Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет100/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   126

Хатшы-машинист



Лауазымдық міндеттері. Ұйым және оның бөлімшелері басшысының жұмысын қамтамасыз ету мен қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындайды. Бөлімшелерден және орындаушылардан басшыға қажетті ақпаратты алады, оның тапсырмасы бойынша қызметкерлерді шақырады. Басшының телефондық келіссөздерін ұйымдастырады, телефонограммаларды қабылдайды және береді, ол жоқ болған кезде қабылдаған хабарламаларды жазып алады және олардың мазмұнын басшының назарына жеткізеді. Басшы өткізетін отырыстар мен жиналыстарды дайындау жұмыстарын (қажетті материалдарды жинау, отырыс немесе кеңестің өтетін уақыты, орны, күн тәртібіндегі мәселелері және тіркеу жөнінде қатысушыларға хабарлау) жүзеге асырады, хаттамаларды жүргізеді және рәсімдейді. Басшының жұмыс орнын кеңсе керек-жарағымен, ұйымдастырушылық техника құралдарымен қамтамасыз етеді, басшының жұмысына тиімді ықпал ететін жағдайлар жасайды. Қабылдау келіссөз құрылғылары бойынша (телекс, факс, телефакс және т.б.) ақпаратты қабылдайды және береді. Басшының тапсырмасы бойынша әртүрлі материалдарды басады. Іс қағаздарын жүргізеді, басшының атына келіп түсетін корреспонденцияны қабылдайды, оны жүйелендіруді ұйымда қабылданған тәртіпке сәйкес жүзеге асырады және оны басшы қарап болғаннан кейін олардың кейінгі жұмыс процесінде қолдануы немесе жауап дайындауы үшін бөлімшелерге немесе нақты бір орындаушыға береді. Бақылауға алынған басшы тапсырмаларын орындау мерзімін қадағалайды. Басшының қол қоюы үшін құжаттарды қабылдайды. Келушілердің қабылдауын ұйымдастырады, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға ықпал етеді. Бекітілген номенклатураға сәйкес істі қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімдерде мұрағатқа тапсырады. Көбейткіш техникада тарату үшін құжаттарды дайындайды, сондай-ақ дербес ксероксте құжаттардың көшірмесін алады.

Білуге тиіс: іс қағаздарын жүргізу бойынша ережелер, нұсқаулықтар, басқа да басқарушы материалдар және нормативтік актілер; ұйымның және оның бөлімшелерінің құрылымдық және басшылық құрамы; машина басу, орфография мен пунктуация ережелері; әртүрлі құжаттарды басу кезінде материалдарды орналастыру тәртібі; типтік нысандарды пайдалана отырып, іскерлік хаттарды басу ережелері; жазу машиналарын, компьютерді, диктафонды, магнитофонды пайдалану ережелері; қабылдау келіссөз құрылғыларын қолдану ережелері; ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарттары; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.



Көзі көрмейтін маманның хатшысы

Лауазымдық міндеттері. Көзі көрмейтін маманға әр түрлі ақпаратты үн шығарып оқиды немесе оған үн жазбасына басып береді. Ақпаратты Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпімен тереді, қолымен көшіріп жазады немесе көзі көрмейтін қызметкердің айтуымен компьютерде басады. Оның басшылығыменен сұлба, кесте сызады, макет, қарапайым қиындықтардың оқу құралдарын дайындайды, ақпаратты машина тасығышқа көшіреді және кері, жеке кітапханаға әдебиеттерді, нормативтік-анықтамалық картотеканы жүйелейді. Мерзімдік басылымдарға шолу жасайды. Көзі көрмейтін маман атына келіп түскен қызметтік поштаны қарайды және оны мазмұнымен таныстырады. Оның нұсқауы бойынша қызметтік және басқа да құжаттамаларды толтырады. Көзі көрмейтін маманмен жүргізілетін оқу процессінде, оның көрсеткен сызбаларын, кестелерін көрсетеді немесе тақтаға сызады, техникалық оқу құралдарын қолданады. Ұйымдарда өткізілетін іс-шараларға көзі көрмейтін маманның қатысуы қажет немесе дұрыс болатыны туралы хабардар етеді, оны бұйрықпен, өкіммен, хабарландырумен таныстырады. Қызметтік іссапарларда алып жүреді. Көзі көрмейтін мамандарға қызмет көрсету және басқа да техникалық қызметтермен қамтамасыз етуді орындайды.


Білуге тиіс: іс жүргізуді жүргізу бойынша ереже, нұсқаулық, басқа да басқару материалдары және нормативтік құжаттар; орфография және тыныс белгілері ережесі; типтік үлгісін қолдана отырып, іскер хаттарды басып жазу ережесі; үн жазбасы, диктофонды пайдалану ережесі; дербес электрондық есептеуіш машинаны және көзі көрмейтін маман қолданатын басқа да электрондық құрылғыларды қолдану ережесі; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білімі және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кем дегенде 3 жыл болуы тиіс.




Басшының хатшысы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұйым басшысының әкімшілік-басқару қызметі жұмысын жүзеге асырады. Басшының қарауына түскен хат-хабарды қабылдайды, қабылданған шешімге сәйкес оны жұмыс барысында пайдалану не жауап дайындау үшін құрылымдық бөлімшеге немесе нақты орындаушыға береді. Іс қағаздарын жүргізеді, компьютерлік техниканы пайдалана отырып, шешімдер дайындау және қабылдау кезінде ақпарат жинауға, өңдеуге және ұсынуға арналған түрлі операцияларды орындайды. Ұйым басшысының қолын қойғызуға құжаттар және түрлі өтініштер қабылдайды. Басшының жұмысына қажетті құжаттар және материалдар дайындайды. Құрылымдық бөлімшелердің және нақты орындаушылардың орындауға түскен құжаттарды уақтылы қарауын және ұсынуын бақылайды, басшыға қол қоюға берілген, дайындалған құжаттар жобаларының дұрыс ресімделуін тексереді, олардың сапалы редакциялануын қамтамасыз етеді. Басшының телефонмен сөйлесулерін ұйымдастырады, ол болмағанда алынған ақпаратты жазып алады және оның мазмұнын оған жеткізеді, қабылдау-сөйлесу қондырғылары (телефакс, телекс және т.б.) бойынша ақпарат, сондай-ақ телефонограммаларды береді және қабылдайды, байланыс арналары бойынша алынған ақпаратты оның назарына уақтылы жеткізеді. Басшының тапсырмасы бойынша хат, өтінімдер, басқа құжаттар жасайды, хат авторларына жауап дайындайды. Басшы өткізетін мәжілістер мен отырыстарды дайындау бойынша жұмысты (қажетті материалдар жинау, жүргізілетін уақыты және орны, күн тәртібі туралы қатысушыларға хабарлау, оларды тіркеу) орындайды, мәжілістер мен отырыстардың хаттамаларын жүргізеді және ресімдейді. Ұйым қызметкерлерінің шығарылған бұйрықтар мен өкімдерді орындауын, сондай-ақ ұйым басшысының бақылауға алынған нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Бақылау-тіркеу картотекасын жүргізеді. Басшының жұмыс орнын ұйымдастырушылық техника құралдарымен, кеңселік керек-жарақтармен қамтамасыз етеді, оның тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін жағдайлар жасайды. Басшының нұсқауы бойынша оның жұмысына қажетті қызметтік материалдарды басады немесе ағымдағы ақпаратты деректер банкіне енгізеді. Қарым-қатынас әдебін сақтай отырып, келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға көмектеседі. Істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағат тапсырады. Құжаттарды дербес ксерокстан көшіріп алады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұйым қызметіне қатысты әдістемелік және басқа да материалдар және іс қағаздарын жүргізу; ұйымның және оның бөлімшелерінің құрылымы және басқарушы құрамы; іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру; құжаттарды ресімдеу және өңдеу әдістері; мұрағат ісі; машина жазуы; қабылдау-сөйлесу қондырғыларын пайдалану ережесі; ұйымдастырушылық-басқару құжаттамасының бірегейлендірілген жүйесінің стандарттары; үлгі нысандарын пайдалана отырып, іс хаттарын басу ережесі; этика және эстетика негіздері; іскерлік қарым-қатынас ережесі; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; есептеу техникасын пайдалану ережесі; әкімшілік құқық негіздері және Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кем дегенде 2 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет