Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Бухгалтерлiк есеп және шаруашылық жұмысты талдау экономисі



бет86/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   126

Бухгалтерлiк есеп және шаруашылық жұмысты талдау экономисі



Лауазымдық міндеттері. Шаруашылық жұмыстың, бухгалтерлiк есептiң жүзеге асырылуын, талдауды және бақылау жұмысын орындайды. Түсетiн қаржылар, тауарлық-материалдық құндылықтар, негiзгi құралдардың есепке алынуы және олардың қозғалысымен сабақтас операциялардың тиiстi бухгалтерлiк есептерiн, сонымен бiрге өндiрiс және үндеу, шығындар сметаларының орындалуын, (жұмыс жасау және қызметтер) өнiмдердi сату шығындарының есебi, шаруашылық - қаржы қызметiнiң нәтижелерiне дер кезiнде көрініс табуын жүзеге асырады. Даяр өнiмнiң (атқарылатын жұмыстар, қызметтер) есеп беру өзiндiк құнын есептеу калькуляциясын құрайды. Шаруашылық резервтер iшiнде, өнiмнiң өзiндiк құнын төмендету, және өнiмсiз шығындардың алдын алу мақсатында еңбек және қаржы қорларының тиiмдi және үнемді қолданылуын қадағалайды. Бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiнiң негiзi және есеп берулерге ұйымның шаруашылық - қаржы қызметi және оның бөлiмшелерiне кешендi талдау жүргiзедi, құралдардың жұмсауындағы кемшiлiктердiң жою туралы ұсынысы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыруды, үнемдеу тәртiбiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуына дайындайды. Қаржы тәртібінің сақталуына, салықтардың дер кезiнде төлеуге және де өзге міндетті төлемдерге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Өнiм өндiруге арналған қаражат кірісі мен шығысы туралы, бюджет қаражатын, кірісті пайдалану туралы шұғыл жинақтамалы есептерді және баланс жасау үшін деректер әзірлейді. Регламенттелмеген есептер мен есеп операцияларын дұрыс жүзеге асырылуын бақылаумен байланысты қажетті жұмысты орындайды. Үлгілік нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларды ресімдеуде қолданылатын есептердің жұмыс жоспарын, алғашқы құжаттар нысандарын даярлау, ішкі бухгалтерлік есеп құжаттары нысандарын әзірлеу, есеп жүргізудің негізгі жолдары мен әдістерінің мазмұнын айқындау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын жүргізу әдістері туралы жұмысқа қатысады. Басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторлар мен басқа да бухгалтерлік есептілік пайдаланушыларын ұйым қызметі, оның мүлкі, міндетті және шаруашылық операциялары, кіріс және шығыс туралы шынайы бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз етеді. Белгіленген мерзімде ұйымның шаруашылық-қаржылық қызмет туралы бухгалтерлік есебін жасайды. Ұйым қызметінің шаруашылық операциялары мен қаржылық нәтижелері туралы деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жұмыстарын орындайды. Деректерді өңдеген кезде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді. Экономикалық есептерді не есептеу техникасы көмегімен шешілетін олардың жекелеген кезеңдерін қалыптастыруға қатысады, бухгалтерлік ақпаратты өңдеудің негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін даяр жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар пакетін жасау мүмкіндігін айқындайды. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың озық тәжірибелерін зерттейді.

Білуге тиіс: бухгалтерлiк есеп және шаруашылық жұмысьы талдауды ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актілері, әдiстемелiк тағы басқа материалдар; бухгалтерлiк есеп формалары және әдiстері; негiзгi құралдардың, тауарлық-заттық құндылықтар және ақшалай қаражаттың қозғалысына қатысты операциялардың бухгалтерлiк есебiн ресiмдеу және көрсету тәртібі; даяр өнімді, өндіріс шығынын, өнім құнын калькуляциялауды іске асыру тәртібі, ұйым және оның бөлімшелерінің шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістері; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының пайдаланылуын бақылауды жүзге асыру тәртібі, салық заңнамасы; өндіріс, еңбек және басқару экономикасын, ұйымдастыруды; шаруашылықты жүргізу әдістері; бухгалтерлік есепті және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға арналған есептеу техникасын қолдану мүмкіндіктері, оны пайдалану ережесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

I санаттағы бухгалтерлiк есепті және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау экономисі лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек.

IІ санаттағы бухгалтерлiк есепті және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау экономисі лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек.

Бухгалтерлiк есепті және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы, жұмыс стажы талап етілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Келiсiм және талап қою жұмысы жөніндегі экономист
Лауазымдық міндеттері. Ұйым тапсырыс берушілері мен мердігерлерімен келісімшарт даярлауды, объектілердің құрылысы сметалық құжаттамасын тексеруді, құнын есептеу, орындалған жұмыстардың есебін және тапсыру актілерін ресімдеуді жүзеге асырады. Титулдық тізімдерді қарауға қатысады және мердігерлік келісімшарттарды даярлау жұмыстарын орындайды. Тапсырыс берушілерден түсетін сметалық құжаттаманы тексеруді және оның сапасы туралы қорытындысын даярлауды жүзеге асырады. Мердігер ұйым өкілдерімен бірлесіп жобалау ұйымдарымен және смета тапсырыс берушісімен материалдардың құнын калькуляциялау, көлік тәсімдері туралы келіседі. Орындалған жұмыстардың құнын есептейді және қажетті шығындарды есептеуді жүзеге асырады. Орындалған және тапсырыс берушімен төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізеді. Орындалған жұмыстарды бақылау өлшеуіне, құрылыс материалдары мен құрылымдарының есептік бағаларын әзірлеуге, көлік, коммуналдық және басқа да қызмет көрсетуге қатысу. Бірыңғай бағалармен және шығыс нормаларымен көзделмеген шығындар бойынша шығыс сметасын жасайды, оларды қажетіне қарай тапсырыс берушімен келіседі. Барынша тиімді қызмет нарығын зерттеу және жағдайын талдау және таңдау жұмысына қатысады, объектілерді құруға мердігер ұйымдармен келісімшарт жасау бойынша ұсыныстар енгізеді. Жаңа техника және технологияларды, еңбекті ұйымдастыру, оңтайлы ұсыныстар мен зерттеулерді енгізудің экономикалық тиімділігін есептеуді орындайды. Арбитражда шағымдарды қарауға қажетті құжаттаманы даярлауға қатысады. Жұмыс, материалдар және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге құнын айқындайды. Күрделі құрылыс жөніндегі деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жұмыстарын орындайды, деректерді өңдеуде қолданылатын анықтамалық және нормативтік анықтамаға өзгерістер енгізеді. Есептеу техникасы арқылы шешілетін міндеттерді экономикалық тұжырымдауға қатысады, ақпарат өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін құруға мүмкіндік беретін даяр жобаларды, алгоритмдер мен қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдалану мүмкіндігін айқындайды. Мердігер ұйымдармен даулы мәселелерді қарастыру үшін материалдар даярлайды.

Білуге тиіс: күрделi құрылыс бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актілерi, әдiстемелiк материалдар; жобалау-сметалық құжаттаманы өңдеуді ұйымдастыру, оны келiсу және бекiту тәртібі; күрделі құрылыстың перспективалық және жылдық жоспарын әзірлеу тәртібі; құрылыс технологиясының негіздері; мердігерлік келісімшарттарын жасау ережесі; смета әзірлеу және келісу тәртібі; құрылысты қаржыландыру ережесі; құрылыста баға қалыптастыру мәселелері жөніндегі нормативтік құжаттар; жоспарлық-есеп құжаттамасы; шұғыл және статистикалық есеп пен есептілікті ұйымдастыру; өндіріс экономикасы, өнімділігі, еңбек және басқаруды ұйымдастыру; құрылыс-монтаждау жұмыстарын есептеу және есебін жүзеге асыруға арналған есептеу техникасын пайдалану мүмкіндіктері; оны пайдалану ережесі; шаруашылықты жүргізу әдістері, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

I санаттағы келiсiм және талап жұмысы жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және келiсiм және талап жұмысы жөніндегі II санаттағы экономист лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

II санаттағы келiсiм және талап жұмысы жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және келiсiм және талап жұмысы жөніндегі санатсыз экономист лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Келiсiм және талап жұмысы жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және I санаттағы техник лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Материалдық - техникалық жабдықтау жөніндегі экономист

(экономист - логистик)


