Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Жоспарлау-экономикалық бөлімінің меңгерушісі (бастығы)



бет109/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126

Жоспарлау-экономикалық бөлімінің меңгерушісі (бастығы)



Лауазымдық міндеттері. Материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын неғұрлым мақсатқа сай қолдануды, ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибелік (эксперименттік) жұмыстарды орындаудың мерзімі мен бағасын қысқарту, олардың нәтижелерін практикалық қолдануды жеделдетуді қамтамасыз ету мақсатында ұйымның ғылыми-техникалық және өндірістік қызметін жоспарлау мен үйлестіру жөніндегі жұмыстарға басшылық етуді жүзеге асырады. Ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыттарына, өндіріс мұқтажына қарай ұйымның ғылыми және ғылыми-техникалық перспективалық және жылдық жобаларын әзірлеуді басқарады. Күрделі, кешенді ғылыми-техникалық мәселелерді шешу бойынша үйлестіру жобаларын дайындауға қатысады. Жоспарланған жұмыстарды орындауға шығын сметасын және бекітілген жоспарлар мен қажетті техникалық-экономикалық көрсеткіштерді бөлімшелерге уақтылы жеткізудің шығыс сметасын жасауды қамтамасыз етеді. Тиісті бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп шарттар дайындап, тапсырыс берушілермен, қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарт жасасуды ұйымдастырады. Шарт міндеттемелерін, кіріс пен шығыс сметаларының орындалуларын бақылауды жүзеге асырады. Жұмыстарды қабылдауды және олардың дайындық актілерінің ресімделуін, бөлімшелер, сонымен қатар зерттеулер немесе әзірлемелердің проблемалары, тақырыптары (тапсырмалары) бойынша жоспарланған жұмыстардың орындалуларын есепке алуды, бөлімшелер жұмыстарының және олардың қызметі нәтижелерін талдаудың негізгі көрсеткіштерін жүйелеуді ұйымдастырады. Ұйымның негізгі мәселелерін қарауға, жұмыстар жоспарларын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруға, ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігін арттыруға қатысады. Құрылымдық бөлімшелердің қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау мәселелері бойынша және зерттеулер мен әзірлемелердің мерзімі мен құнын қысқартудың резервтерін анықтау мен қолдануда, басқарудың әртүрлі тәсілдерін енгізу, ұтымды жоспарлық және есеп құжаттамаларына, сонымен қатар жоспарлау саласындағы техникалық құралдарды жоспарлау, есепке алу және экономикалық талдауға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Белгіленген мерзімде бекітілген есептілікті құруды қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: зерттеу, жобалық және тәжірибелік (эксперименттік) жұмыстарды жоспарлау жөніндегі басшылық және нормативтік материалдар; ұйым қызметінің перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу тәртібі; басқару тәсілі; жұмыстардың орындалуына шығындар сметасы, шығыстар сметасын құру тәртібі; шарттарды, тапсырыстарды, жұмыстарды өткізу мен қабылдау актілерін ресімдеу тәртібі; жұмыстардың сметалық құнын анықтау жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар және басқа да нормативтік материалдар; ғылыми зерттеулердің, әзірлеулердің, өнертабыстардың, жаңа техника мен технологияны енгізудің экономиялық тиімділіктерін анықтау тәсілі; жұмысты орындауды есепке алу мен ұйым қызметін талдау әдістерін ұйымдастыру; қолданыстағы еңбекақы төлеу мен материалдық ынталандыру жүйесі; есептеуіш жұмыстарды механизациялау құралдары; тәжірибелік (эксперименттік) өндіріс технологиясының негізі; экономика, еңбекті ұйымдастыру мен тәжірибелі (эксперименттік) өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша стаж, оның ішінде басшылық жұмыстардағы жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Кадрлар бөлімінің меңгерушісі (бастығы)



Лауазымдық міндеттері. Басшылар, мамандар, техникалық орындаушылар мен жұмыстың тақырыптық бағыттары мен ұйымның құрылымына сәйкес талап етілетін мамандықтар мен біліктіліктегі жұмысшы кадрларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды басқарады. Жалдау, ауыстыру, жұмыстан босату, оларды қолданудың дұрыстығы мәселелері бойынша жұмысшыларды қабылдайды. Еңбек туралы заңнамаға, сондай-ақ кадрлар жұмысына қатысты ережелерге, нұсқаулықтарға, және басқа да басшылыққа алатын материалдарға сәйкес жұмысшыларды қабылдау, ауыстыру мен жұмыстан босатуды уақытында ресімдеуді қамтамасыз етеді. Жеке құрамның есебін, кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізу мен сақтау, жұмысшының қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беруді, сонымен қатар жұмысшыларды марапаттауларға ұсыну, көтермелер мен еңбек тәртібін бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға материалдар дайындауды ұйымдастырады. Қызметкерлер мен олардың отбасына зейнеткерлікті тағайындау үшін құжаттарын ресімдеуді жүзеге асырады және халықты әлеуметтік қорғау органдарына қажетті құжаттарды ұсынады. Басшылық бос орынға ауыстыру, жылжыту резервін құру үшін мамандарды орналастыру мен қолдануды, сонымен қатар жұмысшылардың іскери қабілеттерін жүйелі түрде зерттейді. Жас мамандардың тағылымдамаларын, аттестациялық, конкурстық және біліктілік комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады және олардың шешімдеріне қарай қажетті материалдарды ресімдеуді жүзеге асырады. Ғылыми-зерттеу институттарымен, жобалық институттармен және жоғары оқу орындарымен ғылыми кадрларды дайындау мен ғылыми және өндірістік біліктілікті арттыру үшін байланысты жүзеге асырады. Бөлімше басшыларының кадрларға қатысты мәселелер бойынша қабылданған шешімдерді орындауларын бақылайды. Кадрлардың қозғалысына, тұрақсыздығы себептеріне талдау жасайды және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Ұйым қызметкерлерінің еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылауды ұйымдастырады. Демалыстар кестесін құруды, сонымен қатар кадрлармен жұмыс жөніндегі белгіленген есептілікті құруды қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, ережелер, нұсқаулықтар және жоғары тұрған органдардың кадрлар жұмысына, жеке құрамды есепке алу мен құжаттарды кадр бөлімдерінде сақтауға қатысты материалдары; қызметкерлерге аттестация жүргізу, лауазымға жаңа мерзімге қабылдау мен бос лауазымдарды ауыстыру туралы ереже; аттестациялық, конкурстық және біліктілік комиссиясы жұмысының нәтижелері жөніндегі материалдарды ресімдеудің тәртібі; қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды ресімдеудің, олардың еңбек кітапшаларын және жеке істері мен басқа да құжаттарын жүргізу мен сақтаудың, сонымен қатар кадрлар қозғалысының есебі мен еңбек тәртібінің жай-күйі туралы есептілікті құру тәртібі; еңбек психологиясы мен социологиясының негіздері; экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру мен тәжірибелі (эксперименттік) өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалары; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басшылық лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет