градустық өлшемін тап.
Паралллелограмм анықтамасы, қасиеттері мен белгілерін мұғалімнің бағытымен тұжырымдап, дәптерге түртіп алу.

  1. қасиеті. Параллелограммның қарама- қарсы қабырғалары тең болады.

  2. қасиеті. Параллелограммның қарама- қарсы бұрыштары тең.

  3. қасиеті. Параллелограммның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөледі.

  4. қасиеті. Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180о-қа тең.

  1. белгі. Егер төрбұрыштың екі қабырғасы параллель және тең болса ол – параллелограмм.

  2. белгі. Егер төртбұрыштың қарама- қарсы қабырғалары қос- қостан тең болса, ол – параллелграмм.

  3. белгі. Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қақ бөлетін болса, ол – параллелограмм.

8.3.1.5
тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады;
8.3.1.6
ромбтың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады;
Анықтама 3.
Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм тіктөртбұрыш деп аталады.
Анықтама 4.
Барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм ромб деп аталады.
Сыныпқа сұрақ (кері байланыс): Осы төртбұрыш қасиеттері туралы не айта аласыз?
Параллелограммның барлық қасиеттері ромб және тіктөртбұрыш үшін орындалады.
ІІІ. Жұппен жұмыс. (Оқушыларды жұпқа стикерлер арқылы бөлеміз. Әр жұп бір- бірінің дәптерін тексереді.)

  1. Төртбұрыштың параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.



  1. Параллелограммның түрін анықта. Периметрін тап.



  1. Параллелограммның түрін анықта. Барлық бұрыштарының градустық өлшемін тап.


Жеке жұмыс (өзін- өзі тексеру)

  1. ромбында бұрышы . (Жауабы 72)

  2. Тіктөртбұрыштың кіші қабырғасы см. Диагональдары бұрыш жасап қиылысатын болса, тіктөртбұрыш диагоналін тап. (40)

  3. Тіктөртбұрыш диагоналі бұрышын 1:2 қатынасында бөледі. Кіші қабырғасы 41 см. Диагональ қанша см? (82)

  4. Белгісіз бұрышты тап. ( )


Ромб - Барлық қабырғалары тең болатын параллелограммды айтады. 
Термин көне грек тіліндегі «дабыл» сөзімен сәйкес келеді. Егер бүгінде дабылдарды негізінен дөңгелек пішінде жасайтын болса, бұрын оларды квадрат не ромб түрінде жасаған. «Ромб» сөзін алғаш рет Герон мен Папп Александрийский қолданды.

Ромбтың қасиеттері


  1. Параллелограммның барлық қасиеттері.

  2. Дигоналдары перпендикуляр.

  3. Диагоналдары өздері шығатын бұрыштарының биссектрисалары болып табылады.

Ромбтың белгілері


Параллелограмм ромб болады егер:

  1. Оның екі айқыш қабырғалары тең.

  2. Диагоналдары перпендикуляр.

  3. Диагоналдарының біреуі бұрышының биссектрисасы болса.

рапеция (от көне грекше: τράπέζιου — «үстел»; τράπεζα — «дастарқан, ас, тамақ») деп тек қарама – қарсы екі қабырғасы параллель, ал қалған екі қарама-қарсы қабырғалары киылысатын төртбұрышты айтады.

Трапеция
Параллель қабырғалары трапецияның табандары деп аталады, басқа екі қабырғасы бүйір қабырғалары деп аталады, ал бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесіндіні трапецияның орта сызығы деп атайды.

Трапецияның қасиеттері


  1. Трапецияның орта сызығы оның табандарына параллель және сол табандардың қосындысының жартысына тең болады.

  2. Егер трапеция тең бүйірлі болса онда оның диагональдары және табанындағы бұрыштары тең болады.

  3. Егер трапеция тең бүйірлі болса, онда оған сырттай шеңбер сызуға болады.

  4. (3-ке кері.) Егер трапецияға сырттай шеңбер сызуға болатын болса, онда ол тең бүйірлі.

Трапеция ауданы былай есептеледі

Шаршы



Шаршы
Шаршы (Квадрат) — шаршы деп сыбайлас қабырғалары өзара тең тіктөртбұрышты айтады. Техникада Шаршы тәрізді тесіктері бар тетіктер көп кезігеді. 
Квадрат(лат. quadratus а) немесе санның екінші дәрежесі (а2); 3)– төртбұрышты) – 1) барлық қабырғасы бірдей тік төртбұрыш; 2) бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі (а типографиялық өлшемнің 48 пунктке (шамамен 18 мм) тең бірлігі (жолдың ұзындығы, терім форматы, шрифтінің өлшемі, т.б.); 4) типографиялық терім материалы аралығының бір түрі (оның ені 48 пунктке, қалыңдығы қаріптің кегліне тең). Аудан S=a*a

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет