Анықтамалық-жол көрсеткіш « Мен саналы өмірімнің 20 жылын Қарағанды мен Теміртау қалаларында өткіздім. Қарағанды политехникалық институтында оқыдым »



бет3/3
Дата07.05.2017
өлшемі2,67 Mb.
#16025
түріАнықтамалық
1   2   3

Ақпараттық-іздеу жүйелерін еркін пайдалану қамтамасыз етілген: «Технорматив», «Қазақстан Республикасының стандарттары», «Қазақстан патенттері».

Кітап қорын толықтыру үшін Университет профилі бойынша жетімсіз әдебиеттерді цифрлау жүргізіледі. Құжаттарды цифрлаудың меншікті аппараттық-бағдарламалық құрылғылары бар – 4 планшеттік және 1 кітап сканері. Басылымдарды цифрлау кітапхана қызметкерлерінің еңбегімен іске асады.

ҚарМТУ кітапханасы Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар қатысушысы (РЖАЭК) болып табылады.

Кітапхана – Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханалары Ассоциациясының және Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының мүшесі.

Кітапханада кітапханашылар буынымен негізі салынған дәстүрлер берік сақталып келеді.

Құлшыныс пен іске деген шығармашылық тәсілдеме әр қызметкерді өзінше ерекшелейді. Кітапхана ұжымы ЖОО мамандарын даярлауға белсене қатыса отырып, өз күштерін негізгі мәселені шешуге – ақпарат пен білім орталығы болуға бағыттайды.
4. Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру
4.1. Жалпы ережелер
Кредиттік оқыту технологиясын (КОТ) пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеттері мыналар болып табылады:


  • білім көлемін бірыңғайлау;

  • оқытуды барынша даралау үшін жағдай тудыру;

  • білім алушылардың дербес жұмысының ролі мен тиімділігін күшейту.

Кредиттік оқыту жүйесіне (КОТ) тән ерекшеліктер мыналар болып табылады:

  • әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбек шығындарын бағалау үшін кредит жүйесін енгізу;

  • өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруға білім алушының тікелей қатысуы және жеке оқу жоспарын құрастыру кезінде жұмыс-оқу жоспарына енгізілген элективтік пәндер арасынан оқыту пәнін таңдау еркіндігі;

  • жоғары оқу орнында профессорлық-оқытушылар құрамның жеткілікті саны кезінде білім беретін оқытушыларды таңдау еркіндігі;

  • білім траекториясын таңдау кезіндегі білім алушыға көмектесетін эдвайзерді оқу процесіне тарту;

  • оқу процесін баспадан шыққан және электрондық түрдегі барлық қажетті оқу мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

  • әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.

Бакалавриаттың білім беру кәсіби бағдарламасы 4 жыл оқу ішінде іске асырылады және 40 пәннен кем емес зерделеуден тұрады. Бакалавр дәрежесін алу үшін 128 кредит алу, практиканың барлық түрлерінен өту, мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру, диплом жұмысын немесе диплом жобасын қорғау керек.

Ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық тұрғыда танылу, білім беру ұйымдарында оқытушылар мен білім алушылардың ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру және білімнің барлық деңгейдегі сабақтастығын қамтамасыз ету үшін бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы пайдаланылады.

Кредиттік оқыту технологиясы оқытушылар мен білім алушылардың оқу жұмысы

көлемін өлшеудің бірыңғай бірліктері ретінде кредитті пайдалана отырып, пәндерді зерделеу бірізділігінде білім алушылардың таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.

Кредиттік оқыту технологиясында оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу кредиттермен өлшенетін берілген материалдар көлемі бойынша жүзеге асырылады.

Кредиттік оқыту технологиясы жинақтау болып табылады, білімнің барлық деңгейі бойынша бұрын игерілген кредиттерді есеп алу дегенді білдіреді.


4.2. Кредиттік оқыту жүйесімен байланысты негізгі түсініктер
Осы Анықтамалық-жол көрсеткіште келесі негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – демалыс күндерін көрсете отырып (каникул және мейрамдар) оқу жылы ішінде оқу мен бақылау іс-шараларын өткізу күнтізбесі;



  1. академиялық кезең (Term) – жоғары оқу орнында үш нысанның бірінде таңдап алынған теориялық оқу мерзімі: семестр, триместр, тоқсан;

  2. академиялық ұтқырлық – бұл өз ЖОО немесе басқа ЖОО оқуды жалғастыру үшін кредиттер түрінде игерілген білім бағдарламалары міндетті қайта сынақтан өткізуде белгілі бір академиялық мерзімде оқу немесе зерттеулер өткізу үшін білім алушылар немесе зерттеуші-мұғалімдерді ауыстыру: семестр немесе басқа жоғары оқу орнындағы оқу жылы (ел ішінде немесе шетелде).

  3. академиялық еркіндік – білім алушыларды, оқытушыларды шығармашылық дамыту, инновациялық оқыту технологиялары мен әдістерін қолдану үшін жағдай жасау мақсатында білім қызметін ұйымдастыру және қосымша оқыту түрлерімен таңдау бойынша компонент пәндері бойынша білім мазмұнын дербес анықтау үшін оларға ұсынылатын білім процесі субъектісі уәкілеттілігінің жиынтығы.

5) білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық аттестация (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құралатын білім алушының бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

6) академиялық дәреже (Degree) – оған жоғары оқу орыны қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижелері бойынша беретін жоғары кәсіби білім беру бағдарламасына сәйкес келетін білім алушының игеру деңгейі;

7) академиялық сағат – сабақтардың барлық түріне (аудиториялық жұмыс) арналған кесте бойынша немесе жеке бекітілген график бойынша білім алушының оқытушымен байланысып жұмыс жұмыс істеу уақыты;

8) белсенді тарату материалдары (АРМ) (Hand-outs) – тақырыптарды шығармашылық сәтті игеру үшін білім алушыларға дәлелдеу үшін сабақ процесінде таратылатын белсенді көрнекті иллюстрациялық материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, үлгілер, глоссарийлер, дербес жұмысқа берілетін тапсырмалар);

9) білім алушылардың қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – тиісті білім деңгейіне, соның нәтижелері бойынша білімі туралы құжат (диплом) берілетін, оның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты немесе игеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;

10) білім алушылардың аралық аттестациясы – білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу пәндерін аяқтағаннан кейін оқу пәнінің толық көлемін немесе бір бөлігін меңгеру сапасын бағалау мақсатында емтихан сессиясы мерзімінде жүргізілетін рәсім.

11) студенттің дербес жұмысы (СДЖ) — тесттер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдер, рефераттар, бақылау жұмыстары, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын ұсыныстар және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген дербес оқуға бағытталған белгілі бір тізім бойынша жұмыстар;

12) білім алушылардың оқу жетістіктері – тұлғаны дамытуда қол жеткен деңгейде көрінетін және оқу процесінде меңгерген білім алушылардың білімі, дағдылары мен құзыреттілігі;

13) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау — жоғары оқу орны дербес анықтайтын аттестация мен әртүрлі түрдегі бақылау тапсырмалары негізінде (ағымдағы, аралық және қорытынды) білім алушылардың білім жетістіктерін тексеру;

14) білім алушылардың сабақ үлгерімін ағымдық бақылау – академиялық мерзім ішінде аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда оқытушы өткізген оқу жоспарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелік тексеру;

15) екі дипломды білім – екі диплом алу (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом алу (Major – Minor) мақсатында екі оқу жоспары бойынша параллель білім алу мүмкіндігі;)

16) Еуропалық транферт жүйесі (ауысу) және кредиттер жинақтау ( ECTS) – білім бағдарламасының компоненттері (пәндер, курстар, модульдер) сынақ бірліктерін (кредиттерді) игері тәсілі, соның көмегімен білім траекториялары, оқу мекемелері мен оқыған елдері ауысқан кезде білім алушылардың меңгерген оқу пәндерін (кредиттер мен бағаларды ) салыстыру мен қайта тапсыру жүзеге асырылады;

17) жеке оқу жоспары – білім алушылардың жыл сайын типтік оқу жоспары және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзер көмегімен дербес құрастыратын оқу жоспары;

18) кредит (Credit, Credit'hour) – білім алушының/оқытушының оқу жоспарының көлемін өлшеудің бірыңғайланған бірлігі;

19) кредиттік оқыту технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайланған бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып пәндерді зерделеу бірізділігін білім алушылардың таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде білім алуы;

20) қорытынды бақылау – аралық аттестация мерзімінде емтихан түрінде өткізілетін оқу пәндерінің бағдарламасын меңгеру сапасын бағалау мақсатында білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық мерзім бойы оқылатын болса, онда қорытынды бақылау аталған академиялық мерзімде зерттелген пәндердің бөлігі бойынша жүргізілуі мүмкін;

21) аралық бақылау – бір оқу пәнінің тарауының аяқталуы бойынша білім алушының оқу жетістіктерін бағалау;

22) оқу пәндеріне жазылу ((Enrollment) – білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;

23) оқу жетістігін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі – халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін балда оқу жетістігінің деңгейін бағалау жүйесі;

24) Тіркеу бөлімі (бөлімі, сектор) –білім алушылардың оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды, оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

25) оқытушы басшылығымен студенттің дербес жұмысы (әрі қарай - СОДЖ) - кестеде көрсетілген оқытушы басшылығымен білім алушылардың аудиториядан тыс жұмысы; білім алушылардың категориясына байланысты бөлінеді: оқытушы басшылығымен студенттің дербес жұмысы (әрі қарай – СОДЖ), оқытушы басшылығымен магистранттың дербес жұмысы (әрі қарай – МОДЖ), оқытушы басшылығымен докторанттың дербес жұмысы (әрі қарай – ДОДЖ);

26) орташа өту балы (Grade Point Average - GPA) – таңдап алынған бағдарлама бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейінің орташа өлшенген бағасы (оқытудың ағымдық мерзімі ішінде кредиттің жалпы санына пәндер бойынша қорытынды бақылау бағасының балын сандық баламада кредитті жүргізу жиынтығына қатынасы);

27) оқу жұмыс жоспары – білім алушылардың жеке оқу жоспары және мамандықтардың типтік оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдарының дербес әзірлеген құжат;

28) пәндер сипаттамасы (Course Description) - өзіне пәннің мақсаты, міндеттері мен мазмұнын енгізетін пәндердің қысқаша сипаттамасы (5-8 ұсыныстан тұрады);

29) пререквизиттер (Prerequisite) – зерделенетін пәндерді игеру үшін қажетті білімді, дағдылар мен ептіліктерді қамтитын пәндер;

30) постреквизиттер (Postrequisite) — аталған пәндер зерделеу барысында алынатын білімді, дағдылар мен ептіліктерді талап ететін пәндер;

31) пәндер бағдарламасы (Syllabus) – зерделенетін пәндердің сипаттамасын, пәндердің мақсаттары мен міндеттерін, пәннің қысқаша мазмұны, тақырыбы және пәнді зерделеу ұзақтығы, дербес жұмыстың тапсырмасы, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талабын, білім алушылардың білімін бағалау критерийлері мен әдебиеттер тізімін енгізетін оқу бағдарламасы;

32) транскрипт (Transcript) - әріптік және цифрлық көріністе кредиттер мен бағаларды көрсете отырып оқытудың тиісті мерзімі ішінде игерілген пәндер тізімін қамтитын құжат;

33) тьютор – нақты пәндерді меңгеру бойынша студентке академиялық кеңес беруші ролінде енетін оқытушы;

34) типтік оқу оқу жоспары - оқу пәндерінің көлемі және тізімін білімнің кәсіптік оқу бағдарламасына, оларды оқыту тәртібіне және бақылау түрлеріне регламенттеуші негізгі құжат.

35) эдвайзер (Advisor) – оқыту траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға) және оқыту мерзімі ішінде білім беру бағдарламасын меңгеруге көмек көрсететін және тиісті мамандық бойынша білім алушылардың академиялық жетекшісі қызметін атқаратын оқытушы.

36) элективті пәндер – белгіленген кредиттер шеңберінде таңдау бойынша компонентке енетін және білім беру ұйымдары енгізген, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін, жоғары оқу орнында ғылыми мектеп қалыптастыратын, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен нақты өңір қажеттіліктерін ескеретін оқу пәндері.



4.3. Кредиттік оқыту жүйесі кезінде білім алушыларды оқудан шығару, қайта қабылдау және ауыстыру ерекшеліктері
1. Білім алушы өз оқуын жалғастыруды қаламаған жағдайда өз еркі бойынша шығып кетуге құқылы.

2. Білім алушы жоғары оқу орны Жарғысында, Ішкі тәртібі ережесінде қарастырылған міндеттерді бұзғаны үшін жоғары оқу орны әкімшілігі шығарып жіберуге дейінгі тәртіптік жазаны қолдануға құқылы.

3. Жоғары оқу орнынан шығарылған білім алушыларға белгіленген нысанда академиялық анықтама беріледі.

4. Қайта қабылдау рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:

а) білім алушы өз оқуын жалғастырғысы келетін жоғары оқу орны ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Өтінішке академиялық анықтама немесе ҚарМТУ-дан шығарылған студенттер үшін транскрипт ұсынылады;

б) факультет деканы ұсынылған құжаттар негізінде оқу курсын, оқу жоспарындағы айырмашылықты (5-ден артық болмауы тиіс) анықтайды;

в) факультет деканының, Тіркеу бөлімінің бұрыштамасы негізінде ақылы түрде көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды. Қосымша оқу жазғы семестр мерзімінде, ағымдық академиялық мерзімде немесе қысқы демалыс уақытында ұйымдастырылуы мүмкін.

г) факультет деканының, Тіркеу бөлімінің басшысының, оқу ісі жөніндегі проректордың бұрыштамасына сәйкес білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық шығарылады.

5. 5. Білім алушыны бір жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына ауыстыру рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:

а) білім алушы өзі оқитын жоғары оқу орны ректорының атына ауыстыру туралы өтініш береді және мөрмен басылған жазбаша келісімді ала отырып өзі ауысқысы келетін ҚарМТУ ректорына өтініш тапсырады; өтінішке жоғары оқу орны куәландырған транскрипт көшірмесі, мемлекеттік білім грантының иесі куәлігінің көшірмесі ұсынылады;

б) ҚарМТУ-дың тиісті факультет деканы оқу курсы мен оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;

в) факультет деканының, Тіркеу бөлімінің бұрыштамасы негізінде ақылы түрде көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды;

г) факультет деканының, Тіркеу бөлімінің басшысының, оқу ісі жөніндегі проректордың бұрыштамасына сәйкес білім алушыға ауыстыру туралы бұйрық шығарады;

д) үш күнгі мерзім білім алушының өзі бұрын оқыған жоғары оқу орнына жеке ісі жөнінде сұратуға бағытталады;

е) студент өзі бұрын оқыған жоғары оқу орнының ректоры басқа оқу орнынан сұрау алғаннан кейін үш күн мерзім ішінде поштамен жеке ісін жіберу жөніндегі жауапкершілікте болады.

6. Білім алушының Университеттің ішінде оқудың бір түрінен басқасына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы келесі рәсімдерге сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады:

а) білім алушы ҚарМТУ ректоры атына өтініш береді; өтінішке тиісті факультет деканы куәландырған транскрипт көшірмесі ұсынылады;

б) факультет деканы оқу курсы және оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;

в) факультет деканының бұрыштамасы негізінде Тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды; күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысу кезінде көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңге белгіленуі мүмкін немесе білім алушыға күндізгі оқу түрінен білім алушыға көрсетілген айырмашылықты тапсыру құқығы берілуі мүмкін;

7. Факультет деканың, Тіркеу бөлімінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректордың бұрыштамасына сәйкес, жоғары оқу орнының ректоры білім алушыны оқудың бір түрінен басқасына немесе бір мамандықтан басқа мамандыққа ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

8. Білім алушыға академиялық демалыс беру тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 12 қарашадағы № 906 бұйрығымен бекітілген «Күндізгі оқу түріндегі білім ұйымдарында оқитындарға академиялық демалыс беру тәртібімен» регламенттеледі.
4.4. Учебный процесс по кредитной технологии обучения
1. Кредиттік технологияны пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:


  1. білім көлемін бірыңғайландыру;

2) оқуды барынша жекелендіру үшін жағдай жасау;

3) білім алушылардың дербес жұмысының ролі мен тиімділігін күшейту;

4) білім алушылардың оларды бақылаудың тиімді рәсімі негізінде нақты оқу жетістіктерін анықтау.

2. Кредиттік оқыту технологиясы енгізеді:

1) әрбір пән бойынша білім алушылардың және оқытушылардың еңбек шығындарын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;

2) ЖОЖ құруға тікелей қатысуды қамтамасыз ететін КЭД енгізілген пәндерді білім алушыларды таңдау еркіндігі;

3) білім алушылардың оқытушыларды таңдау еркіндігі;

4) білім траекторияларын таңдауда білім алушыларға көмек көрсететін эдвайзерлерді оқу процесіне тарту;

5) интерактивті оқыту әдістерін пайдалану;

6) білім бағдарламарын меңгеруде білім алушылардың дербес жұмысын жандандыру;

7) оқу процесін ұйымдастыруда, білім бағдарламаларын қалыптастыруда факультет (бөлімшелер) және кафедралардың академиялық еркіндігі;

8) оқу процесін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен әрбір оқу пәні бойынша қамтамасыз ету;

9) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;

10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.

3. Бір оқу жылы шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру академиялық күнтізбелік негізде жүзеге асырылады, Ғылыми Кеңес шешімдері негізінде білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

4. Бір оқу жылы академиялық мерзімдерден, аралық аттестация мерзімдерінен, демалыстар мен практикалардан тұрады. Бітіруші курста оқу жылына қорытынды аттестация мерзімі енгізіледі.

Академиялық мерзім оның түріне байланысты ұзақтығы 15 апталық семестр, ұзақтығы 10 апталық триместр, ұзақтығы 8 апталық тоқсан түрінде болады.

Аралық аттестация мерзімі ұзақтығы кем дегенде 1 апта көлемінде болады.

Демалыс білім алушыларға әрбір академиялық мерзімнен кейін беріледі, бұл ретте оқу жылында демалыс уақытының ұзақтығы кем дегенде 7 аптаны құрайды.

5. Қосымша оқытуда қажеттіліктерді қанағаттандыру, оқу жоспарында академиялық қарыздарды немесе айырмашылықтарды жою, басқа жоғары орындарымен оқу пәндерін зерделеу бойынша келісу, өз жоғары оқу орнында кредитті міндетті қайта қарап, кредитті меңгеру үшін ұзақтығы 6 аптаға дейін бітіруші курстан басқа жазғы семестрді жүргізуге рұқсат етіледі.

6. Профессорлық-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау аудиториялық сабақтарға арналған кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген кесте бойынша білім алушылардың оқытушымен байланысты жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағатта жүзеге асырылады.

Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық және зертханалық сабақтар, дене тәрбиесінің сабақтары бойынша 1 академиялық сағат 75 минутқа сәйкес – студиялық сабақтар үшін немесе 100 минут - зертханалық сабақтар, дене тәрбиесінің сабақтары үшін тең.

Бір академиялық сағат білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының, практиканың барлық түрлері бойынша, білім алушылардың мемлекеттік қорытынды аттестациясы 50 минутқа тең.
4.5. Оқу процесін ұйымдастыру
Оқытудың кредиттік жүйесі кезінде оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылады:


  • аудиториялық сабақтар: дәрістер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар;

  • аудиториядан тыс сабақтар: оқытушы басшылығымен білім алушылардың дербес жұмыстары (СДЖ, СОДЖ), жеке консультациялар, интернет - сессиялар, бейне-конференциялар;

  • оқу және кәсіптік практиканы жүргізу, диплом жобасын әзірлеу, диплом жобасын дайындау;

  • білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (сабақтарда сұрау, оқу пәндері бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды, коллоквиумдар және т.б. қорғау);

  • аралық аттестация/қорытынды бақылау (оқу пәндерінің тараулары бойынша тестілеу, емтихан, практикалар бойынша есеп беруді қорғау), қорытынды мемлекеттік аттестация (диплом жобасын (жұмысын) қорғау).

Оқу процесін ұйымдастыру үшін келесі құжаттама талап етіледі:

  • академиялық күнтізбе;

  • оқу жоспары;

  • кесте;

  • әдістемелік қамтамасыз ету.


4.6. Академиялық күнтізбе

Бір жылғы оқу шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады, оны Ғылыми Кеңес бекітеді (01.07.2011ж. № 10 хаттама).

Академиялық мерзім семестр болып табылады. Оқу жылы екі семестрден тұрады және олардың әрқайсысы 15 аптаны құрайды. Емтихан сессиясы 3 аптаға созылады. Жазғы семестрді жеделдетілген және қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарыздарды, сондай-ақ оқу бағдарламасындағы айырмашылықтарды жою үшін 6 аптаға дейінгі ұзақтыққа жүргізуге рұқсат беріледі.
4.7. Оқу жоспары
Кредиттік оқыту жүйесі оқу жоспарының үш түрі негізінде жүзеге асырылады: типтік оқу жоспары, оқу-жұмыс жоспары, жеке оқу жоспары.

Типтік оқу жоспары (ТОЖ) оқу пәндерін оқыту мазмұны мен еңбек сыйымдылығын қосымшада олардың қысқаша сипаттамасы бар тізіммен анықтайды. Типтік оқу жоспары базалық болып табылады және әрбір оқу пәндерінің тараулары бойынша міндетті компонент бойынша кредитті бөлуді белгілейді.

Оқу-жұмыс жоспары (ОЖЖ) оқытушылардың оқу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады, типтік оқу жоспарына сәйкес кафедрада құрастырылады және жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі шешімдерінің негізінде ректормен (оқу ісі жөніндегі проректормен) бекітіледі.

Оқу-жұмыс жоспары үш блоктан тұрады: жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, бейінді пәндер. Блоктар өз кезегінде 2 компоненттен тұрады: міндетті пәндер және таңдау бойынша пәндер.

Таңдау бойынша оқитын пәндер элективтік пәндер каталогы ретінде рәсімделеді.

Оқу пәнінің көлемі кредитпен өлшенеді.

1 кpeдum (лекциялық, практикалық, семинарлық сабақтар) = (I байланыс, ауд.сағ. +СДЖ 1 сағат+ СОДЖ 1 сағат) х 15 апта (академиялық кезең) = 45 сағат.

Оқу-жұмыс оқу жоспарына сәйкес студенттің жеке оқу жоспары әзірленеді. Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) әрбір білім алушының білім траекториясын жеке анықтайды және студенттің өзімен академиялық жетекшісі, яғни эдвайзер көмегімен әрбір оқу жылына белгіленген нысан бойынша құрастырылады. Осы жоспарды екі данамен факультет деканы бекітеді: бірі – деканатта сақталады және білім алушының оқу жоспарын орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады, екіншісі – білім алушыға тапсырылады.


4.8. Тіркеу алгоритмі
Тіркеу Офисі (ТО) – студенттің оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын қызмет. ТО кредиттік оқыту жүйесі кезінде белгіленген кестеге сәйкес пәндерге студенттерді тіркеуді жүзеге асырады және олардың жеке оқу жоспарын жасайды. Жеке оқу жоспары жоғары курс студенттері үшін 1 тамызға дейін, 1 курс студенттері үшін 15 қыркүйекке дейін бекітілуі тиіс. Жеке оқу жоспарын бекіткеннен кейін оқу жылы ішінде өзгерістерге жол берілмейді.

Барлық жеке оқу жоспарлары тіркеушіге тапсырылады. Тіркеуші студенттерден алынған жеке оқу жоспарларын талдайды және топтарды жинақтайды, студенттердің таңдап алған пәндерінің табыстылығын анықтайды. Әрбір студент оқу жылы басында барлық оқытылатын пәндер, дербес жұмыстардың материалдары, практика бағдарламалары бойынша студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешенін алады.

Тіркеу алгоритмі енгізеді:

- эдвайзерді анықтау;

- элективтік пәндердің тұсаукесеріне қатысу;

- эдвайзердің ақыл-кеңесі (элективтік пәндерді талқылау);

- таңдап алынған пәндерден бас тарту жағдайымен танысу;

- міндетті және элективтік пәндерді көрсете отырып тіркеу түрлерін толтыру;

- пәндерді тіркеу туралы келісімді растау.
4.9. Кесте
Жеке оқу жоспарларының негізінде оқу сабақтарының кестесі жасалады және кестені академиялық кезең басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді.

Кесте байланыс сағаты бойынша құрастырылады. Сабақтың басталуы сағат 9.00-де.

Студенттердің дербес жұмысы оқытушы басшылығымен (СОДЖ) (Office Hours) кестеге сағатын көрсете отырып енгізеді.

Кестеге аудиториялық сағаттар (байланыс) және СОДЖ сағаттары қойылады.
4.10. Әдістемелік қамтамасыз ету
Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету қызмет көрсетуші мен шығарушы кафедралардың күшімен жүзеге асырылады, олар студенттерге мыналарды ұсынады:

- оқу жоспарындағы әрбір пәндер бойынша аудиториялық жұмыстарға арналған материалдар, соның ішінде дәріс тезистері, семинарлық сабақтардың жоспарлары және т.б.;

- студенттердің дербес жұмыстарына арналған материалдар, соның ішінде әрбір пәндер бойынша өздігінен бақылау материалдары, жаттықтыру тестілері, бақылау тапсырмалары, әрбір пәндер бойынша емтихан сұрақтары;

- практиканы өткізуге арналған материалдар, соның ішінде барлық түрлері бойынша практика жоспарлары және бағдарламалар, есеп беру құжаттамасының түрлері.

5. Білім сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру
5.1. Рейтинг
Рейтинг – бұл студент қызметінің балдармен белгіленетін бағасы. Оқу процесінде рейтинг жүйесін дұрыс қолдану студенттің білімін, дағдысын және жүйелік еңбегін бақылау объективтілігін арттыруға мүмкіндік тудырады және ол алынған білім беріктігінің кепілі болып табылады.

Рейтинг студенттің оқу жылы ішінде жұмыстардың әртүрлі түрлеріне қатысқаны үшін алынған балл жиынтығын анықтайтын оқудың қорытынды сапасы ретінде енгізіледі.

Студент білімін үздіксіз рейтингтік бақылау өзара байланысқан бақылаудың үш түрін құрастырады: ағымдық, аралық және қорытынды. Студент бақылаудың әрбір түрі үшін белгілі бір балл алу керек, олардың жиынтығы (жиынтық рейтинг) қорытынды бағаны қалыптастырады.

Студент білімін бағалауды есептеу әдістемесі жалпы балда ескерілетін аудиториялық сабақтар және СДЖ игеруі бойынша студенттердің еңбек шығындарын енгізеді. Пәндер бойынша кредиттерді бөлу жұмыс бағдарламасында көрсетіледі және деканатпен бақыланады.



Бакалавриаттағы бір кредит аптасына жалпы оқу жүктемесінің 45 сағатына тең, олардың 15-і-аудиториялық (байланыс сағаты), 15-і – оқытушы басшылығымен студенттердің дербес жұмысы, 15 сағатты студент дербес игеруі тиіс және белгілі бір уақыт ішінде оқытушыға тапсыруы тиіс. Әрбір студент білім беру бағдарламасының міндетті компонентін толықтай игеруі тиіс және таңдау бо.йынша компоненттен кредиттің белгілі бір санын алуы тиіс.
5.2. Пәндер бойынша қорытынды бағаны алу
5.2.1. Емтиханы бар пән бойынша қорытынды баға мына формула негізінде есептеледі:

, (1)
мұнда А1, А2 – бірінші және екінші аралық бақылау бағалары (аттестациялар);

Э – емтихан бағасы;

0,6; 0,4 – аттестация мен емтиханның салмақтық коэффициенттері.

5.2.2. Емтиханы және курстық жобасы (жұмысы) бар пән бойынша қорытынды баға орташа ретінде саналады


. (2)
5.2.3. Сырттай оқу түріндегі студенттерге емтиханы бар пән бойынша қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
И=А2  0,6 + Э  0,4, (3)
мұнда А2 – аралық бақылау бағасы, емтихан басталғанға дейін қойылады және емтихан, соның ішінде электрондық ведомостқа енгізіледі.

Э – емтихан бағасы;

0,6; 0,4 – аралық бақылау және емтиханның салмақтық коэффициенттері.

5.2.4. Сырттай оқу түріндегі студенттерге курстық жоба (жұмыс) және емтихан қарастырылған пән бойынша қорытынды баға 2 формулаға сәйкес орташа ретінде саналады.

Дәріс оқушы пәндердің тарауларын оқыту бойынша студенттердің аудиториялық және дербес жұмыстарының қорытындысын шығару үшін рейтингтік (аралық) бағалар қояды, ол бағалар:


  • сабаққа белсене қатысқаны және сабақта толық жауап бергені үшін (дәріс, зертханалық, практикалық);

  • бақылау, есептеу-графикалық жұмыстарды, курстық жобаларды орындағаны үшін;

  • үй тапсырмаларын және зертханалық жұмыстарды орындағаны үшін;

  • семинарлар мен коллоквиумдарға белсене қатысқаны үшін және баяндамалар жасағаны үшін алынған балдардан құралады.

Балдарды бөлу оқытушының өзінің жұмыс бағдарламасымен, оның тәжірибесі мен оқу міндеттеріне байланысты анықталады.

Оқу курсының аяқталуы бойынша емтихан түріндегі қорытынды бақылау жүргізіледі.

Барлық мамандықтар бойынша Қазақстан тарихы бойынша емтиханның Мемлекеттік емтихан мәртебесі болады.

Бақылаудың барлық түрлері, ағымдық және аралық, аралық аттестация, тестілеу немесе жазбаша жұмыстар бойынша жүргізіледі. Бақылаудың барлық түрлерін, аралық және қорытынды аттестацияны бағалау әріптік және сандық белгілер шкалалары бойынша орындалады, 1-кесте.


1-кесте

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Әріптік бағалаудың сандық баламасы

Меңгерілген білімнің проценттік мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А-


4,0

3,67


95-100

90-94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

Жақсы

С+

С

С-



D+

D


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

Қанағаттанарлық

F


0


0-49


Қанағаттанарлықсыз


5.3. Студенттің орташа балы (GPA)
Студенттің сабақ үлгерімінің нәтижелері бойынша оны келесі курсқа ауыстыру үшін орташа балл есептеледі (GPA).

Өту балы GPA (Grade Point Average) – таңдап алынған бағдарлама бойынша студент жетістіктерінің деңгейін орташа өлшеген бағасы (оқытудың ағымдық мерзімі ішінде кредиттің жалпы санына пәндер бойынша қорытынды бақылау бағасының балын сандық баламада кредитті жүргізу жиынтығына қатынасы) мамандықтар, курс және оқудың барлық түріндегі студенттер үшін Университеттің Ғылыми Кеңесі жыл сайын белгілейді және мына формула бойынша есептеледі:
GPA = (4)
мұндағы И1 – емтихан қарастырылған пәндер бойынша қорытынды баға;

ИК2 – тек курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пәндер бойынша қорытынды баға;

ИС3 – емтихан және курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пәндер бойынша қорытынды баға.

К1 … Кn – оқу жылы бойы оқытылған пәндер және практиканың көлемі;

n - оқу жылы бойы оқытылған пәндер және практиканың саны

Дене тәрбиесі жөніндегі дифференциалды сынақ және әскери дайындық жөніндегі баға GPA есептеуіне енбейді.

Барлық академиялық қарыздар GPA есептеу кезінде нөлмен есепке алынады (Иц=0).

Аралық аттестация қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранты бойынша оқитындарға стипендия алу үшін барлық емтиханды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсыру ұсынылады.

Студент оқыту процесі кезінде GPA өту балын кем алған жағдайда Университет бұйрығы бойынша оқуды үзуге және қайталап оқыту курсына (ақылы негізде) жазғы семестрде пәндерді оқу құқығынсыз қалады. Аталған студент жеке оқу жоспарын жасауға немесе бұрын орындалған жоспарды толықтыруға құқылы. Оқу құны жоспардағы қайталап оқыту курсының кредит санымен анықталады.

Қайталап оқыту курсына қалдырылған мемлекеттік білім гранты бойынша оқығандар бұдан әрі қарай оқу кезеңінде мемлекеттік білім грантынан айырылады және оқуды ақылы негізде жалғастыра алады.

Студент оқуының қорытынды кезеңі бітірушінің кәсіби жағдайын анықтау мақсатында жүргізілген мемлекеттік қорытынды аттестация болып табылады.

Қорытынды аттестация мамандықтың академиялық күнтізбесінде қарастырылған мерзімде жүргізіледі. Білім алушылар мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға және диплом жобасын немесе диплом жұмысын қорғауға міндетті.

Бітіруші қорытынды аттестацияның нәтижелері бойынша жоғарғы білім туралы диплом және транскрипт (қосымшасы) алады, онда оқу жоспарына сәйкес оқылған пәндер бағасымен және кредит саны көрсетілген тізім қамтылған.

Жоғары оқу орнын оқу мерзімі ішінде барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларға тапсырып және «А» немесе «А-» деген бағалар 75%-дан кем болмаған жағдайда, сондай-ақ бітіру жұмысын қорғаған және мемлекеттік емтиханды «А» немесе «А-» деген бағаларға тапсырған бітірушіге үздік диплом беріледі.


