Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының директоры (бастығы)



бет10/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126

Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының директоры (бастығы)



Лауазымдық міндеттері. Өз атынан немесе бірінші басшының тапсырмасы бойынша Орталық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді және Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы (ЕО, АЕО) қызметінің нәтижесі үшін жауапты болады; өз міндеттерін өз бетінше немесе ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып орындайды. Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының (ЕО, АЕО) ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу, өндірістік және ғылыми зерттеу сипатындағы инженерлік, экономикалық және басқа да өндірістік және ғылыми-зерттеу сипатындағы міндеттерді шешу үшін есептеу техникасы, коммуникациялық және байланыс құралдары жүйесін құру, қызмет көрсету, дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастырады. Ұйым бөлімшелерінің тапсырыстарына, басқа мекемелер (ұйымдар) үшін жұмысты орындауға арналған шарттарға және ЕО (АЕО) техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ақпаратты өңдеу және есептеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге басшылық етеді. Электрондық есептеу жабдықтарының негізгі құрамын іріктеуді жүзеге асырады, оны негіздейді, ақпарат жинаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, ақпаратты есептеу техникасы құралдарымен өңдеудің міндеттері және техникалық процестері бойынша ақпарат өңдеудің технологиялық схемасын әзірлеуді және ұйымның тиісті бөлімшелерімен келісуді қамтамасыз етеді. Бөлімшелердің және орындаушылардың тиімді жүктемелерін айқындайды, ақпараттың түсу барысын, міндеттерді шешудің кестелері мен реттілігінің сақталуын және жұмыстардың белгіленген уақытта орындалуын, орындалған жұмыстың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. ЕО (АЕО) және ақпараттық қызмет көрсетудің техникалық базасын жаңалауды, өндірістік және шаруашылық қызметті басқарудың ақпаратттық-есептеу жүйесін дамытудың бірыңғай технологиясын іске асыру шеңберінде ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын ендіруді қамтамасыз етеді. Өндірісті қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету және ұйымды басқару мақсатында ақпараттық қызмет көрсету нарығын зерделеуді және талдауды қамтамасыз етеді. Деректер базасының және оларға кіру тетіктерінің құрылымын жобалауға, осы жүйелер жұмысының реттілігін әзірлеу мен қамтамасыз етуге, ақпараттық-талдау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ықтимал ақпарат көздерін зерделеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасына сәйкес жүйені қорғауды қамтамасыз етуге басшылықты жүзеге асырады. Ұйымның ақпараттық есептеу жүйесін құру мен дамыту, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру мақсатында есептеу техникасы құралдарын ендіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын әзірлеу үшін кәсіпорынның бағдарламалық-ақпараттық құралдардың әдістемелік базаларды пайдалануына арналған нормативтер мен стандарттарды әзірлеуге және дамытуға ЕО (АЕО) қатысуын ұйымдастырады. Жергілікті есептеу желілерінің және коммуникациялық жабдықтардың есептеу және аппараттық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, есептеу құрал-жабдықтарына, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық құралдарға жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Профилактикалық жұмыстар жүргізуді, есептеу техникалары құрал-жабдықтарын пайдалану барысында пайда болған істен шығуларды жоюды ұйымдастырады. Стандарттық бағдарламалар кітапханасының сақталуын және қызмет көрсетуді, машиналық тасымалдағыштарды сақтау мен пайдалану ережелерін сақтауды, жарамсыз болған жағдайда оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді. Қолданбалы бағдарламалық қосымшаларды пайдаланушыларды оқытуды ұйымдастыруға және жүргізуге, кәсіпорын қызметкерлерін үздіксіз оқытудың автоматтандырылған жүйесін жобалауға және әзірлеуге қатысады. ЕО (АЕО) қызметкерлерінің еңбегін оны қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру талаптарына сәйкес ұйымдастырады, штаттық және қаржылық тәртіптің сақталуын бақылайды. Еңбек заңнамасына және белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді қабылдайды және жұмыстан шығарады, ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады, олардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасайды. Қызметкерлерге қолданылып жүрген нысандарға және еңбекақы төлеу жүйелеріне сәйкес сыйақы беруді, олардың әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген есептіліктің жасалуын қамтамасыз етеді. ЕО (АЕО) құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; ЕО (АЕО) қызметіне қатысты әдістемелік және нормативтік материалдар, пайдалануына және есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану және қызмет көрсету; ақпараттық қызмет көрсету нарығы; ұйымның бейіні, мамандануы және даму перспективасы; ақпаратты жинау, беру және өңдеу құралдары; негізгі және жиынтықтаушы жабдықтардың техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері, қолданылу мақсаттарын және жұмыс режимі, оны техникалық пайдалану ережелері; ақпаратты механикалық және автоматты түрде өңдеу технологиясы және есептеу жұмыстарын жүргізу; есептеу техникасы құралдарын және телекоммуникацияларды қолданудың желілік технологиялары; ақпаратты техникалық тасымалдаушылардың түрлері, оларды сақтау және пайдалану ережелері; ақпаратты механикалық өңдеудің жобалау негіздері; ЕО (АЕО) және бөлімшелерінің жұмысы, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу кестесін әзірлеу тәртібі, тапсырмаларды шешу регламенттері; ақпараттық-есептеу жүйелерінің нормативтік-әдістемелік базасын әзірлеуді ұйымдастыру; ақпаратты қорғау туралы заңнама; есептеу техникасы құралдарының даму перспективалары және бағыты; қызметкерлерге еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары туралы қолданыстағы ережелер; орындалған жұмыстардың көлемін есептеу әдістері; жабдықтарды жөндеу қызметінің ұйымдастырылуы; ақпараттық қызмет көрсету және техникалық құжаттарды дайындау бойынша шарттарды жасау тәртібі; есептеу техникасы, коммуникациялық және байланыс құралдарын пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі; экономиканы, өндіріс, еңбек және басқаруды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және ақпаратты өңдеудің механизациялау және автоматтандыру саласында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы, ғылым кандидаты атағы бар ақпаратты өңдеуді механикаландыру және автоматтандыру саласында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет