«ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН«ДАРЫН» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Биология
Анықтамалық материалдармен терминдер
2019-2020 оқу жылы
Анықтамалық материалдар
Биология ғылымының негізгі салалары
Селекция(сұрыптау) - өсімдіктердің жаңа іріктемелері (сорт) жануарлардың жаңа қолтұқымдары (порода) және микроағзалардың жаңа штаммаларын алу әдістері туралы ғылым.
Акушер - жаңа туған нәрестені қабылдайтын дәрігер.
Альгология-балдырлар туралы ғылым.
Антропология - адамның шығу тегін, дамуын, нәсілдердің пайда болуын зерттейді.
Арахнология - өрмекшітектестерді зерттейтін ғылым.
Батрахология - қосмекенділерді зерттейтін ғылым.
Биогеография - Жер бетінде түрлердің таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Биоритмология - биологиялық ырғақ туралы ғылым.
Биосферология - биосфера туралы ғылым.
Биотехнология - тірі организмдер мен биологиялық процестерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдану.
Бриология - мүктер туралы ғылым.
Валеология - салауатты өмір туралы ғылым.
Гельминтология - паразит құрттар туралы ғылым.
Гематология - қанды және оның құрамын зерттейтін ғылым.
Генетика - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ғылым.
Генетикалық немесе ген инженериясы - генетика мен молекулалық биология негізінде қалыптасқан ғылым, бұрын табиғатта болмаған жаңа генетикалық бағдарламалар жасау.
Герантология - қарт адамдар мен ұзақ өмір сүру туралы ғылым.
Герпетология - бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.