Лауазымдық міндеттері. Ұйымды оның өндірістік қызметіне барлық қажетті материалдық ресурстармен (шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен, отынмен, жинақтау бұйымдарымен, құралдармен, қосалқы бөлшектермен, арнайы киіммен, шаруашылық керек-жарақпен және т.б) қамтамасыз ету жұмысын және оларды оңтайлы пайдалануды жүзеге асырады. Ұйымның перспективалық және жылдық материалдық-техникалық қамсыздандыру жобаларын әзірлейді, есептерді және олардың негіздемесін дайындайды. Ұйымның және оның бөлімшелерінің материалдық ресурстарға сұранысын айқындайды, материалдық-техникалық қамсыздандыру балансын, шикізат, материалдардың түрлері бойынша жинақтау кестелерін жасайды және өндіріс талаптарына сәйкес оларды жеткізіп берудің күнтізбелік мерзімдерін белгілейді. Қажетті негіздемелер мен есептерімен материалдық ресурстарға өтінім жасайды. Материалдық ресурстарды (материалдық ресурстарды үнемдеу, оларды сатып алумен байланысты шығынды төмендету, жергілікті ресурстарды пайдалану, өндіріс қалдықтары мен қайталама шикізат) пайдаланудың тиімділігін арттыру іс-шараларын, материалдар мен өндірістік запастарды, шығарылатын өнім стандарттары мен техникалық шарттарын, экономия режимінің сақталуын әзірлеуге және енгізуге қатысады. Жеткізіп берушілермен шаруашылық байланыстарды қалыптастыру және кеңейту, пайдалы, жаңа тауар нарықтарын игеру, нарық конъюктурасын, оларды сатып алу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында бұйым түрлерін, нарыққа жаңа тауарлар мен белгілі бір түрлерінің түсуін қадағалау жұмысына қатысады. Жеткізіп берушілермен шарттардың жобаларын, келісімшарт міндеттемелері бұзылғанда жеткізіп берушілермен шағымдар бойынша материалдардың жобаларын даярлайды, жасалған келісімшарттардың өзгеруін жеткізіп берушілермен келіседі. Жеткізіп берушілердің келісімшарт міндеттемелерін орындауын, түсетін материалдардың және де басқа материалдық ресурстар түрлерінің саны мен сапасын, оларды кешенді пайдалануды, жеткізіп берушілердің акцепт есебін және де басқа есеп құжаттарын дұрыс ұсынуын және төлеуге осы құжаттардың уақытылы жіберілуін қадағалауды жүзеге асырады. Шығарылатын өнімнің бағасын қалыптастыруға және жеткізіп берушілердің бағаларының негізділігін бағалауға қатысады. Материалдық ресурстардың қозғалысын шұғыл есептеуді жүргізеді, қолданылмаған өндірістік запастардың болуын қамтамасыз етеді. Ресурс жинақтау, шикізат, материалдар, жабдықтар, отын, энергия қалдықтарын іске асыру жұмысына қатысады, қоймалардағы тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау ережесінің және қайтарылған ыдыстарды жүктеу мерзімінің сақталуын бақылайды. Ұйымды материалдық-техникалық қамсыздандыру жоспарының орындалуы туралы белгіленген есепті жасайды. Материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі өндіріс ішілік және сыртқы ақпарат деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жұмыстарын орындайды, деректерді өңдеуде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа қажетті өзгерістерді енгізеді. Есептеу техникасы арқылы шешілетін экономикалық міндеттерді не олардың жекелеген кезеңдерін қалыптастыруға қатысады, материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі ақпаратты өңдеудің негізделген жүйесін құруға мүмкіндік беретін даяр жобаларды, алгоритмдер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін айқындайды.

Білуге тиіс: материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актілерi; өндiрiс экономикасы; перспективалық және жылдық материалдық-техникалық қамсыздандыру жобалары, шикізат, материалдардың өндірістік запасы нормативтерін әзірлеу әдістері мен тәртібі; материалдарға өтінімдер құрастыру, жеткізіп берушілермен келісімшарт жасасу тәртібі; шикізатқа, материалдарға, шығарылатын өнімге қолданылатын стандарттар, техникалық шарттар; оларды әзірлеу әдістері мен тәртібі, қолданылатын материалдардың көтерме және бөлшек бағасы, номенклатурасы; жабдықтау және қоймалық операциялардың есебін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамсыздандыру жоспарының орындалуы туралы есептілікті құрастыру тәртібі; өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру; өндіріс технологиясының негіздері; жабдықтау операцияларының есептерін жүзеге асыруға арналған есептеу техникасын пайдалану мүмкіндіктері, оны пайдалану ережесі; қойма шаруашылығын ұйымдастыру; шаруашылықты жүргізу әдістері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.

II санаттағы материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) және І санаттағы техник лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл.



Жоспарлау жөніндегі экономист
Лауазымдық міндеттері. Ұйымдағы ұтымды шаруашылық қызметті ұйымдастыруға, нақты жағдай мен нарық мұқтажынан шығар отырып өндірістің даму үйлесімділігін анықтауға, ұйым қызметінің неғұрлым нәтижелілігіне жету мақсатында резервтерді анықтау мен пайдалануға бағытталған экономикалық жоспарлау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Өндірістік-шаруашылық қызметтің келешектегі және жылдық жоспарлары жобаларын құру үшін бастапқы деректерді дайындайды, болжау және маркетингілік деректерді есепке ала кезеңдер бойынша бөле отырып жоспардың жеке бөлімдерін әзірлейді, оларға есеп айырысулар мен дәлелдеулерді орындайды, жоспарлық көрсеткіштерді ұйымның өндірістік бөлімшелеріне жеткізеді. Жоспардың тиісті бөлімдеріне нарық болжамы мен бәсекелестігіне шартталған өзгерістерді енгізеді, сұраныс пен ұсыныстың негізінде өндіріс өнімінің балансын жасауды қамтамасыз етеді. Өнімнің жаңа түрлерін, жаңа техниканы және үдемелі технологияны, өндірістік үдерістерді механизациялау мен автоматтандыруды игерудің техникалық-экономикалық негіздемесіне қатысады. Өнімнің өзіндік құнын, өндірісте тұтынылатын шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның негізгі түрлеріне жоспарлы-есеп айырысу бағаларын анықтау үшін материалдық және еңбек шығындарының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлейді. Тауарлы өнімнің сметалық калькуляциясын құрады, шығарылатын өнімге, нарық шамасын есепке ала отырып жұмыстар (қызметтерге) тарифіне көтерме және бөлшек бағаларды әзірлейді. Күрделі салымдарды тиімді қолдану, өндірілетін өнім мен еңбек өнімділігінің бәсекелестікке қабілетін арттыру, өндірістің шығыны мен өнімді іске асырудың азаюы, өндіріс рентабельділігін арттыру, кірісті ұлғайту, шығынды мен өндірілмейтін шығынды жою, сонымен қатар мекемелер мен бөлімшелерде ішкі шаруашылық есепті енгізу мен жетілдіру, ішкі шаруашылық жоспарлауды ұйымдастыру жөніндегі методикалық материалдарды дайындауда жоспарлық және есеп құжаттарын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Ұйымның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне кешенді экономикалық талдауды жүзеге асырады, өндірістің резервтерін анықтайды және экономия режимін қамтамасыз ету, ұйымның ресурстарын неғұрлым тиімді қолдану, өнімнің қосымша шығарылуы мен өткізілуінің қосымша мүмкіндіктерін анықтау, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды. Бөлімшелерде жүзеге асырылатын жаңа техника мен технологияны енгізудің, еңбек ұйымдастырудың, ұтымды ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділік есеп айырысуларының дұрыстығын бақылайды. Нарық экономикасы жағдайында ұйымы дамытуға маркетингілік зерттеу мен болжамдар жүргізуге қатысады. Ұйым мен оның бөлімшелерінде жоспарлы тапсырмалардың орындалуы барысын есепке алу мен бақылауды жүргізеді. Белгіленген мерзімде кезеңді есептілікті дайындайды. Жоспарлау-экономикалық ақпараттардың деректер қорын жасауды жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды, деректерді өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгеріс енгізеді. Тапсырмаларды немесе олардың есептеуіш техниканың көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерін экономикалық қоюды тұжырымдауға қатысады, жылдық жобаларды, алгоритмдерді және жоспарлы ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама пакеттерін қолдану мүмкіндігін анықтайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, жоспарлау жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар, ұйым қызметін есепке алу және талдау; ұйымдағы жоспарлы жұмысты ұйымдастыру, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметі мен әлеуметтік дамуының келешектегі және жылдық жоспарларын әзірлеудің тәртібі; бизнес жоспарларды әзірлеудің тәртібі; жоспарлы-есепке алу құжаттамасы; тауарлық өнімнің өзіндік құнын анықтау, нормативтік материалдық және еңбек шығындары, көтерме және бөлшек сауда бағаларын әзірлеудің тәртібі; ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметі көрсеткіштерін экономикалық талдаудың тәсілі; жаңа техника мен технология, еңбекті ұйымдастыру, рационалдау ұсыныстары мен өнертабыстарды енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау тәсілі; есептілікті жасаудың тәртібі мен мерзімі; нарықтық экономика жағдайларында ұйымның экономикалық қызметін тиімді ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; өндіріс технологиясының негізі; шаруашылықтандырудың нарықтық тәсілдері; ұйымның техникалық-экономикалық есеп айырысулары мен шаруашылық қызметі, оны пайдалану ережесін талдау үшін есептеуіш техниканы қолданудың мүмкіндігі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы жоспарлау жөніндегі экономист: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы жоспарлау жөніндегі экономист лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

ІІ санаттағы жоспарлау жөніндегі экономист: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз жоспарлау жөніндегі экономист лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

Жоспарлау жөніндегі экономист: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санаттағы жоспарлау жөніндегі техник лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.





Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет