Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Персонал бойынша менеджер (HR-менеджер)



бет24/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126

Персонал бойынша менеджер (HR-менеджер)



Лауазымдық міндеттері. Қызметкерлерді тиімді пайдалану және кәсіби жетілдіру үшін ұйымды дамытудың жалпы мақсаттарына және кадр саясатының нақты бағыттарына сәйкес қызметкерлермен жұмысты ұйымдастырады. Ұйымды қажетті кәсібі, мамандығы мен біліктілігі бар жұмысшылармен қамтамасыз етеді. Персонал қажеттілігін анықтайды, қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің негізін анықтау мақсатымен еңбек нарығын зерттейді. Кадр іріктеуді жүзеге асырады, сонымен қатар қызметкерлер штатын жинақтау мақсатымен жұмысқа қабылданатындармен, оқу орындарының бітірушілермен әңгімелесу жүргізеді. Персонал оқытуды ұйымдастырады, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және олардың іскерлік мансабын дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Бейімделу, команда құру (тимбилдинг), тұлғалық өсу бағдарламаларын жүргізеді. Барлық қызметкерлерге кадр мәселелері және маңызды кадр шешімдері бойынша ақпараттарды жеткізеді. Қызметкерлердің еңбек қызметінің нәтижесін бағалау, аттестациялау, бос лауазымдық орындарға конкурстар жүргізуді ұйымдастырады. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп жұмысшыларды жалдау, ауыстыру, қызмет бойынша ілгерілету, лауазымынан түсіру, әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ жұмыстан шығару мәселелері бойынша шешімдерге қатысады. Қызметкерлердің жеке өзінің және іскерлік қасиеттерін бағалау жүйесін әзірлейді, олардың лауазымдық өсуін ынталандырады. Әр түрлі деңгейдегі басшыларға персонал басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша консультация береді. Ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауға, еңбек даулары мен таласты шешуге қатысады. Жеке еңбек шарттары мен келісімшарттарды жасайды және ресімдейді, қызметкерлердің жеке істерін және басқа да кадрлық құжаттаманы жүргізеді. Бағынысты қызметкерлерге басшылықты жүзеге асырады.

Білуге тиіс: ұйымның персоналды басқару жөніндегі қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес жүргізу негіздері; жұмыс күшінің және білім беру қызметтері нарығының конъюктурасы; стратегиялық жоспарлау, салық заңнамасының негіздері; экономика және маркетинг негіздері; персоналды басқарудың қазіргі заманғы тұжырымдамасы; еңбек ынталылығының негіздемесі және персоналды бағалау жүйесі; кадрдың біліктілігін арттыру және оқытудың әдістері мен формалары; ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып кәсіптер мен лауазымдарды іздеу технологиясы; жеке еңбек шарттарын (келісімшарттар) жасау тәртібі; менеджментті ұйымдастыру және оның әдістері; өндіріс технологияларының негізі және ұйымдарды дамыту перспективасы, басқару құрылымы және ұйымның кадрлық құрамы; жеке деректер базасын жасау әдістері; тестілеу және әңгімелесуді өткізу әдістемесі; жалпы және әлеуметтік психологияның және еңбек социологиясының негіздері; өндірістік педагогика негіздері; іскерлік қатынас этикасы; персоналды басқару саласындағы отандық және шетелдік үздік тәжірибе; іс жүргізуді ұйымдастырудың негіздері; қазіргі заманғы техникалық құралдарды, коммуникация және байланысты, есептеу техникаларын қолдана отырып, ақпаратты өңдеу әдістері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және HR саласында қосымша дайындық, мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.


Персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер)

Лауазымдық міндеттері. Персоналдың жалдау процессін және жүйесін енгізеді және дамытады. Персоналды белсенді іздеуді жүзеге асырады. Кандидаттарға қойылатын талаптарды тұжырымдайды, қажетті жұмысшының және бос позицияның сипаттамасын жасайды; бос орын сараптамасын жүргізеді. Сауалнамаларды жасау және толтыру мәселелері бойынша консультация береді. Қажет кандидаттарды жеке ақпараттық қорлар және байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет құралдары арқылы, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық дереккөздерде жарнамалар беру көмегімен іздейді. Нақты кәсіпке немесе лауазымға қатысты талаптармен байланысты сұрақ қою және оған жауап алу арқылы кандидаттармен әңгімелесуді ұйымдастырады және жүргізеді. Кандидаттарға түйіндеме жасауға белсенді көмек көрсетеді. Кандидаттардың іскерлік және психологиялық қасиеттерін бағалайды, оларға психологиялық және кәсіби тестілеу ұйымдастырады. Кандидаттарды: кәсіпорындардағы еңбек шарттары, режимі, сипаты, біліктілік және психологиялық талаптары, қызметкерлерге ұсынылған жеңілдіктер, материалдық және моральдық көтермелеу бағдарламалары туралы хабардар етеді. Талдау материалдарын құрастырады: құзыреттер бойынша құрылымдық бағалау қорытындысы; кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау, кандидаттың қажетті талаптар бойынша лауазымға сәйкестік дәрежесі. Кандидаттардың, бос орындардың, кәсіпорындардың және еңбек нарығы бойынша (ақпараттарды алу, жүргізу, өңдеу, талдау, сыныптау, бағалау, салыстыру және сақтау) басқа да ақпараттық дерекқорларды құруды қамтамасыз етеді, дерекқорлардан ақпаратты пайдалану және алуды үйлестіреді.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, адам ресурстарын басқару, әлеуметтік қамсыздандыру және қызметкерлерді сақтандыру мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтың актілер; кадрлар бойынша құжаттаманы жасау және ресімдеу бойынша нұсқаулық және әдістемелік материалдар; психология, социология, риторика, логика негіздері; іскерлік қарым-қатынастың этикасы мен мәдениеті; әңгімелесушіні сендірудің әдіс-тәсілдері, кандидаттарды ынталандыру негіздері; еңбек социологиясының негіздері; сұхбаттасудың заманауи техникасы; экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; еңбек нарығының мониторингісі және талдау әдістері; еңбек нарығының ақпараттық дерекқорлары; ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мамандықты және лауазымды іздеу технологиясы; ұйымдағы жұмыс жағдайының ерекшелігі; жеке дерекқорларды құруға қойылған талаптар; рекрутердің кәсіптік-этикалық кодексі; әңгімелесуді, тестілеуді өткізу әдістері; ұйымдастырушылық-басқару және кадрлық міндеттерді шешу жолдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.





Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет