Анафилактикалық шоктың клиникалық ағымы бойынша жіктелуі:
1. Қасқағымды ағымы – жіті басталатын, тез үдейтін АҚ төмендеуі, есінен тану, тыныс жетіспеушілігінің үдеуімен жүреді. Қасқағымды шок ағымының ерекшелігі-шокқа қарсы қарқынды терапияға тұрақты болуы жəне терең коматозды жағдайға дейін тез өршуі. Өмірге маңызды мүшелердің зақымдалуына байланысты алғашқы минутта немесе сағатта өлімге əкеледі.
АШ қасқағымды тəрізді ағымының варианттары басты клиникалық синдромдарға байланысты:
- жіті тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ);
- жіті қан тамыр жетіспеушілігі (ЖҚЖ).