5.4. Бағалар критерийі
«А» бағасы (өте жақсы) егер студент семестр ішінде пәндердің барлық бағдарламалық сұрақтары бойынша, сондай-ақ дербес жұмыстардың тақырыптары бойынша үздік білімін көрсетсе, аралық тапсырмаларды жүйелі түрде тапсырса, оқылатын пәннің негізгі бағдарламасы бойынша теориялық және қолданбалы мәселелерде, сондай-ақ бағдарламадан тыс мәселелер бойынша дербестік көрсете білген жағдайда ғана қойылады.

«А-» бағасы (өте жақсы) негізгі заңдар мен процестерді, ұғымдарды үздік білуі, пәндердің теориялық мәселелерін қорытындылауға деген қабілеттілігі, аудитория бойынша аралық тапсырмаларды және дербес жұмыстарды тұрақты тапсырған кезде қойылады.

«В+» бағасы (жақсы) егер студент пәндердің барлық сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білім көрсеткен жағдайда, семестр тапсырмаларын негізінен «өте жақсы» және кейбіреулерін «жақсы» деген бағаларға жиі тапсырған жағдайда қойылады.

«В» бағасы (жақсы) егер студент пәндердің нақты тақырыптарының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтар бойынша жақсы білім көрсетсе, сондай-ақ дербес жұмыстардың тақырыптарын, семестр тапсырмаларын «өте жақсы» және «жақсы» деген бағаларға тұрақты тапсырған жағдайда қойылады.

«В-» бағасы (жақсы) студентке, егер ол аудиториялық, СДЖ тақырыптары сияқты пәндердің теориялық және қолданбалы мәселелерінде жақсы бағдарланса, бірақ семестрде аралық тапсырмаларды тұрақты тапсырмаған кезде немесе пәндер бойынша семестр тапсырмаларын қайта тапсырған жағдайда қойылады.

«С+» бағасы (қанағаттанарлық) студентке, егер ол аудиториялық сабақтар және СДЖ барлық түрлері бойынша түсінікті сипаттағы сұрақтарды меңгерген, пәндердің жекелеген модульдерінің мазмұнын аша алуы мүмкін, семестр тапсырмаларын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деген бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.



«С» бағасы (қанағаттанарлық) студентке, егер ол аудиториялық сабақтар және СДЖ барлық түрлері бойынша түсінікті сипаттағы сұрақтарды меңгерген, пәндердің жекелеген модульдерінің мазмұнын аша алуы мүмкін, семестр тапсырмаларын «қанағаттанарлық» деген бағаларға тапсырған жағдайда қойылады

«С-» бағасы (қанағаттанарлық) студентке, егер ол семестр бойы семестр тапсырмаларын тұрақты тапсырған жағдайда, бірақ аудиториялық сабақтар және СДЖ сұрақтары бойынша тек жалпы ұғымдарды меңгерген және тек жекелеген заңдылықтарды түсіндіре алуы мүмкін және оларды түсінуі нақты тақырыптар шеңберінде ғана болатын жағдайда қойылады.

«D+» бағасы (қанағаттанарлық) студентке, егер ол семестр тапсырмаларын тұрақты тапсырмаса, аудиториялық сабақтар және СДЖ сұрақтары бойынша тек жалпы ұғымдарды меңгерген және тек жекелеген заңдылықтарды түсіндіре алуы мүмкін және оларды түсінуі нақты тақырыптар шеңберінде ғана болатын жағдайда қойылады.



«D» бағасы (қанағаттанарлық) студентке, егер ол семестр тапсырмаларын тұрақты тапсырмаса, аудиториялық сабақтар және СДЖ сұрақтары бойынша білімі аз көлемде, сондай-ақ сабақтарды жиі жіберген жағдайда қойылады.

"F" бағасы (қанағаттанарлықсыз) студентке, егер ол пәндер бойынша аудиториялық сабақтар және СДЖ минимум теориялық және практикалық материалдарын меңгермеген жағдайда, сабаққа жиі қатыспаған және дер кезінде семестр тапсырмаларын тапсырмаған жағдайда қойылады.
6. Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру
ҚарМТУ-да өте жақсы жабдықталған спорт кешені орналасқан, онда спорт клубы жанында келесі секциялар жұмыс істейді: волейбол, баскетбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, күрес, жеңіл атлетика, туризм, пауэрлифтинг, қоян-қолтық күрес, теннис.

Сондай-ақ университеттің Жастар орталығы жанында мынадай студенттік үйірмелер бар: вокал, домбыра ансамблі, «Айналайын» ансамблі, мерекелік билер, пікір-сайыс клубы, сән театры, студенттік театр.



Студенттік өмір турасындағы барлық сұрақтар бойынша Жастар саясаты департементіне және «Жас Орда» студенттер кәсіподағына жүгінсеңіздер болады, 6 корпус, 310 каб., тел. 56-51-89, ішкі тел. 1042.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет