Анықтамалық материалдармен терминдер 2019-2020 оқу жылы Анықтамалық материалдар Биология ғылымының негізгі салалары



бет3/33
Дата12.10.2022
өлшемі118,9 Kb.
#152768
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Биологиядан анык термин

Цитогенетика - жасушалардағы хромосомаларды зерттейтін ғылым.

  • Цитология - жасуша туралы ғылым.

  • Эволюция - Жерде тіршіліктің пайда болуы мен дамуы туралы ғылым.

  • Экология - ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысы туралы ғылым.

  • Эмбриология - ұрықтың дамуы туралы ғылым.

  • Эндокринология - ішкі секреция бездері туралы ғылым.

  • Энтомология - бунақденелілер (насекомдар) туралы ғылым.

  • Этология - жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым.



    ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
    Генетика мен сұрыптаудың негізгі бөлімі


    Аллель - белгінің дамуын анықтайтын гендердің бір немесе бірнеше жұбы.
    Амплификация - ДНҚ-ның немесе геннің санының бірнеше есе өсуі.
    Антигендер - қанда және басқа ұлпаларда антидене түзетін организм үшін бөгде заттар.
    Антибиотиктер - микробтардың өніп-өсуін, оларды жоятын заттар.
    Антидене (антитела) - организмге бөгде протеиндер енгенде түзіліп, оның зиянды әсерін жоятын протеинді заттар.
    Аутбридинг - туыс емес дарақтарды (особьтарды) шағылыстыру.
    Бактериофагтар (фагтар) - бактерияның ішінде дамитын вирустар.
    Вариациялық қатар - белгінің өзгеруіне қарай орналастырылған сан арқылы берілген өрнек.
    Вектор - генді бір клеткадан басқасына тасымалдай алатын плазмадан немесе сақина тәрізді вирус ДНҚ-сынан алынған ДНҚ молекуласы.
    Вирус - клетка иесінің ішінде дамитын нуклеин қышқылы (ДНҚ немесе РНҚ) және протеиннен тұратын инфекциялық организм.
    Гаметалар- жануарлар мен өсімдіктердің гаплоидты жыныс клеткалары. Олар бір-бірімен қосылғанда диплоидты клетка - зигота түзіледі.
    Гемофилия- ерекше протеинді заттың болмауы салдарынан қанның ұюымен сипатталатын, анасы арқылы тұқым қуалайтын еркекке тән ауру.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет