Анықтамалық материалдармен терминдер 2019-2020 оқу жылы Анықтамалық материалдар Биология ғылымының негізгі салалары



бет7/33
Дата12.10.2022
өлшемі118,9 Kb.
#152768
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Биологиядан анык термин

Транскрипция - ДНҚ-матрицадан РНҚ-ның синтезделуі.
Транслокация - геномдағы геннің немесе хромосома бөлігінің бір локустан екіншісіне орын ауыстыруы.
Трансляция - аРНҚ матрицасынан протеиннің синтезделуі (көшіріп аудару).
Трондукция- плазмиданың және фагтардың көмегімен ДНҚ-ны клеткадан клеткаға тасымалдау.
Тетраплоид немесе триплоид - клеткалардағы хромосомалар саны үш, төрт есе өскен организм.
Трансплантация - бір дарақтың клеткасын, ұлпасын, т.б. басқа дараққа тасымалдап салу.
Тритикале (Trіtіcale) - бидай мен қара бидай гибриді. Бұл гибридті аналық форма ретінде бидайды пайдаланып алады.
Фенотип - генотип пен қоршаған ортаның әсерінен қалыптасқан белгілердің жиынтығы.
Фермент - тірі организмдері биохимиялық процестерді жеделдетіп және бағыттап, катализатор қызметін атқаратын протеиндер тобы.
Хромосомалар- клетка ядросында құрылымы жіпше тәрізді орналасқан нуклеопротеиндер. Олар митоз және мейоз кезінде бояу арқылы анықталады. Хромосоманың негізгі компоненті - ДНҚ және ядролық протеин - гистон.
Хроматин- негізінен ДНҚ мен гистоннан (дезоксирибонуклеопротеид комплексі), аздаған бөлігі РНҚ-дан тұрады.
Штамм - бір клеткадан тараған клетка линиясы. Штамдағы барлық клеткалар генетикалық ұқсас (бірдей).
Экспрессия (геннің)- ДНҚ-да кодталған генетикалық ақпараттың транскрипция және аРНҚ трансляциясы арқылы іске асуы.
Аурулар
Айналма –тентек (ценуроз)-қой шаруашылығына зиян келтіретін миқұрты туғызатын ауру.
Акромегалия-гипофиз өсу гормонын көп бөлгенде, адамның саусақтары, аяқтары, мұрны, иегі, қабағы үлкейіп өседі.
Амнезия-естің нашарлауы немесе жойылуы.
Анемия (қаназдық)-қан мөлшерінің, эритроциттер санының, гемоглобиннің азаюы.
Арахноидит-мидың торлы қабықшасының қабынуы.
Артроз (буын шеміршегінің өзгеруі)-буын шеміршегі жылтыр, тегіс күйінен айрылады, бұдырланады, сары су жиналады,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет